Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет6/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 

кейін мүлдем жұмысынан шығып кетті, ал бос күндері 
басталғанда оны түсінуге, сыйлауға тырыспадым және 
оның шешімін мүлдем қабылдағым келмеді. Кешігіп 
келген адамға даналықпен көңілімді жеткізудің орнына, 
минустарын айтып, тізе бердім. Менде күйеуімнің 
намысына тисем, ол ойланып, ұялып өмірін өзгерте 
бастайды деген ой болды. Бірақ, керісінше, ол түсінгісі 
келмейтін әйелінен қаша бастады. Күнде таңға дейін 
достарына кетіп, азанда келгенде тағы ренжіп «қанша күн 
осылай жүресің?» деп ашық айтатынмын. Бұл біздің 
арамызды мүлдем алшақтатып, сансара сияқты кризистен 
шығу мүмкін емес еді. Күйеуім мендегі реніш, ашу үшін, 
намысына тие бергенім үшін күндіз-түні үйден қашатын, 
қырсығып жұмыстан безетін, ал мен «ол үйде болмады, 
маған көңіл бөлмеді, өтірік айтты» деп тағы тиісетінмін.
Ерім үйде көп уақыт болуы үшін, жұмысқа ынтасы 
болу үшін не істеу керек, маған көңіл бөлгісі келу үшін не 
істеу керек деген сұрақтар мені мүлдем мазаламайтын. 
Менің бар ойым күйеуімді кінәлау еді. Оның маскасы 
шешіліп, бұл өмір әділетсіз сияқты болып, күйеуім 
шынымен кінәлі көрінді, себебі, ол үйлі еркек, тек қана 
отбасын ойлау керек деп ойладым.
Оны аңдыған сайын менің күмәнімді ақтайтын. «Мені 
тексеретініңді білемін, әдейі саған осыны істеймін, 
қоймаймын» деген еді. Күнде құрбыма хабарласып, 
күйеуімнің жат қылықтарын тізіп айтып беретінмін, ал 
құрбым күнде ажырасу жайлы ойларды миыма құя беретін. 
Содан кейін «отбасыны қалай сақтасам екен?» деп емес, 
«қалай ғана осындай адаммен бірге тұрып жатырмын?» 
деген ойлар көбейе бастады. Үйдің атмосферасы 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
10 
бұзылғалы күйеуімде депрессия басталды. Үйде жүрсе 
қабағы ашылмайтын, мен де көңілсіз жүрем. Енді 
татуласайын деп бәрі жақсы сияқты болғанда қолым 
қышып, телефонын ақтара бастаймын. Содан көңілім 
түсіп, қайтадан сол сансараға екеуміз түсіп кететінбіз. 
Тұрмысқа дейін ұрыспайтын, тек жылы сөйлеп, еркелетіп, 
маған асығатын күйеуімнен түгі қалмады. Жыласам, 
«спекталь қоймашы» деп жасыма мән бермей, ұрысса 
қатты дауыспен сөйлейтін адам пайда болды. Үнсіз қалсақ, 
жұмсақ сөйлесем, күйеуім соған үйреніп кетеді деп қорқып 
басымнан сөз асырмай, жеңуге тырысатынмын. Мен 
онымен жарыса бастағанда ол да ерегісіп, мені басындыра 
берді. Ол «Әйелдік қасиетің жоқ, әйел сияқты болсайшы, 
әйелдік орныңды біл» дейтін, бұл сөздерді сол уақытта 
кемсіту деп қабылдағанмын, бірақ қазір сол нағыз менің 
қателіктеріме бағытталғанын түсініп тұрмын. Біздің 
дағдарыс - менің әйелдік рөлден шығуымнан басталған еді. 
Бірнеше ай өткен соң, тіпті жарты жыл өтті ғой деймін, 
бұлай ұзақ жалғаса берсе отбасымыздан ештеңе қалмайды 
деп ойлана бастадым. Менде таңдау болды, ажырасып кету 
немесе көну, барлығын қабылдау және өзімді өзгерту. 
Осының бірін таңдау үшін маған сезімді емес, миды қосу 
керек болды. Егер ажырассам, ата-анамның алдында ұятқа 
қаламын, және ертеңгі күні өкініп қаламын деген ой болды. 
Ал өзгерсем, мүмкін бәрі жақсы болып кететін шығар, 
мүмкін ол да өзгереді деген үмітім болды. Тіпті, ол 
өзгермесе де мен қолымнан келгенін жасадым деп 
ажырасуға өкінбес едім. 
Мен таңдау жасадым! Барлық жұптарда бет перделері 
шешіліп, бір-бірінің минустарын көру, түсінгісі келмеу, 
өзіңді идеал санау, басқаның өзгеруін талап ету, өзіңді 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет