Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
204
жыл! Әлі күнге дейін анамның және әкемнің ұрыс кезде
бір-біріне кемсіту сөздер,
боқтық сөздер айтқанын
естімедім. Яғни өзіңе артық сөздер айтуға рұқсат беру
қанша жыл бірге тұрғаныңа мүлдем қатысы жоқ. Анамнан
осы жайлы сұрғанда оның жауабы мені таң қалдырды.
«Мен ойша да сенің әкеңді кемсітпеймін, егер ойша
кемсітсем,
онда оны сыйламай кетер едім, ал өмір бойы
бірге тұратын адамды сыйламасаң не болады?» деді.
Сонымен, өзімнің вариантымды айтайын, дәл қазір өз
адресіме боқтық сөздер, немесе көңілім көтере алмайтын
сөздерді естісем, сол адамға «мен бұндай сөздерді естуге
лайықты емеспін, сені қазір көргім кеп тұрған жоқ» деп
айтып, артық қырылмай, сөзбен ештеңені дәлелдемей жәй
ғана қатынасты уақытша 3 күнге, 1 аптаға үзер едім.
Әрине, боқтады деп ажыраса салмайсың, бірақ ер адамға
міндетті түрде сізге бұл қатынас ұнамайтынын білдіру
керек. Менің
вариантым көзден таса болу, себебі менің
жарыма екі бөлек жүрудің өзі ауыр жаза. Кейбіріңіз үшін
бұл вариантты қабылдау қиын болар, себебі 5 баламды
тастап қайда кетіп қалам дейсіз. Біреуіңіз «мен кетіп
қалсам, күйеуім қуанады ғой» деп те айтарсыз, ал біреуіңіз
«кетіп
қала салсам, күйеуім ұрып тастайды» деуіңіз
мүмкін. Бұл жерде сіздің бірінші қателігіңіз сондай
қатынасқа үйреніп қалғаныңызда, екінші қателігіңіз
«менің барар жерім, айтар сөзім, қорғанатын ешкімім жоқ»
деп ойлауыңызда.
Ер адам әйелдің
шекарасын тексерген соң, әйел
ешқандай жаза қолданбаса, еркек әйелдің өзін қорғай
алмайтынын түсінеді, ешқайда кете алмайтынын түсінеді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: