Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
10
бұзылғалы күйеуімде депрессия басталды. Үйде жүрсе
қабағы ашылмайтын, мен де көңілсіз жүрем. Енді
татуласайын деп бәрі жақсы сияқты болғанда қолым
қышып, телефонын ақтара бастаймын. Содан көңілім
түсіп, қайтадан сол сансараға екеуміз түсіп кететінбіз.
Тұрмысқа
дейін ұрыспайтын, тек жылы сөйлеп, еркелетіп,
маған асығатын күйеуімнен түгі қалмады. Жыласам,
«спекталь қоймашы» деп жасыма мән бермей, ұрысса
қатты дауыспен сөйлейтін адам пайда болды. Үнсіз қалсақ,
жұмсақ сөйлесем, күйеуім соған үйреніп кетеді деп қорқып
басымнан
сөз асырмай, жеңуге тырысатынмын. Мен
онымен жарыса бастағанда ол да ерегісіп, мені басындыра
берді. Ол «Әйелдік қасиетің жоқ, әйел сияқты болсайшы,
әйелдік орныңды біл» дейтін, бұл сөздерді сол уақытта
кемсіту деп қабылдағанмын,
бірақ қазір сол нағыз менің
қателіктеріме бағытталғанын түсініп тұрмын. Біздің
дағдарыс - менің әйелдік рөлден шығуымнан басталған еді.
Бірнеше ай өткен соң, тіпті жарты жыл өтті ғой деймін,
бұлай ұзақ жалғаса берсе отбасымыздан ештеңе қалмайды
деп ойлана бастадым. Менде таңдау болды, ажырасып кету
немесе көну, барлығын қабылдау және өзімді өзгерту.
Осының бірін таңдау үшін маған сезімді емес, миды қосу
керек болды. Егер ажырассам, ата-анамның алдында ұятқа
қаламын, және ертеңгі күні өкініп қаламын деген ой болды.
Ал өзгерсем, мүмкін бәрі жақсы болып кететін шығар,
мүмкін ол да өзгереді деген үмітім болды. Тіпті, ол
өзгермесе де мен қолымнан келгенін жасадым деп
ажырасуға өкінбес едім.
Мен таңдау жасадым! Барлық жұптарда
бет перделері
шешіліп, бір-бірінің минустарын көру, түсінгісі келмеу,
өзіңді идеал санау, басқаның өзгеруін талап ету, өзіңді
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: