Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
127
типтер болса, оларға тікелей сыйлық алу
жолын қолдану
керек. Еркекті романтик қылып, табиғатын өзгертіп қажет
емес. Ер адамды сол күйі қабылдау-бақытты өмір сүрудің
басты принципі. Сондықтан, еркекті «под себя» өзгертпей,
оның типіне қарай әрекет етіңіз.
«Мен оған иіс су алып бер десем, онда ол тосын сый
болмай қалады. Одан не пайда, ол маған ақша берді, мен
оған барып өзім-ақ сатып алмаймын ба, ақша менде ғой»
деп ойлайсыз ба? Өкінішке орай адам басқа адамның ойын
оқи алмайды. Бізде ондай қасиет жоқ. Кейбір адамдар
ондай қасиеті болмаса да,
тырысып көреді, бірақ сіздің
еріңіз тырысатын адамдардан емес шығар. Сол себепті
еріңіз сізге
сыйлық бергенін қаласаңыз, оған міндетті
түрде қалай бар, солай тіке айтуыңыз керек. «Жаным, мен
иіс су алғым келеді», каталогты ашасыз немесе сайтқа
кіріп: «міне,жаным,
мынау бағасы, аты Chanel, скрин
жасап қойдым, саған ватсаптан жібердім.
Осыны менің
туған күніме немесе 8-наурызға сыйлашы. Мен өз-өзіме
ақшаны құртып алғым келмейді,
егер маған сен өзіңнің
қолыңмен сыйласаң, мен күшті сезімде боламын, сен мені
ең бақытты әйел қыласың»,-деп айтыңыз.
Ер адамның ойынша, негізі, гүл солып қалады,
крем, иіссу, оның барлығы сізде бар. «Мен
сыйлық жасасам, онда бір пайдалы нәрсе берейін»
деп ойлайды. Ол ас үй жабдығы, ыдыс-аяқ немесе
телефонға баланс, балаға қарайтын керекті бір құрал-
жабдық, немесе жәй ақша.
Олардың ойына крем, иіссу,
косметика мүлдем кіріп шықпайды. Менің алған нәрсем
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: