Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
103
айта аласыз. Немесе, үйге қымбат ыдыс алғыңыз келсе,
бұл тек қана сіздің қажеттілігіңіз, еркек үшін
бәрібір
қандай ыдыспен тамақ ішсе де, ер адамды ыдыс алуға
ақша бермейді деп кіналауға болмайды, себебі ол тек
сіздің қалауыңыз, тек сіздің қажеттілігіңіз. Өз
қажеттілігіңізді өтеу үшін, өз жағдайыңызды жаай
алуыңыз керек.
Яғни ақша тауып бастап, өзіңіздің
қалауларыңызды өзіңіз орындай бастайсыз. Еріңізден
күтіп, ал ол ештеңе істемесе, еріңізді жек көре
бастайсыз. Меніңше, ер адамды жек көріп жүргенше,
өзіңіздің өміріңізге өзіңіз жауапты болып, ал еркекпен
ақшаны жәй ғана байланыстырмау керек.
Яғни ер
адамды ақша үшін сөкпей, ризықты тек Алладан сұрау
керек.
Менің табысым жеңіл, және жақсы болғандықтан,
іштей
ойландым.
Кімнен
қызғанамын?
Неге
қызғанамын? «Бұл ақшаны Аллаһ әдейі жеңіл жолмен
жіберіп жатқан шығар, мен ақшаны қызғанып жүріп өз
ризығымды өзім көбейте алмай жүрген шығармын» деп
ойландым. Ақша жәй ғана қағаз ғой, ол қағазды
компьютер
арқылы шығарады, қағазды сурет қып сала
салады, ал адам оны соншалықты құнды көріп, тіпті
күйеумен арасын сол үшін бұзады, сол үшін ажырасады.
Мені бұл шошытты. Күйеумен қарым-қатынасым мен
үшін ақшадан жүз есе маңызды. «Бүгіннен бастап маған
Алладан келген ризық, табыс- күйеуіммен ортақ болады,
мен ақшамды көршіден, көшеден, туыстан,
сұраған
жаннан, күйеуден, ешкімнен қызғанбаймын» ,«Және бұл
ұстанымым дұрыс болса, табысым күннен күнге өсетін
болады» деп өзіме айттым. Ол күннен бастап күніге осы
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: