Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
202
манерада еркекке жауап қайтарасыз. Дәл солай көшеде
біреумен ұрысып қалсаңыз да,
сізге боқтаса сіз де дәл
солай боқтай аласыз, ал егер сіздің миыңызда ондай сөздер
мүлдем жат, бөтен, алыс болса сізге жүз адам келіп боқтаса
да сіздің жауабыңыз «Алла сақтасын, қандай тәрбиесіз»
деген болар еді. Әйелдің еті тез үйренеді, қазақта «үшінші
күні тозаққа да үйренеді екенсің» деген сөздер бар ғой, дәл
осы ер адамның әйелге деген жағымсыз қатынасына
айтылғандай екен. Әйел адамның тілін еркек шығарады
дегенді көп естимін. Әрине, күнде жаман сөздер естіген
әйелдің құлағына бұл сөздер соншалықты қалыпты болып
кетеді, кейін уақыты келді
деп еркекке дәл солай жауап
қатып бастайтын да болады.
Бір нәрсені ұмытпаңызшы, әйел адам еркектің
қатынасын өзі таңдайды. Әйелде о баста таңдау болды,
күнде осы сөздерді есту немесе естігісі келмеу.
Ал естігісі келмейтін әйел не істейді? Ол жайлы екінші
пунктта айтамын.
Бұл әйелдің боқтағанға,
жаман қатынасқа реакциясы
туралы болды. Еркек сіздің шекараңызды бірінші
танысқан күні де 10 жыл өткеннен кейін де тексереді.
Күнделікті сізбен сөйлескенде де еркек сіздің шекараңыз
қаншалықты оған төмендеуге рұқсат беретінін тексереді.
Егер еркекпен оның сөзімен жауап қайтарсаңыз, онда
еркек “ееее, мынау өзіміз екен ғой, өзімше сыпайы боп
жүрсем” деп ойлайды да, сіздің шекараңыз ол ойлағандай
мықты емес екенғой деп түсініп,
дәл қазір бірінші рет
көрсеткен жаман қатынасын келемі жолы да көрсететін
болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: