Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет58/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
93 
өзіңде. Сен қайсысын алсаң соған көнемін, бірақ менің 
көңілім мынаған түсіп тұр». Даналықты көріп тұрсыз ба? 
Таңдауды еркекке беріп тұр. 95% жағдайда еркек әйелінің 
ұнатқанын алады. Ол да ақымақ емес қой, сіздің 
таңдауыңыз қате емес екенін, қайсысы бөлмеге көбірек 
жарасатынын көріп тұр. Бірақ бұл жердегі даналық осы, 
еркек ол төсекті өзім таңдадым деп ойлайды. Сіз оған 
таңдауды бергеннен кейін, өзін бастық деп ойлап, 
мәртебесі көтеріліп қалады.
Ер адамды көндіру, алдау өте оңай. Алдау деген жаман 
мақсатпен емес. Дана әйел эмоционалды әйел, бірақ 
эмоциясын керек жерде орнымен қолданады. Айқай 
шығару деген жоқ. Өзіне ұнамаған нәрсені, ренішін 
сабырлы күйде жеткізеді. «Жаным, бұл сөзің/осы әрекетің 
менің көңіліме тиеді. Маған ұнамайды, келесіде жасамай 
ақ қойшы». Дәл осылай ұрыссыз, жыламай, үлкен дауға 
айналдырмай-ақ, екі ауыз сөзбен түсіндіреді. Ал еркек дәл 
сол кезде өзін ақтаса да, сізді кінәласа да, ішінен ойланып 
қалады.
Тағы бір мысал келтірейін. Ер адам әйелінен белгілі 
бір жағдайға байланысты көзқарасын, ойын сұраса, 
ақылды әйел «меннен кеңес сұрап жатыр, қазір мен не 
айтсам дәл солай жасайтын болады» деп ойлап қалады. 
Сөйтіп еркекке кеңесін береді, ал еркек әйелдің кеңесін 
тыңдамай, өз қалауы бойынша жасайды. Екінші рет 
көзқарасын сұрап келсе, ұрсып береді: 
-Мен саған алдында айтқанда, тыңдамадың ғой. Енді 
несіне сұрап отырсың? Мен саған өткен жолы айтқанмын 
басқаша жасасаң дұрыс болады деп. Сен өмірі солай 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
94 
жасайсың, менің дегенімді тыңдаған емессің. Қазір 
осындай жағдайлар өте көп. Ойланбастан бұрын тіліміз 
алдымызға шығып кетеді.
Ер адам ешқашан әйелден кеңес сұрауға келмейді. Тек 
жай ғана сіздің ойыңызды біліп, өзінікімен салыстырғысы 
келеді.
Күйеуіңіздің 
де, 
басқа 
адамның 
да 
сіздің 
айтқаныңызды жасамауға толық хақы бар. Ол үшін адамды 
кінәлауға болмайды, себебі ол оның шешімі.
Дана әйел күйеуі кеңес сұраса былай дейді: «Жаным, 
бұл менің ойым ғана. Ал шешімді өзің қабылда, сен 
көбірек білесің ғой». Өзінің даналығын екі ауыз сөзбен 
ғана көрсетеді. Қандай ақыл-кеңес айтса да мынадай 
сөздермен аяқтайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет