Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
208
жасап көріңіз. Адамды күнде
көргенде, адаммен бірге
болғанда сіз сырттағы көзқараспен ситуацияға баға бере
алмайсыз. Сізге системадан шығып, сырттан барлық
жағдайды бақылау керек. Ажырасу оңай, кез-келген сәтте
ажыраса
аласыздар, бірақ отбасыны сақтап қалу үшін
ештеңе жасамай ажыраса салсаңыз, өмір бойы осы үшін
өкініп өтесіз. Бірінші бар амалын жасап, кемінде 3 ай араға
пауза қойып, сол 3 ай бойы өзіңізбен жұмыс жасап, қыз бен
жігіттің халіне түсіп, самооценканы көтеріп, кітаптар
оқып, дінге жақындап, бұл сынақты түсініп,
қабылдап,
өзіңіздің
дәрежеңізді
еркектің
алдына
көтеруге
тырысыңыз. Сосын барып, егер нәтиже болмаса, барлығын
жасадым, бірақ амал нешік, ажырасу керек десеңіз, бұл
сіздің саналы шешіміңіз болады. Және ертеңгі күні
«өзгеруге тырысу керек едім» деп өкінбейсіз. Сол үшін,
еріңізді дәл қазір көргіңіз келмей, ажырасуға шақ
қалсаңыз, жәй ғана ұрыспай «мен демалу керекпін» деп 3
ай пауза жасағаныңыз абзал.
Ата-ана қабылдамайды, ұрсады, ақшам жоқ, квартира
жалдауға қорқам деген сөздерді айтпаңыз, тіпті ойламаңыз
да! Алладан ғана көмек сұрап, амал етіп, еріңізден кемінде
3 ай демалуға тырысыңыз. Егер еріңізге «мен
бәрін
білемін» деп айтып қойып, бірақ сол күйі бірге өмір сүріп,
әйелдік міндеттерді жасауды жалғастырсаңыз, еріңіз сізді
бәрін қабылдап, көнді деп ойлайтын болады. Ешқайда кете
алмайды, мені өлердей сүйеді, менсіз ешқайда кетпейді
деп ойлайды. Солай ойлайтын еркек сізді басынып,
білгенін жасауы мүмкін. Сөзімді дұрыс қабылдаңыз, сізге
кетіп қал деп айтудан аулақпын, бірақ ажырасудан бұрын
осы сөздерімді ескерсеңіз деймін. Ер адам өзі сізге бөлек
бола тұрайық десе, қорқып,
өзіңізді жалғыз сезінудің