болады. Əлгі кісі безгегі ұстап калшылдап, еріндері кезеріп,
көздері
жасаурап, аяғын əрең басып барады екен. Ғұмырында науқас көрмеген
шаһзада қасындағы серігінен «Мына кісіге не болған?» — деп сұрайды.
Бұл ауру адам екенін, ертең өзі де осылайша науқасқа ұшырауы мүмкін
екенін білген соң шаһзада.
— Бəріміз де бүгін сау-саламат, ал
ертең дімкас, ауру екенбіз ғой! Бүйткен
саулық құрысын! Түбінде бір осындай дертке шалдығарымды біле
тұрып, мен қалайша бүгін көңіл көтеріп, серуен құрмақпын?! — деп ол
тағы да үңгіріне кіріп кетеді.
Шаһзада үңгірінен үшінші рет шықканда
тағы бір сұмдықты көреді
бір топ адам жылап-сықтап, шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
зарлап барады екен.
Ұзын зембілге салып, үстін матамен жауып қойған
бірдемені көтеріп, əлдеқайда əкетіп барады
— Бүл не? — деп сұрайды таңырқаған шаһзада
— Өлген адам
— Өлген адам деген не?
— Жаны жоқ кісі
Шаһзада табытта жатқан өліктің бетін ашып көреді:
— Енді мұны не істейді?
— Жерге көмеді
— Неге?
— Өиткені ол
ешқашанда қайтып тірілмейді
Достарыңызбен бөлісу: