Орыс философиясы. «Патристика», «Космизм», «Эсхотология» ўєымдары.
Орыс философиясы деп ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыс ойшылдарының философиялық концепцияларын белгілейді. Дәстүрлі түрде орыс философиясы Петр Чаадаевтың «Философиялық хаттар» атты еңбегінен басталады. Орыс философиясы негізгі екі бағытқа бөлінеді – славяншылдық және батысшылдық.
Славяншылдық– ХІХ ғасырдағы орыс қоғамымен философиялық ойларының ұлттық бағыты болып келеді. Славяншылдық бағытының мақсаты – Ресей қоғамының православ дініне сүйеніп, саяси және мәдени бірігуі және дамуы. Славяншылдық бағыт батысшылдыққа қарсы негізделген. Славяншылдықты жақтаушылар Ресейдің Батыс Европадан ерекше тарихи дамуының өз жолы болатындығына сенді. Славяншылдықтың басты теориялық негіздемелері А. Хомяковтың «Ескі және жаңа жөнінде» атты мақаласында көрініс табады. А. Хомяков 1838 жылы өзінің «Әлемдік тарих жөніндегі қолжазбалар» атты негізгі тарихи –философиялық еңбегін жазды. Қоғамдық қызметкер ретінде А. Хомяков либералды позицияны ұстанып, крепостық құқық пен өлім жазасының жойылуын, баспасөз, сөз бостандығын енгізуді қолдады. Ол 1850 жылы орыс православиесінің тарихы мен діни мәселелерге барынша назар аударды.