Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


— Уа, дариға, Уақыт-ай! Келмеске кеткен жігіт-желең шағым емес пе ол! — деді ақсақал. Сосын жас жігіттен сұрадым. —



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата28.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#88299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Үміт

Уа, дариға, Уақыт-ай! Келмеске кеткен жігіт-желең шағым емес пе ол!
— деді ақсақал.
Сосын жас жігіттен сұрадым.
Уақыт — алдағы биік асуларға шығу үшін қажетті қүрал, — деді ол.
Демек, Уақыт біреулер үшін өткен шақ, ал біреулер үшін болашақ
екен ғой.
Естен кетпес қайғы-қасіретті ұмыттыратын да, айықпас ауыр дерттің
емдеушісі де, даулы істердің ең төрешісі де Уақыт емес пе?
«Уақыт — ғажайып ұстаз, бірақ өкінішке орай, түбінде ол өз
шөкірттерін жалмап жеп бітеді». Əлемге мəшһүр француздың ұлы
композиторы Луи Берлиоз осылай депті.
Бəрімізге өмірді үйрететін де, бəрімізді өмірден əкететін де Уақыт
демекші ғой ол. Ал, мен үшін тап қазір Уақыт əрі қуанышты,
əрі қорқынышты нəрсе боп тұр.
Қуанышты болатын себебі — аса күрделі де, қауіпті операциядан тірі
шықтым. Осыдан біржола айығып, аяғыма мініп кетуім де ғажап емес.
Қорқынышты болатын себебі: бұдан былай ғұмыр бойы мүгедек боп
қалуым да ықтимал. Өйткені мұндай операцияны кейде аяқ-қолды емдеу
үшін емес, адамды ажалдан арашалап қалу үшін жасайды.
Менің тағдырым ертең, профессор келген соң белгілі болады. Оған
дейін бір күн, бір түн уақыт бар. Сондықтан Уақыт хикаясын айта
түсейін саған, Гауһар.
Біз əдетте адам үшін ең қымбат нəрсе өмір дегенді көп айтамыз ғой.
Сол өмірдің өлшемі Уақыт емес пе? Демек, өмір дегеніміздің өзі ең
алдымен белгілі мөлшердегі Уақыт қой. Олай болса, адам үшін Уақыттан
қымбат асыл қазына жоқ. Ғұмырдың қызығына тоймай, тағы да бірнеше
сағат, бірнеше күн, бірнеше ай өмір сүруді армандап, ажалмен арпалысып
жатқан ауыр науқастарды көрген сəтте мен осындай ойға келдім.
Бірақ біз жайшылықта Уақытты онша бағаламаймыз ғой.
Осы бір қасиетті нəрсенің қадіріне жете бермейміз. Кейде
алтынға бергісіз осы қазынаны босқа ысырап қыламыз.
Ең жаманы — селге кеткен мал-мүліктей боп, босқа шығын болған
уақытқа онша өкінбейміз. Қынжылмаймыз. Егер абайсызда бес-он сом
ақшаны жоғалтып алсақ, бүған күйіп-пісеміз. Ал, бес-он минут
уақытымыз далаға кетсе, түк болмағандай-ақ қаннен- қаперсіз, күліп-
ойнап жүреміз.


Біреудің бір сомын ұрлаған адамды ұры деп ат қойып, айдар тағамыз.
Айыпқа тартамыз. Тəзірін береміз. Мұнымыз жөн-ақ дейік. Ал, біреудің
бірнеше сағат уақытын (яғни бірнеше сағат өмірін) ұрлаған адамға біз
түк те істемейміз. Тіпті оған тіс жарып, ауыз ашпаймыз. Мұны айыпқа
санамаймыз. Егер байыптап қарасақ, əлгі ұрланған, не жоғалған ақшаны
өндіріп алуға яки орнын толтыруға болатын сияқты. Ал ұрланған
уақытты өндіріп, қайтарып алу мүлде мүмкін емес қой.
Кейде тіпті сол Уақыттың тезірек өтіп кетуін тілейміз. Міне, қазір
мен профессорды асыға күтіп, бір күнгі өмірімнің неғұрлым
жылдамырақ, үшті-күйлі өте шығуын қалап жатырмын.
Бірақ мұндайда Уақыт та қырсығып, қарысып калады екен. Жайбасар
минуттар менің төзімімді сынағысы келгендей-ақ самарқау қимылдап,
əрең қозғалады. Сағат тілі емес, бүгін адамдар да жайбағыстап кеткен
сияқты.
Шіркін-ай, сау-саламат өмірдің жөні бөлек екен ғой. Бейқам жүргенде
минуттар түгілі, сағаттардың қалайша сынаптай сырғып өтіп жатқанын
өзім де сезбей қалушы едім- ау. Қас пен көздің арасында таң атып, күн
батып жататынды.


Бірақ біз Уақыттың көз ілеспейтін тездікпен зымырап өте
шыққанына несіне мəз боламыз? Мұның өзі кəрілікке қарай ерікті
түрде асығу емес пе? Ертең көретін нəрсені қалайда бүгін біліп қалуға
несіне асығамыз?
Мүмкін, əрбір минут уақыттың таудай тауқыметін тартып, шексіз
лəззатын толық игеріп, рахатын да, азабын да, жан-жүйкемізбен терең
сезініп барып, өткізгеніміз жөн шығар. Сонда ғана біздер өмірдің əрбір
минутының «өзіндік құнын» егжей-тегжейлі түсінер едік. Əйтпесе бір
минуты да ойымызда қалмай, өзінен-өзі ғайып боп кеткен өмір-
уақытынан не пайда?
Əйтсе де, бүгін Уақыт-өзен өзінің əдеттегі ағысын бірте- бірте
баяулатып, ақыры мəңгілікке тоқтап, сосын мұз боп бір орында сіресіп
қатып қалған тəрізді көрінеді маған. Жастығымның жанында жатқан
сағатыма бағана бір көз қиығын тастағанымнан кейін кемінде екі-үш
сағаттай уақыт өткен шығар деп ойлап едім. Өйткені мен сол мерзім
ішінде күллі өмірімнің небір қиын-қыстау өткелдерін, қуаныш сезіміне
толы бақытты сəттерін түп-түгел дерлік көз алдымнан тізбектеп өткізіп,
отыз бес жылдық ғұмырыма ойша саяхат жасап шықтым. Соның бəріне
небəрі он бес минут-ақ уақыт жетіпті
Сұмдық-ай, он бес минут дегеніміз сұмдық көп уақыт екен ғой. Бұрын
қалай аңғармағам? Минуттардың қадіріне жетпеген адам рəсуа болған
сағаттарға өкінеді дейсің бе, Гауһар?
Əрбір күндік өмірінің бағасын білмейтін жан бір жылдық уақытының
қадірін қайдан түсінсін. Өйткені біз аз Уақытқа ынсап қылмаймыз.
Қанағат тұтпаймыз. Жылдардың ұсақ- түйек минуттардан құралатынын
кейде ұмытып кетеміз.
Біздің Ақылбек аға энтимолог қой. Сондықтан шығар, əйтеуір ол
көбіне шыбын- шіркейлердің өмірі хақында айтуды ұнатады. Соның
бір əңгімесі қазір есіме түсті.
Тұт ағашының торлаған қауын тəрізді тілім-тілім боп жарылып кеткен
қабығының қуыс-қуыстарына ұя салатын бір шырылдауық жəндік
болады. Оны бала кезімізде талай ұстап ойнағанбыз. Түрі шыбынға да,
шіркейге де ұқсамайтын осы құртақандай жəндікті ғылым тілінде цикада
деп атайды екен. Цикада өзінің «əншілік өнері» жағынан шынында да
шырылдауық шегірткеге тартқан. Сыбызғы үніндей жіп-жіңішке
даусымен ертелі-кеш əндетеді де жатады. Олар біреу-екеу боп емес, жүз
шақтысы, тіпті мың шақтысы жабылып хор айтқандай дауыс қосып


шырқай жөнеледі. Бұлар əн салудан, сірə, жалықпаса керек.
Егер қолынан келсе ол барша əлемді əнге айналдырып, қайғы-қасірет
атаулының бəрін біржола ұмыттырып жіберер еді. Бір ғажабы — осы
ұлы музыкант мына жарық дүниеде небəрі бір-ақ күн өмір сүреді. Иə,
солай Цикаданың анадан туып, көз ашып, шексіз өмір мұхитын көрген
күні — сол өмір атаулы əлеммен мəңгілікке қоштасқанда күні болып
табылады. Ол мəңгілік өмірден өз сыбағасына тиген бір күндік ғұмырды
өзіне қанағат қылатын сияқты. Тіршілік иесі ретіндегі өзінің барлық
борышын ол осы бір тəуліктің ішінде түп-түгел өтеп шығады. Туылып
та, өмірді кызықтап та, артына мұрагер ұрпақ қалдырып та, əлемге əн
сыйлап та, ең бастысы — өз ғұмырының санаулы сағаты соғып біткен
сəтте абыржымай, қайта құйқылжыта əнге басып, мына жарық дүниемен
көңілді түрде қоштасып та үлгереді. Қияметтей қиын тағдырына, көзді
ашып-жұмғанша сырғып өте шығатын бір-ақ күндік өміріне зəредей
налымай, өз сыбағасына артық бір минут та ғұмыр тілемей, ол үшін
ешкімге жалынбай, жалбарынбай, қыңқ етпей өліп кете беретінін
айтсаңызшы!
Тегінде, адамға жетпейтін ең киелі қасиет осы шығар. Əйтеуір өмірдің
қызығына көзіміз тоймайды ғой, сірə. Ажал аузында жатсақ та «тағы бір
күн, тағы бір сағат, тағы бір минут» деп жалмаңдап, тіршіліктің етегіне
қос қолдап жабысып, тырмысып қатып


қалатын қомағайлық əдетіміз бар емес пе? Бұл не озі? Өмірге құштарлық
па? Əлде мəңгі- бақи көзі тоймайтын ашқарақтық па? Мүмкін, екеуі де
шығар. Кім білсін.
Өмірге деген мұндай қомағайлық мүмкін адамға қажетті қасиет
шығар. Бұл ашкөздік емес, біздің ерік-жігерімізді мұқалтпай, ылғи
қайрап отыратын тəкаппарлық болар. Ал, мұндай өктемдіктің, өжеттіктің
өзі əлгіндей өмірге деген құштарлықтан тумай ма?
Шіркін-ай, өмірді қайта бастауға мүмкіндік болса ғой. Көп нəрсені
мен басқаша істер едім, Гауһар Өмір-ананың бізге тартқан ең қымбат
сыйлығы Уақыт екенін ертерек түсінгендер бақытты жандар шығар.
Бірақ аза бойым қаза болатындай-ақ бүкіл ғұмырым босқа кеткен жоқ
қой. Оқыдым. Отбасын құрдым. Əке болдым. Жұрт қатарлы еңбек еттім.
Бұл аз ба? Əрине, аз емес. Мен енді өзімді-өзім осылайша жұбата
бастадым. Тегінде, адамның миында əрқашан бізді ақтап, қорғап,
істелмей қалған істерге себеп-сылтау тауып беріп отыратын «қамқоршы»
тетік бар болса керек. Сол «қамқоршы» механизм біздің бесенеден
белгілі боп тұрған кінəмізді де жуып-шайып, əйтеуір қолынан келгенше
қорғап қалуға тырысады. Өзінше
«адвокат» рөлін атқарады. Мүмкін, мұндай тетіктің бары дұрыс та
шығар. Əйтпесе біз өзімізді- өзіміз іштей жеп тауысып қояр едік қой.
Біз өз қылмысымызды өзіміз ақтауға тырысамыз. Бұған Ақыл-ой
көнсе де, Жүрек көнбей тулап жатады. Осылайша ішкі дүниесі теңіздей
толқып, ой мен сезім күресі басталады. Ақыл-парасат пен Жүрек-сезім
тоғысып қалған тұйықтан шығып кетуге жол таппай, бұлқан-талқан боп,
ақыры ашуға мінеміз. Күйіп-пісіп, дел-сал боламыз. Жүйкеміз жұқарады.
Уақыт! Өмірдегі ең басты, ең құдіретті құбылысқа күні бүгінге дейін
қалайша мəн бермей келгем? Шынында да, Уақыт əміріне
мойынсұнбайтын тіршілік иесі жоқ екен ғой əлемде. Мүмкін, сондықтан
шығар, əйтеуір адамдар есте жоқ ерте заманнан-ақ Уақытты тізгіндеуге
əрекет жасаған. Космос кеңістігі де, қиял жетпес жылдамдық та
бағынды адамға. Бірақ Уақыт атты ұлы күш асау аттай тулап əлі күнге
мойнына құрық салдырмай келеді.
Бұдан екі мың жылдай бұрын-ақ сонау көне заманның асқан
данышпаны Сенека былай деп жазған екен «Əлемдегі барлық мал-мүлік,
дүние-жиһаздың бірде-бірі біздікі емес. Біз еш нəрсені меншіктей
алмаймыз. Табиғат біздің жеке меншігімізге енші етіп бір ғана нəрсе
берген.


Ол — Уақыт. Мəңгі өзендей үздіксіз ағып жатқан осы нəрсені ғана
біздер менікі, менің сыбағам деп айта аламыз.Бірақ сынаптай сусып,
уысында тұрмайтын бұл мүлікті кіп болса сол сенен сұрап жатпай-ақ
əкете береді. Əрі оны ешқайсысы қайтарып бермейді.
Дəлірек айтсақ, қайтарып бере алмайды. Мен де құдай емеспін. Біраз
уақытымды босқа шығын еттім. Əйтсе де, мен өмірімнің қанша уақыты
қандай іске сарп болғанын жақсы білем. Өйткені ес біліп, етек жапқалы
бері өз меншігімдегі уақыттың есеп-қисабын үзбей жүргізіп келем».
Демек, адамдар ерте заманнан-ақ Уақытты қадірлей білген. Олар
да біз сияқты асыққан. Уақытты үнемдеуге тырысқан. Құм сағатын,
Күн сағатын, Су сағатын ойлай тапқан.
Ал, қазіргі техникалық прогрестің түпкі мақсаты не? Қысқаша
айтсақ — Уақытты үнемдеу. Сол үшін адам ат- арбадан автомобильге,
одан самолетке ауысып отырды.
Жайбасар хаттың орнына телеграмма салып, телефон соғатын болды.
Енді ол құс қауырсынымен емес, автоматты, шарикті қаламсаптармен
жазуға көшті. Электронды- есептеу машиналары енгізілуде.


Бірақ Уақыт əлі де жетісер емес. Бұдан екі мың жыл бұрын адам
Уақытқа қандай тапшы болса, тап қазір де жағдай нақ сондай. Титтей
де өзгеріс жоқ сияқты. Қайта адам бұрынғыдан да асығыс, қарбалас,
тағатсыз боп кеткен тəрізді.
Қазір кімнен сұрасаңыз да бір минут «артық» уақыты жоқ. Тіпті ең
жақын достарға хат жазуға да, балаларымен серуендеп қайтуға да,
балалық базарын өткізген туған ауылға оқта-текте барып тұруға да
уақыты жоқ. Бірінші кластың оқушысы да, студент те, профессор да,
зейнеткер шал да асығып барады. Айналасына, адамдарға, сұлу
табиғатқа жайбарақат көз салып, қаннен-қаперсіз тамашалауға мұршасы
келмейді. Өйткені «артық» уақыты жоқ.
Шынында да, Уақыт соншалықты аз ба? Əлде біз оны дұрыс
пайдалана алмаймыз ба? Біреулердің уақыты бəріне де жетіп, артып
жатады ғой. Мүмкін,біз өз дəрменсіздігімізді мойындауға намыстанып,
бар айыпты Уақытқа арта салатын шығармыз.
Иə, Уақытпен əкей-үкей боп кету оңай емес. Сынаптай сусып,
тұлпардай зымыраған Уақыт қашаннан-ақ мойнына құрық салдырмай
келеді. Адам кеңістікті де, материяны да бағындырды. Бірақ Уақытқа
əлі күші жетер емес.
Соның өзінде, құйындатқан Уақыт-тұлпарды əлдеқашан тізгіндеп,
айтқанына көндіріп, айдауына жүргізіп алғандар да аз емес екен. Мен
сол алтын Уақытты нандай қадірлеп, қалтасындағы ақшадай есептеп
жұмсайтын талай жанды өз көзіммен көрдім. Солардың бірі мына
қасымдағы Ақылбек аға шығар деп түйдім.
Бұл кісі ауырдым екен деп біз сияқты шаңыраққа қарап, босқа
сарылып жатқан жоқ. Жастығының асты толған қағаз. Шалкасынан
жатқан күйде күндіз-түні тынбай жазады. Осы аурухананың өзінде
бірнеше ғылыми еңбектерін жазып шығыпты. Мұнысы аздық
қылғандай-ақ көңіл сұрап келген өз аспиранттарына кеңес беріп
жатады. Олардың жұмыстарын қарап, пікір айтады. Ғылымның осы
саласындағы жаңа кітаптардың бірін қоймай, бəрімен танысып, оқып
шығады.
Соның өзінде бұл кісі аурухана тəртібін бұзбайды. Жұрт ұйқыға
жатқан кезде ол да ұйықтайды. Басқалар төсектен тұрған кезде Ақылбек
аға да оянады. Бізбен бірге тамақтанады. Дəрі-дəрмек қабылдайды.
Дəрігерге көрінеді. Қолы қалт еткен сəттерде бізбен əңгімелеседі.
Осылардан артатын уақыттың өзі де аз емес екен ғой. Соның бəрінде ол


бас көтермей жұмыс істейді.
Төсекке таңылып жатқанда осыншама еңбек етсе, сонда сау-саламат
кезінде қандай болған десеңізші!
Бұл кісінің осыншама төсек тартып, тапжылмай жатканына үш жыл
бопты. Соның бір күнін де босқа жібермепті Өзінің науқасы неғұрлым
меңдеген сайын ол соғұрлым көбірек еңбек ете түскен. Əлде ойындағы
пікірлерін қағазға түсіріп үлгере алмай қаламын деп асықты ма екен?
Қазір ол зейнеткер екен. Соңғы үш жыл бойы ақы алмай, жұмысты
тегін істеген.
Кейде біз жігерсіз екенімізді мойындағымыз келмей, бар кінəні
Уақыттың тапшылығына арта салғанды ұнатамыз. Өзгені емес, өзімізді-
өзіміз солай алдаймыз. Көңілді солай жұбатамыз. Бойымыздағы ерік-
жігердің аздығын басқаларға білдірмеу үшін сыныққа сылтау іздейміз.
Сондай сылтаулардың ең қолайлысы — Уақыт аз дей салу.
Есіме бір мүсінші досым түсті. Кезінде көп үміт күттірген мүсінші
еді. Туған ауылға барған сайын ол мақта өсірушілердің еңбектегі
ерлігіне, адамгершілігіне, парасаттылығына кайран қалып, тəнті
болатын. Досым өзіне жақсы таныс бес-алты диқанның портретті
мүсіндерін жасамақшы да болды «Бұл — менің өмірдегі ең басты
мақсатым», — дейтін.


Бірақ ол ауыл өмірінен бірде-бір мүсін жасаған жоқ. Қашан
кездессек те уақытының тапшылығын айтып мұңын шағатын.
Бізде қызмет ауыр ғой. Мойын бұруға мұрша жоқ. Осы бір қызметтен
қалай құтылсам, əлгі өзіңе айтқан мүсіндерді солай жасап тастар едім,
— дейтін.
Ақыры сол досым өзінің азар да безер болған жұмысынан босады.
Бірақ еш нəрсе тындырған жоқ. Жоқ. Қабілеті жетпей қалғандықтан
емес. Оның қолынан іс келетініне біздер, достары ешқашан да күдік
келтірген емеспіз. Ол дарынды еді. Əйтсе де, ол кездеген нысанасына
жете алмай қалды. Өйткені ол кезінде Уақытгы қадірлей алмады.
Тегінде, өмірде қабілетсіз, дарынсыз адам жоқ. Ал, жігерсіз жандар,
жанбай жатып сөніп қалатындар бар. Əлгі мүсінші досым
сондайлардың бірі ғой деймін. Ол жанын қинағысы келмеді. Үлкен
іске батылдығы, жігері жетпеді.
Өзінің бойындағы күш-қуатына өзі сенбей, өзін-өзі өмірінде бір рет
те мықтап сынап көрмей-ақ мына жарық дүниеден босқа өтіп кету адам
үшін қандай өкінішті десеңізші!
Жігерсіздік! Меніңше, адамзаттың қас дұшпаны — еріншектік пен
жігерсіздік. Өз күшіне өзі сенбеушілік. Осындай жасық сезімдердің
құрбаны боп, бір рет те жарық көрмей, адаммен бірге молаға көміліп
жатқан асыл қазыналар — дарындар, күш-қуаттар қаншама?!
Өмір отына болаттай шыныққан қайсар жандар əдетте өлімнен
емес, осындай жігерсіздіктен жасқанған. Өзім өліп қалам-ау деп емес,
халқым үшін түк тындырмай кетем бе деп қорыққан. Өз бойындағы
рухани байлықты басқаларға беріп үлгере алмай, өзіммен бірге жерге
көміліп қала ма деп шошыған.
Леся Украинка Жастайынан айықпас ауыр дертке шалдыққан ақын
қыз бар ғұмырын дерлік төсекте сал боп жатып өткізген. Денесінің
қызуы қырық градустан асып кеткен сəттерде де ол қаламын қолынан
тастамаған. Қайта ажал төніп жақындаған сайын ақын да жігерлене
түскен. Өмірінің əрбір минутын есептеп жатқан екен.
Ақын қыз тіпті өзінің неше сағаттық өмірі қалағанын да жақсы білген
сияқты.
Мейірімсіз Уақыттың сусты жүзіне тайсалмай, тік қарауға жасқанбаған
ол. Өз өмірінің ең соңғы минуттарын да босқа сарп еткісі келмеген.
Соңғы минуттар... Бұл тек айтуға ғана жеңіл. Ең қымбат, ең қиын
минуттар. Бірнеше минут қана өмірім қалғанын мен де білсем не істер


едім? Леся жыр жазған екен. Біреулер қас қағымдай ғана соңғы сəтінде
аспан əлеміне қарап, жұлдыздармен, Күнмен мəңгілікке қоштасқан. Енді
біреулер өздерінің ең сүйікті адамдарын көз алдына елестетіп, солармен
ойша дидарласқан.
Ал, мен ше? Мен қайтер едім? Білмедім. Мені əлі ондай ауыр сезім
билей қойған жоқ.
Ешкіммен де, еш нəрсемен де қоштасқым келмейді. Қоштасуға
қимайтын тəріздімін. Соншама нəрседен қалайша адам өз еркімен үміт
үзіп, біржола қоштаса алады. Тегінде, оған да едəуір батылдық керек
шығар.
Ауруханада кейбіреулер өз ғұмырларының соңғы сəттері тақап
қалғанын да айқын сезіп жатады. Бірақ бұл сұмдық ауыр шығар.
Дұрысы — білмеу. Жеңілдеу болар. Əйтсе де, кім білсін? Əлде бəрін
күні бұрын сезген де дұрыс па?
Бəрінен де діңкемді күртып, жұлынға тиген нəрсе белгісіздік болар.
Ертең профессор не айтады? Бəрі де операциядан соң мəлім болады деген
еді ғой. Енді өз аяғыма мініп кетем бе, жоқ па? Қолдарым неге
қимылдамай қалды? Қашанғы аузыма біреу қасық тосып тамақтандырып
отырады? Əлде... Жоқ! Профессор əлі соңғы сөзін айтқан жоқ. Үміт
шамын күні бұрын қолдан өшіруге менің қандай хақым бар?!


Ал, егер ертең профессор төбемнен жай түскендей етіп «жүрмейсің»
десе не істеймін? Онда соншама дозақ отына өртеніп, тірі қалғанымнан
не пайда? Аяқ-қолын бесікке таңып тастаған сəбиге ұқсап, тырп ете
алмай тағы да қанша уақыт жатам? Бір жыл ма, он жыл ма? Əлде ғұмыр
бойы ма? Тағы он жылдан кейін де, жүз жылдан соң да, ешқашанда енді
қайтып, өз аяғыңмен жер басып жүре алмайтыныңды есітуден, соны
іштей мойындаудан ауыр қасірет жоқ шығар.
Мына жатқан Ақылбек аға соңдай қасіретке ұшыраған жан. Енді ол
өле-өлгенше өз аяғына міне алмай кетеді. Осы жатқан орнынан қайтып
тұрмайды. Тұра алмайды.
Соны өзі біледі. Бəрін емдейтін, бəрін ұмыттыратын құдіретті
Уақыттың өзі де бұл кісіге енді көмектесе алмайды. Оны да біледі
Ақылбек аға.
Бірақ ол сағы сынып, жүні жығылған адамға ұқсамайды. Əйтеуір
өзімізге күрең қабақ көрсеткен емес. Құдды күні ертең науқасынан
айығып, үйіне қайтатын адамдай қашан көрсең де мəз-мейрам. Тойда
билеп, торқа киген біреу ме деп қаласың.
Бірақ оқта-текте көңілін сұрай келген əлдекімдер оның жанды
жеріне тиіп кететін сияқты. Мұндай кісілер келіп кетісімен-ақ ағамыз
бір түрлі жабырқап, жасып, жібі босап қалғандай көрінеді.
Көлгірліктің көкесін жұрт ауру адамға жасайды екен. Дардай кісі
түгілі, бес жасар бала сенбейтін бірдемелерді аузы-мұрны қисаймай соға
беретінін қайтесің. Тегінде, олар ауру адам ақылынан алжасып қалады
деп ойласа керек. Онсыз да бəріне тозып жатқан Ақылбек ағаға қайдағы
бір жасық немелер тəлімсіп: «Төзімді болыңыз», — деп өздерінше ақыл
айтқансиды. Бірақ солардың көбі аурудың көңілін сұрағанның жөні осы
шығар деп көлгірсіп, бет алды лағып кетеді. «Төзімді болыңыз» деген
сөздің терең мəн-мағанасына бойламай-ақ, жеңіл-желпі түрінде оны лақ
еткізе салатын сияқты боп естіледі маған.
Меніңше, дертке шалдығып, демін санап жатқан жанға немқұрайды
қарап, ауызға түскен жаттанды сөздерді құса салудан жиіркенішті
қылмыс жоқ. Сіркесі су көтермей жатқан кісі көңіліндегі кірбінді қалт
жібермей қағып алады. Жайшылықта біреу өзіңді сəл асыра мақтағанын
іштей сезсең де, соған сенгің кеп тұрады. Ал, науқас адам шындықтың
өзіне əрең иланады. Əрбір сөзіңді он рет ой таразысына салып өлшемей,
оның көңілі көншімейді.
Ауруханаға көңіл сұрай келген біреулер: «Ауырып тұрдың — аунап


тұрдың. Өмірің ұзақ болады екен», — дейді. Ғұмырында енді қайтып
орнынан тұрмасын Ақылбек аға ақыл-оймен ғана емес, жан-жүрегімен
де сезеді. «Аунап тұрасың» деп ең жанды жеріне қол тигізіп, бітеу
жараның бетін шұқылаудың керегі не? Үзақ өмір кімге керек деп
ойлайды екен солар.
Адамның өмірін тек Уақытпен өлшеуге тырысатындар мықтап
қателеседі. Егер өмір тек Уақыт өлшемімен ғана бағаланса, онда
неғұрлым ұзақ уақыт өз жанын ғана қорғаштап жүргендерді соғұрлым
бақытты дер едік. Ғұмырында жанын қинамай, əділдік үшін
əділетсіздікпен күреспей, жақсылық үшін жамандықпен айқаспай,
өзгелер үшін өз жанын қатерге тікпей, тек ұзақ жылдар бойы жүре
берудің ғана қамын ойлаудан əрі аспайтын жандарды жұрт қашан қадір
тұтқан? Жүз жасағандардың бəрін бірдей шетінен халық төбесіне көтере
бермейді ғой. Демек, мəселе ұзақ жыл өмір сүруде емес. Гəп басқада
Шығыс халықтарында мынадай бір аңыз бар. Аты əлемге мəшһүр бір
ғұламадан өз шəкірті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет