Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет7/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
11 
жертва сезіну, сен бәрін жасап тырысатын сияқтысың, 
бірақ ешкім оны көрмеуі, бағаламауы сияқты кезеңнің
болатынын түсіндім. 
Ең бірінші жасаған амалым- Жаратушыдан пана сұрау, 
Аллаға дұға ету. «Иә, Аллаһым, сынақ болса, жеңілдетші. 
Күйеуіммен арамызға мейірім орнатшы, сен жүректерді 
Басқарушысың! Күйеуімнің жақсы жақтарын көруге, өз 
кемшіліктерімді көруге көмектесші. Қай жерден қателік 
жібердім, енді арамызда махаббат болу үшін не істеуім 
керек, маған бағыт берші, сен бәрін Реттеушісің ғой, Сен 
бәрін Білушісің!» деп дәл осылай күнде жатарда дұға етіп 
жүрдім. Бұл менің ең алғашқы өзгеруге қадамым, әрі қарай 
енді әрекет ете бастадым. 
Өзімнің қателіктерімді ойладым: 
 

Күйеуім мені түсінгенін қалаймын, мен оны 
түсінуге тырысып жүрмін бе? 

Күйеуім мені сыйлағанын қалаймын, ал мен оны 
себепсіз сыйлап жүрмін бе? 

Күйеуім мені қабылдағанын қалаймын, ал мен 
ше? 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
12 
Сыйлау, түсіну, қабылдау... 
 
Маған керегі осы 3 қана амал еді. Оңай сияқты, бірақ 
нәпсің жібермей, шайтан жаман ойлар сала берсе, дәл 
осының өзі ең ауыр, ең азапты амалың болады екен. 
Сыйлайын десең, сыйлатпайтын әрекеттері көп. Түсінейін 
десең, түсіну үшін миыңа кірмейтін қылықтары жетерлік, 
қабылдайын десең, қабылдауға келмейтін мінездері көп. 
Бірақ бұл үш амалды мен тек қана Аллаһ разылығы үшін 
істеп бастағанда, өмірім өзгерді. 
Адам үшін істесең, адамнан жауап күтіледі. Мен 
сыйласам, ол да сыйлау керек деп іштей кері байланысын 
күтесің. Ал Аллаһ разылығы үшін еріңді сол қалпында 
сыйлай бастасаң, еш ренішің болмай, уақыт өте келе оның 
шынымен сыйлауға тұрарлық амалдарын байқай 
бастайсың.
Мен күйеуімді іштей сыйлап бастағанымда, қандай 
амал істесе де түсінуге тырысқанымда және оны өзгертуді 
қойып, сол күйі жақсы көріп, оны қабылдағанымда біздің 
қарым-қатынасымыз жаңа дәрежеге көтерілді. Алғашқы 
тұрмыстық жылы дәрежеміз тең, төмен еді, ал қазір, мен 
де, күйеуім де саналы түрде шешім қабылдап, бір-бірімізді 
тыңдап, бір идиллияға келгендейміз. Бұл ашық әңгімем 
сіздерге пайдалы болды деп ойлаймын. Ешқашан өзгеруге 
кеш емес, сондықтан сіздің өзгеруге қадамыңыз осы 
кітаппен бірге басталып, әрі қарай көп ілім алумен, және 
ілімді өмірде қолданумен жалғасып кетсін деп тілеймін. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет