Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет64/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
102 
қатынасымыз қатты жақсарғанын нақты білемін. Сіздерге 
тек бірнеше сұрақ қойғым келеді. 
Ақша маңызды ма, күйеумен жақсы қарым-қатынас 
маңызды ма? 
Ақша сіз үшін не нәрсе? 
Ақша ұрысуға тұрарлық дүние ме? 
Міне, осы сұрақтар мені кезінде ойландырды. Аллаһ 
Тағала отбасыға ризықты әйелден де, еркектен де бере 
алады. Сіздің табысыңыз 5 есе көп бола алады. Сіз ол 
ақшаны ойнап жүріп таба аласыз. Аллаһ сіздің 
отбасыңызға сіз арқылы 5 есе көп ризық беріп тұр. Ал 
сіз ол ризықты күйеуден қызғанасыз. Ол ақша отбасыға 
жұмсалмаса, басқа қайда жұмсала алады? Ақша 
соншалықты қымбат дүние ме, оны тығып, жасырып, тек 
өзіңіз ғана рахатын көретіндей? Ақша деген не үшін 
жаратылды? Қажеттілікті өтеу үшін ғана. Сіздің әдемі 
киім киім, әдемі тамақ жеп, әдемі үйде тұру деген 
қажеттілігіңіз бар ма? Сол ақша осы қажеттілікті өтеу 
үшін келіп тұр ғой. Неге сіздің сол қажеттілігіңізді 
шамадас тыс еркек өтеу керек? Сізде ата-енеден бөлек 
тұру деген қажеттілік бар. Еріңіз бірақ ол қажеттілікті 
өтегісі келмейді, себебі ақшасы жоқ, ақшасы 
жетпейді.сіз еріңізді ол үшін кіналап, оған ренжи 
алмайсыз. Себебі еркектің қажеттілігі емес ол, еріңіз 
үшін ата-енемен тұру норма. Егер сіз көшкіңіз келсе, сіз 
өз қажеттілігіңізді өтеу үшін өзіңіздің жағдайыңызды 
жасауыңыз керек. Яғни пәтер жалдауға ақша тауып, ол 
пәтерге күйеуіңізді шақыра аласыз. «жаным, менің 
бөлек тұрғым келеді. Бұл тек менің қалауым 
болғандықтан пәтерді өз мойныма аламын, көшейік» деп 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
103 
айта аласыз. Немесе, үйге қымбат ыдыс алғыңыз келсе, 
бұл тек қана сіздің қажеттілігіңіз, еркек үшін бәрібір 
қандай ыдыспен тамақ ішсе де, ер адамды ыдыс алуға 
ақша бермейді деп кіналауға болмайды, себебі ол тек 
сіздің қалауыңыз, тек сіздің қажеттілігіңіз. Өз 
қажеттілігіңізді өтеу үшін, өз жағдайыңызды жаай 
алуыңыз керек. Яғни ақша тауып бастап, өзіңіздің 
қалауларыңызды өзіңіз орындай бастайсыз. Еріңізден 
күтіп, ал ол ештеңе істемесе, еріңізді жек көре 
бастайсыз. Меніңше, ер адамды жек көріп жүргенше, 
өзіңіздің өміріңізге өзіңіз жауапты болып, ал еркекпен 
ақшаны жәй ғана байланыстырмау керек. Яғни ер 
адамды ақша үшін сөкпей, ризықты тек Алладан сұрау 
керек. 
Менің табысым жеңіл, және жақсы болғандықтан, 
іштей 
ойландым. 
Кімнен 
қызғанамын? 
Неге 
қызғанамын? «Бұл ақшаны Аллаһ әдейі жеңіл жолмен 
жіберіп жатқан шығар, мен ақшаны қызғанып жүріп өз 
ризығымды өзім көбейте алмай жүрген шығармын» деп 
ойландым. Ақша жәй ғана қағаз ғой, ол қағазды 
компьютер арқылы шығарады, қағазды сурет қып сала 
салады, ал адам оны соншалықты құнды көріп, тіпті 
күйеумен арасын сол үшін бұзады, сол үшін ажырасады. 
Мені бұл шошытты. Күйеумен қарым-қатынасым мен 
үшін ақшадан жүз есе маңызды. «Бүгіннен бастап маған 
Алладан келген ризық, табыс- күйеуіммен ортақ болады, 
мен ақшамды көршіден, көшеден, туыстан, сұраған 
жаннан, күйеуден, ешкімнен қызғанбаймын» ,«Және бұл 
ұстанымым дұрыс болса, табысым күннен күнге өсетін 
болады» деп өзіме айттым. Ол күннен бастап күніге осы 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет