Некеден кейін әйел бақыты
211
тәуелсіз екеніңізді сезу керек. Ол үшін ер адаммен
ұрысқанда әр сөзіңізді бақылап, контрольда ұстаңыз.
Және істей алмайтын сөзіңізді істеймін деп айтпаңыз.
Еркек «кет» десе, жылап отыра бермеңіз. «кет» деп
тек кете алмайтын адамға ғана айтады, ал сіз ондай
адам болмау керексіз.
3.
Қадам.
Жазаны жасаған соң, ер адам кешірім сұраса,
кемінде 1-2-3 апта күтуге тырысыңыз. «маған уақыт
бер» деп уақыты созыңыз. Сосын ер адам кешірім
сұрағанына өз шартыңызды айтыңыз. Яғни сол
шартты орындаса, кешіремін дегендей. Мысалы,
телефонын парольдан алып тастасын, инстаграмга
ортақ сурет қойсын, немесе сізбен психологқа барсын,
болмаса сізге 101 роза алсын, машинасын сыйласын
және т.б өзіңіз қалаған шартты айтсаңыз болады.
Бастысы, шартты орындағанға дейін кешірдім деп
айтпаңыз және кешірген адамның күнін кешпеңіз.
Жазалау тек изменаға ғана емес, кез-келген атталған
шекарада қолданыла алады. Изменада ажырасуға арыз
беруге дейін барса, ал басқа кездерде сәл жеңіл жаза болуы
мүмкін. Мысалы, дистанция ұстау.
Ер адамды үлкен қателік үшін бір күн жазалау өте-өте
аз. Себебі, басқа қызбен сөйлесу деген ол—сатқындық.
Оны кешіру де, ұмыту да қиын. Ер адамның миына сіздің
оңай кешіре алмайтыныңыз жету керек. Ер адам сіздің
кешіріміңізді алуға тырысу керек. Бір күн, екі күн, үш күн
өте аз. Не үшін бір күн аз болады? Себебі, адамның
рефлексі болады. Сіз егерде ер адамды ұзақ уақыт
жазалайтын болсаңыз, келесі жолы ер адам сол қателікті
істейін деген кезде өте ұзақ ойланады. Ал сіз сатқындықты
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
212
екі-үш күннің ішінде кешіретін болсаңыз, ер адамда ондай
ой мүлдем пайда болмайды. Бірақ біз өте әлсіз қыздармыз.
Егерде біздің күйеуіміз "жаным, алтыным сенен басқа
ешкімім жоқ, ол әйелдер түкке тұрғысыз екен" осындай
өлердегі сөздерін айтса, тізерлеп тұрып кешірім сұраса, біз
тез кешіре саламыз. Бұл қателік ешқашан болмағандай
қарым-қатынасты жалғастырамыз.
Ер
адам тез ұмытады. Сондықтан жақсылап
ойланыңыздар. Жазалау ол тек кешірмеуден тұрмайды. Ол
жазалауда тағы шарттың орындалуы да керек. Шамамен 2-
3 апта күйеуіңізді қинадыңыздар делік. Ол "не істесем
кешіресің?" дейді ғой. Сол кезде сіз оның жағдайынан сәл
жоғары нәрсе сұрау керексіз. Мысалы, пандора браслеті
немесе Түркияға жолдама, фитнеске жазылу, жұмысқа
шығу. Шарт міндетті түрде орындалу керек. Егер оған
сіздің кешіріміңіз маңызды болатын болса, онда ол
шартыңызды орындайды. Келесі жолы тағы қайталайтын
болса, тағы шарт қоясыз. "Тағы бір рет сен осыны
қайталайтын
болсаң,
айтпады
деме,
киімдерімді
жинаймын да кетіп қаламын". Жыламай, истерика
шығармай, осының бәрін түсіндіру керек. Сол кезде ер
адам сізді тыңдайды. Ер адам ол шартты орындамағанша,
араларыңызда бұрынғыдай қарым-қатынас болмауы керек.
Себебі ол: " мен шартты орындамасам да кешірді, шартты
орындамасам да қарым-қатынасымыз жақсы". Осындай
ойдан кейін ол шарт жайлы сізді де ұмыттырып жібереді.
Ал кешірім сұрамаса ше? Ал шартты орындамай, өзінікін
дұрыс деп есептесе ше? Сізге сұрақ, сізді ештеңеге
бағаламайтын, түкке де тұрғызбайтын, басқа қатынды
жоғары етіп қоятын ер адам үшін өзіңіздің нервіңізді не
үшін құртасыз? Қанша жерден махаббат пен ұят болса да,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |