Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Абайдыѕ онтологиялыќ (болмыстыѕ) ілімі



бет56/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
Философия

Абайдыѕ онтологиялыќ (болмыстыѕ) ілімі.

Абайдың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дүние, Адам – мiне, осы үш санат Абай философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжейлі талдайды. Дүние Жаратқанның құдiреттi күшi арқылы пайда болып, өмiр сүрiп жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негiзi Ғылымда. Жаратқанның үшiншi сипаты – Хаят, яғни Тiршiлiк (қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.). Мұның сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетедi, бiрақ олар жоғарыда көрсетiлген негiзгi үш сипатты нақтылайтын, түсiндiретiн құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәмiг (сергектiк), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтiрушi). Ендi Абайдың философиялық антропологиясына келер болсақ, жаратылған адамның ақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол – Алланың ғылыми құдiреттiлiгiнен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай рақымшылыққа аса көп көңiл бөледi. Ол да – Алланың сегіз сипатына кiрмесе де, Оның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, себебi оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейiрiмдi), Ғафур (Кешiрушi), Уадуд (Сүюшi), Хафиз (Қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық берушi), Нафиг (Пайда берушi), Уәкил (Өкiл), Латиф (Iлтипатты) – бәрi де рақымшылықты көрсетедi (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.). 303 Абай адамның ерекше пенде ретiнде жаратылғанын ескертедi: «Адам баласынан махшарда (о дүниеде. – С.М.) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған әдебиет, 87 б.). Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын – бәрi де адам үшiн жаратылған: «...Жер – мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер – гүлiн, құстар – жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар – етiн, сүтiн, күшiн, көркiн, терiсiн; сулар – балығын, балықтар – уылдырығын, хатта, ара балын, балауызын, құрт жiбегiн – һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбiрiнде бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.), – деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюі керек, сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағынасын табады. Сонымен, адам – ғарыштың өзегi, ерекше пенде. Бiрақ, соған қарамастан, ол – шектеулi, өлшемдi, ал Алла тағала – өлшеусiз, шексiз. Сондықтан «бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, болмаса түгел бiлмекке мүмкiн емес... өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Бiз бұл арада Абай ойының сол кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол тәкаппарлыққа, Құдаймен теңесуге деген адам ынтасын туғызып, оны шайтан жолына түсiредi. Сондықтан Абай: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бiр кiрпiш дүниеге, Тетiгiн тап та, бар қалан!» – деген ұран тастайды. Абай – Жаңа дәуiрдiң перзентi. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың тақуалық философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсiп, материалдық дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар едi. «Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi, дүниедегi Алланың пенделерi үшiн жаратқан қазыналарын кiм iздейдi (аталған әдебиет, 92 б.) деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретiнде қарайды. Алла тағала дүниенi адамға «рақатын көрмегiне бола жаратқан», қазiрет Ғосман, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған. Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбiреулер мал жинау, мүлкiн көбейту арқылы басқалардан озып, өзiн биiкке көтерiп, дандайсып кетедi. Екiншiлер кемтарларға көмектесу, өзiн өзгелерге тәуелдi еткiсi келмеу үшiн баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биiктеу – ол рухани самғау. Адамның абыройы 304 оның сыртқы әсем киiмi мен жүрiс-тұрысында емес, оның iшкi таза ниетiнде, сол арқылы ғана бiздi Құдай таниды. Руханияты биiк адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абыройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы – оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс түсiнуге мүмкiндiк бередi. Бүгiнгi таңдағы нарықтық экономиканың негiздерiн қалыптастыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiлігiмен таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақылойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп алға қойған мақсатын жүзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады. Әйгiлi «Сегiз аяқта»: «Болмағын кекшiл, Болсайшы көпшiл. Жан аямай кәсiп қыл! Орынсыз ыржың, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсiп бұл? Еңбек қылсаң ерiнбей, Тояды қарның тiленбей. Егiннiң ебiн, Сауданың тегiн үйренiп, ойлап, мал iзде. Адам бол – мал тап қуансаң, қуан сол кезде», – деген ақыл-ойын халыққа таратады. Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет – ол ерiншектiк. Оны Абай надандық пен зұлымдықтың қатарына қояды. Абай өзiнiң 1886 ж. жарық көрген «Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар» деген шығармасында былай дейдi: «Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар, Iздегенi не болса, сол табылар. Бiреу астық алады, бiреу маржан, Әркiмге бiрдей нәрсе бермес базар. Әркiмнiң өзi iздеген нәрсесi бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Бiреу ұқпас бұл сөздi, бiреу ұғар, Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар. Сөздi ұғар осы күнде кiсi бар ма? Демеймiн жалпақ жұртқа бiрдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесiк моншақ, Бiреуден бiреу алып, елге тарар». 305 Бұл шумақтан Абайдың нарықтық қатынастарды жақтап, оның ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар сол кездегi ахуалға көңiлi толмағанын байқаймыз. Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық пайданы, табысты халық игiлiгiне, қайырымдылыққа, мұқтаждық құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. «Тек қана өзiң үшiн еңбек қылсаң, өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамшылықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бiрi боласың», – дейдi Абай өзiнiң 37-қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, «Мерседес» мәшине мiнгенiне, оқтын-оқтын шетелге барып, сауық құрып келгенiне мәз кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен?! Абай өзiнiң әйгiлi 2-қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыстармен салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгi алып, егiн егу, сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртiпке, әскери қызмет атқарып, Құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi. Сонымен қатар енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты. Абай «байлық» атты ұғымның адамгершiлiк жағына аса көп назар аударады. «Әуелi, Құдайдан мал тiлейсiңдер, – дейдi Абай. – Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат бердi. Ол қуатты халал кәсiп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың... Сенiкi бiреуден қорқытып алсаң, бiреуден жалынып алсаң, бiреуден алдап алсаң болғаны, iздегенiң – сол» (аталған шығарма, 27 б.). Өз ойын ары қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды ендi сарп қылып, ғылым табу керектігін айтады. Өзiңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қажылық ешбiр ғибадат орнына бармайды. Ешбiр қазақ көрмедiм, малды иттiкпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған» (атал. шығ, 28 б.), – деп өкінеді ұлы ойшыл. Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетiк бiлгiрi болғанын айта келiп, оның көтерген мәселелерi осы күнi де өзiнiң өзектiлiгiмен байқалады деуге болады. Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарына келер болсақ, онда да өнегелi көп терең ойларды табамыз. Әрине, Абайдың еңбектерiнен «құқықтық мемлекет» деген ұғымды iздеу бекер болар, адам қандай ұлы болса да, өз заманының перзентi ғой. Бiрақ Абайдың саяси-құқықтық көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенiн байқауға болады. Абай отарлық саясатты әшкерелей келе, «бөлiп ал да, билей бер» деген саясаттың негiзiнде халықтың iшiнде iрiткi пайда болып, жеке адамның 306 құқықтарының өрескел бұзылғанын әңгiме қылады. «Болыс болдым мiнеки» деген өлеңiнде Абай: «Бұрынғыдай дәурен жоқ, Ұлық жолы тарайды. Өтiрiк берген қағаздың Алды-артына қарайды. Тауып алып жалғанын, Қылмысыңды санайды. Өзi залым зәкүншiк Тонап алды талайды. Көрмей тұрып құсамын Темiр көздi сарайды», – деп, патшалық саяси тәртiптi әшкерелейдi. Абайдың сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жүзiнде өмiрге енгiзу үшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет. «Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар түссе – жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе, әйтпесе түспесе», – дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын iске асырдық, бiрақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншiктер» осы уақытқа шейiн таусылар емес. Абай бүкiл болмысымен, жан-тәнiмен өз халқын сүйген, сол себептi оның тарихи қалыптасқан кемшiлiктерiн әшкерелей бiлген. Өз кемшiлiгiн сезiну – одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған жартысын бiлiм алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе, «Ардан кеткен соң, тiрi болып жүргенiң құрысын», – деп қынжылады (29-сөз, аталған шығарма, 63-б.). «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, перiште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәттi, алтын үйден жан тәттi» деген мақал-мәтелдерге сын көзбен қарап, қазақ дүниесезiмiнде қалыптасқан терiс кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады. Бiздің бұл мәселеге тоқталған себебiмiз – дербес мемлекет болып қалыптасып, жаңа өмiрге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзiндiк сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де, Абайдың деңгейiнен төмен болып тұрғандығы. Керiсiнше, қоғамдық санада «Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пiкiр кең тараған. Сонда бiз халықтың терiс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса бүгiнгi таңдағы қазақ халқының кемшiлiктерi жоқ па? Олай болса, бiз неге басқа алға кеткен халықтардан озып кетпеймiз? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы «қазақ елi көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейiн, басқалардың алдында өз кемшiлiктерiмiздi әшкерелегеннiң жөнi бол- 307 мас» деген пiкiрдi де естiп жүрмiз. Ал басқалар сынаса, жатып алып долданамыз. Әрине, көпұлтты елде бiрiн-бiрi сынау үлкен саяси қателік болар едi. Сонымен қатар «Ауруын жасырған – өледi» дегендi еске алсақ, ұлттық сын керек сияқты, ал оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болуға тиіс. Сонда ғана алға жылжу орын алып, ұлттың санасезiмi өседi. Басқа жағдайда Абай уақытында сынға алған орынсыз өркөкiректiкке келемiз. Ал жақсы жақтарымызды айтсақ, оны басқа халықтар айтпай-ақ бiлiп, бiздiң ұлтымызды сыйлайды. Мiне, осындай ащы ойлар Абайды оқығанда еске келедi, ол да ойшылдың өсиеттерiн орындау парызынан шығады. Абаймен ақылдасатын келесi көкейкестi мәселе – Қазақстанның жаһандану үдерiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру керектiгi туралы ойларында терең көрсетiп кеттi. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрi орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек», – дейдi ұлы ағартушы (25-сөз, аталған әдебиет, 51-б.). Яғни жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, бiз шетелдерден жаңа технологияларды алып, өндiрiсiмiздi дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетiнiң тұрпайы да дөрекi – зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсiнi көрсететiн түрлерiнен өз дiлiмiздi алшақ ұстауымыз қажет. Ал iс жүзiнде бiрiншiсiнен гөрi екiншiсi басым – елдi жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетiмiзден жаттанып, ХХI ғ. «жаңа мәңгүрттерiне» айналу қаупі төнiп тұрғандай. Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл дүниесiнiң кiндiгi – адам. Олай болса, «Адам бол!» – дейдi бабамыз. Яғни әрбiр кiсi әрқашанда өзiнiң тұлғасының адам ұғымына сәйкестiгiн өлшеп, өмiр бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзiн жанжақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарындарын сыртқа шығарып, гүлдетiп, бұл өмiрде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзiн бақыттымын деп сезiне алады. Бiрақ адам идеясы, ұғымы мен тiрi өмiрдегi пенденiң арасын қанша жақындатсақ та, олар бiр-бiрiмен толық қосылмайды. Мұны терең түсiне бiлген Абай да, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық ой-өрiстiң шеңберiнен көрiнiп, ХХ ғ. пайда болған осы Батыс ағымы қойған адам мәселелерiн қамти бiлдi, оны бiз 1-шi қара сөзден-ақ байқаймыз. «...әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық... Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық, ... бәрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын», – 308 деген ойшыл сөздерiнен (аталған әдебиет, 7-б.) өмiр философиясын көру қиын емес. Дегенмен де «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», бәрi де өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу үшiн болашақ ұрпақтарына өсиет ретiнде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», – дейдi. «Тiлеуiң, өмiрiң алдында, Оған қайғы жесеңiз. Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Ерiншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның бiлсеңiз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл iс, көнсеңiз». Әрине, Абай – телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға абайтану жолында сәттiлiк тiлеймiз



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет