Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет133/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

 
3.
Ереже:
Еріңізге сенбей жүрсеңіз де, сырттай 
сенімсіздігіңізді білдірмеңіз. «Мен саған сенбеймін» 
деген сөзді мүлдем айтпаңыз. Себебі адамның 
статусы өзгерсе, сол статусқа сай адам өзінің амалын 
жасайды. Яғни еркекке оған сенімсіздігіңізді 
көрсетсеңіз, еріңіз «маған бәрібір сенбейді, сенбесе 
несін дәлелдеймін, не істесем де осы статуста 
қаламыни ғой» деп ойлап, ешқандай ар-ұяты оянбай, 
сізді сыйламай, құрметтемей, тіпті бұрыңғы 
қателіктерін де қайталай алады. Жәй ғана бір сөзіңіз 
үшін. Бұл «табу» сөз, мен сізге бұны айтуға тиым 
саламын. Еріңізге сенбейтініңізді сұрақтармен 
білдіріп қоя аласыз. «неге кеш келдің, неге кеш кеттің, 
қашан, қайда кеттің, вацабыңды аш, инстаңды өшір 
т.б» сөздер арқылы сіз еріңізге сенбейтініңізді 
көрсетесіз. Бұның сорақысы тек еркекке сенбеуде ғана 
емес, дәл осындай допрос сұрақтар еркектің миында 
«мына әйел өзіне қатты сенімсіз екен» деген ойды да 
қалыптастырады.
Сіз еркекке сенбеймін деп, оны тексеремін деп «өзіме 
сенімсізбін, менен тағы кетіп қалса, менен әдемірек 
біреуді тауып алса, менен бас тартса, не істеймін сонда» 
деген қорқыныштарыңызды проекциялайды, сондай 
сигнал жібереді. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
217 
 
4.
Ереже:
Еріңіздің ар-намысын, ұятын оятыңыз. 
«Өткен нәрсе өтті, қазір сен өз ісіңе өзің жауаптысың, 
бастысы мен саған сенемін» деп айтып тұрыңыз. «Сен 
жауапкершілігі бар азаматсың, саған қарап баламыз 
үлгі алады» деп айтыңыз. Сыртқа шығып бар 
жатқанда миыңызда сан-түрлі ойлар болса, еріңізге 
ауызша «абай болшы, қайда жүрсең де мен саған 
толық сенемін» деп айтыңыз. Бұл сөздер ер адамның 
ұятын оятады. Қайда жүрсе де, не істесе де миында 
«маған сеніп жүр ғой, біткен адам емес шығармын, 
сенімін ақтауым керек» деген ойы тұрады. Бұл ойлар 
бірден пайда болмауы мүмкін, себебі сіздің сөздеріңіз 
де жасанды екені білініп қала алады. Яғни сөзбен 
«саған сенем» дейсіз де, бірақ ісіңізбен мүлдем өзгені 
көрсетесіз. Ақтару, тексеру, допрос жасау. Бұдан 
келесі ереже туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет