Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38

М. В. Ломоносов атындағы  

Мәскеу мемлекеттік университетінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, 



1994 жылғы 29 наурыз

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Соңғы  кезде  менің  ғылыми  жұртшылықтың  өкіл-

дерімен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен 

және қызметкерлерімен, студент жастармен жиі кезде-

суіме тура келіп жүр. Әрі бұл кездесулер мені үнемі зор 

ғанибет сезіміне бөлейді. Әңгіме қай ел туралы болса 

да,  бұл  аудиторияларда  өмірді  жаңғыртуға,  игілікті 

өзгерістерге деген құлшыныс, тұтқырланбаған еркін ой 

ерекше сезіледі. Жақында менің Нью-Йорктегі Колум-

бия университетінде, Лондондағы Король халықаралық 

қатынастар  институтында,  сондай-ақ  Алматыда,  әл- 


473

Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте болып, 

сөз сөйлеуіме мүмкіндік туды. Ал бүгін Мәскеу мем-

лекеттік университетінде болу мүмкіндігіне мен шын 

жүректен қуаныштымын.

Бұл  кездесудің  мен  үшін  орны  ерекше  және  ол 

Мәскеу университетінің бұрынғы ортақ еліміздегі және 

дүниедегі ең беделді де байырғы оқу орны болғандығына 

ғана емес, сонымен бірге, қазақстандықтардың көптеген 

буынының  анасындай  білім  ұясына  айналғанына  да 

байланысты. Олар осы білім ордасының қабырғасында 

өткізген жылдарын, ұстаздары мен осындағы қызмет-

керлерді және осында ғасырлардан бері қалыптасқан 

қауымдастық, достық пен риясыз көмек рухын алғыспен 

еске алып отырады. Ал мұнда қазір де күні ертең-ақ 

республиканың зияткерлік дегдар тобына қосылатын, 

ілгерішіл идеяларды, қоғамды реформалау ісін белсене 

жалғастыратын менің жап-жас жерлестерім оқып, білім 

алуда. Біз осы дәстүрлерді жалғастыруды қалаймыз.

Қазір сіздер мен біздер өте күрделі, бірақ қызықты да 

серпінді кезеңде өмір сүріп отырмыз. Біздің еншімізге 

адамдардың, елдердің тағдырын, тіпті тұтастай дүние 

тәртібін өзгертіп жатқан аса ауқымды тарихи өзгеріс- 

тердің қатысушылары мен кейіпкерлері болу тиіпті. Тек 

саясаткерлердің ғана емес, әр азаматтың бүгінгіміз бен 

ертеңіміз үшін жауапкершілік деңгейі де өте жоғары.

Қазақстан экономикада түбегейлі өзгерістерді жүзеге 

асыруға,  әлеуметтік  бағдардағы  нарықты  қалыптас- 

тыруға бағыт алды және енді оны өзгертпекші емес. 

Көптеген қиындықтарға, шалыс басулар мен қателік-

терге  қарамастан,  реформалар  жүріп  жатыр  және 

айтарлықтай нәтижелер беруде. Ең бастысы – біздің 

экономикамыздың құрылымы «көш бойында» өзгеруде. 


474

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Өткен жылы, өнеркәсіп өндірісінің жалпы құлдырауы 

жағдайында,  барлық  кәсіпорындардың  төрттен  үші 

дағдарысты жағдайдан шығуға жол тауып, тіпті нақты 

көлемдердің  өсуін  қамтамасыз  ете  алды.  Әрі  бұған 

көбінесе жаңа тауар түрлерін: электрмен дәнекерлей-

тін  құбырларды,  құрастырушылық  материалдарды, 

тоңазытқыштарды, бейнетехниканы, басқа да ондаған 

өнім түрлерін шығаруды игеру арқылы қол жеткізілді. 

Аздап болса да, Қазақстан автомобиль өндіруді қолға 

ала бастады.

Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, жеке үй-жай 

мен шаруа қожалықтарын дамыту есебінен біз бүгін 

жалпы сүт өндірісінің 57 %-ын, еттің – 46 %-ын, жұмырт- 

қаның 39 %-ын және жүннің 37 %-ын қамтамасыз етіп 

отырмыз.  Ал  Қазақстандағы  бүкіл  мемлекеттік  емес 

секторда 40 мыңнан аса кәсіпорын, соның ішінде 13 мың 

жеке кәсіпорын жұмыс істейді. Мұнда 500 мыңнан аса 

адам жұмыспен қамтылып, барлық өнімнің 20 %-дайы 

шығарылады.

Әрине,  бізде  экономиканың  көп  бағдарлылығы 

туралы  айту  әлі  ертерек  болар,  дегенмен  аға  ұрпақ 

адамдарының өзі жеке меншік дегеннің не екенін біл-

меген Қазақстан үшін екі жылда мұндай қадам жасау 

– даусыз едәуір жетістік. 

Ал  енді  саяси  саладағы  реформаға  келсек,  мұнда 

негізгі бағдар етіп біз демократиялы азаматтық және 

плюралистік қоғам құруды алға қойдық. Таяуда ғана 

Қазақстанда көппартиялы негізде алғашқы кәсіпқой 

парламенттің тұңғыш демократиялық сайлауы болып 

өткенін сіздер білетін боларсыздар. Қорытындысында 

37  әртүрлі  партиялар  мен  қоғамдық-саяси  қозға-

лыстардың  өкілдері  сайланды.  Қажетті  заң  актілері 



475

қабылданып, республикада құқықтық реформа жүзеге 

асырыла  бастады.  Мұндағы  бір  айырмашылық  –  42 

депутат  мемлекеттік  тізім  бойынша  сайланды,  яғни 

олар Президент ұсынған адамдар болатын. Бірақ олар 

үшін баламалы негізде бүкіл облыс дауыс берді. Онда 

көптеген  халықтардың  өкілдері,  белгілі  жазушылар, 

экономистер, ғалымдар бар.

Мен барлық жерде де: Қазақстан қоғамының иде-

ялық топтасуына, республикада ұлтаралық келісім мен 

азаматтық татулықты нығайтуға қол жеткізбейінше біз 

ештеңе жасай да, құра да алмаймыз, ешбір өркендеу 

де болмайды дегенді атап көрсетуге тырысамын. Бүкіл 

Қазақстан халқының тағы бір ерен ісі – ең бір қиын-қыс- 

тау, тарихи зілзалалар кезеңінде, мәселен, Одақ ыды-

рап, одан соң бірсыпыра өңірлерде қанды қақтығыстар 

болған  тұстарда  да,  республикамызда  тұрақтылық, 

бейбітшілік пен тыныштық сақталды. 

Сіздер  Қазақстанның  тарихымен  таныссыздар 

әрі  Петрдің  және  Столыпиннің  реформаларымен, 

Сталиннің  бүтіндей  бір  халықтарды  депортацияла-

уымен,  тыңды  игерумен,  индустриялық  құрылыс- 

тармен  байланысты  республикаға  жөңкілген  ірі 

миграциялық толқындар туралы білесіздер – осынау 

ежелгі  жер  солардың  бәрін  қабылдады,  бәрін  

асырап, бақты. Бүгінде біз Қазақстан қоғамы деп атай-

тын, жүздеген асыл қосындылардан тұратын қорытпа 

осы  даланың  орасан  зор  қазанында  ғасырлар  бойы 

қайнап,  қорытылумен  болды.  Бұрынғы  металлург, 

қазіргі Президент ретінде айтайын: бұл – сенімді, мықты 

қорытпа, ол кез келген сындарға шыдап берді, әлі де 

шыдай береді.

Бұлай  сеніммен  айтуым  негізсіз  де  емес,  өйткені 

қоғамның топтасуы ойдан шығарылған, «сұқ саусақтан 



476

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


сорып алынған» әлдебір идея төңірегінде жүріп жатқан 

жоқ. Қазақстандықтардың қанында бірнеше ұрпақтар 

арқылы  біте  қайнаған  ұлтаралық  келісімнің,  достық 

пен  татулықтың  жады  мен  даусыз  шындығы  бар. 

Бұл – адамды біріктірудің, олардың азаматтық қоғам 

құруының бірінші және базистік шарты. Сондықтан 

біздің  Конституциямыздың  басты  сипаты  –  азамат-

тардың ұлтына, кәсібіне және әлеуметтік жағдайына 

қарамастан,  құқықтары  мен  бостандықтарының 

теңдігі қағидатында. Бұл – Қазақстанның халықаралық 

қоғамдастыққа интеграциялануы үшін міндетті шарт. 

Осы  себепті  біздің  Конституциямыз  «Біз,  Қазақстан 

халқы» деп басталады. Ұлттық атауының бәрін жан-

шып,  тұқыртудың  кесірінен  біздің  халқымыз  өзінің 

тілінен  айрыла  бастады.  Жазушыларымыз,  басқа  да 

шығармашыл интеллигенциямыз, бүкіл халқымыз осы 

мәселеге алаңдаумен болды. Сондықтан да көпұлтты 

халқымыз қазақ халқының заңды тілегін қабыл алды 

да, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп мойындады. Бірақ 

орыс тіліне мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын 

ұлтаралық тіл мәртебесі берілді. Конституция мемле-

кеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмегені 

үшін кім-кімге болсын қысым жасауға тыйым салады. 

Осы жылдар ішінде бұл мәселе бойынша іс жүзінде кем-

сітушілік жөнінен бірде-бір арыз-шағым болған жоқ. 

Мектептердегі оқу 18 тілде жүргізіледі, мектептердің 

65 %-ында орыс тілі оқытылады. Студенттердің 70 %-дан 

астамы жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде 

оқиды. БАҚ-тар 7 тілде шығарылады, театрлар 6 тілде 

жұмыс істейді. Қазір экологиядан бастап қауіпсіздікке 

дейін дүниенің өзара байланысты және тәуелді екені 


477

сонша, бір ұлттың мүддесі екіншісінің, яғни барлық 

халықтардың мүддесіне айналып жатады.

Ал енді біздердің – бұрынғы КСРО халықтарының 

бір-біріне сенім көрсетуі, былайша айтқанда, Құдайдың 

өз бұйрығы. Ортақ қоғамдастығымызды бір-бірімізге 

сеніп тапсырып, көздің қарашығындай сақтап, нығайта 

беру  бұйрығы.  Бізді  «ақырына  дейін»  ажыратып, 

бәрімізді әлсіретіп, сенімсіздік пен араздықты өршітуді 

көксейтін  күштердің  бар  екенін  біз  көріп  отырмыз. 

Бірақ бұдан халықтар тек жамандық көрері сөзсіз.

Бұрын бір ел болған 15 мемлекеттен тысқары қалған 

адамдардың алаңдаушылығын көрмеске болмайды. Бұл 

этностық орыстарға да, украиндарға да, қазақтарға да 

және басқа халықтардың өкілдеріне де қатысты.

Мұны КСРО-ның шапшаң ыдырауымен, содан соң 

туған тәуелсіздікке масаттану кезеңімен, ал одан кейін 

көптеген елдердің жаңа экономикалық және геосаяси 

жағдайда күн көрудің ұжымдық жауапкершілігі қажетті-

гін пайымдай бастауымен түсіндіруге болады. Алаңдау- 

шылықты,  мәселен,  бізде  айрықша  арттыра  түскен 

жағдай бірыңғай рубль аймағының ыдырауы болды. 

Менің ең әуелі өзімізде бар адам факторын ескеріп, 

үнемі  интеграцияны  жақтап  келгенімді  өздеріңіз 

білесіздер. 

Бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуы қазір екі үрдіс  

бойынша  айқындалады  деп  айтуға  болатын  сияқты. 

Біріншіден, бұл – ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы 

және, екіншіден, ТМД елдерінің интеграциясы. Мұның 

бәрі де заңды. Ғылыми-техникалық өркендеу қарқын-

дап, өткізу рыногы үшін қатал күрес қызу жүріп жатқан 

кезде  тек  бірлесу  арқылы  ғана  өмір  сүруге  болады. 

Байқап қараңыздаршы: көп ғасырлық мемлекеттілігі 


478

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бар  Батыс  Еуропа  елдері  бірлесуге  бет  бұрып  отыр. 

Олар  әлемдік  рыноктың  қатаң  түрде  кереғарланып  

бара  жатқанын  жақсы  біледі:  Солтүстік  Америка,  

Жапония және, ақырында, Азияның «жас жолбарыс- 

тары».

Ал бізді, бұрынғы Одақ республикаларын, тарих пен 



тағдырдың өзі бір қоғамдастыққа бейімдеп, даярлаған. 

Бізге  байланыстар  мен  басқарудың  бірыңғай  нысан-

дары мен тетіктері тән, діліміз бен басқа да көптеген 

нәрселеріміз ортақ.

Мәселе көптеген саяси лидерлер, тіпті олардан басқа-

лар да империяның қайтадан жаңғыруынан өлердей 

қорқатынында. Бірақ енді оған ешкім бара қоймайды! 

Әңгіме жаңа, тең құқықты ынтымақтастық туралы ғана 

болуы мүмкін. Алайда үрейден не саяси конъюнктураға 

да, не мемлекеттік шекараға да тәуелді емес объективті 

экономикалық заңдарға көз жұмыла береді. 

Мынадай  бір  мысалдар  келтірейін.  Айталық, 

көмірінің көбін Ресейдің электр стансаларына беретін 

Екібастұзды алайық. Оның дамуына Ресей Федерациясы 

қаржы салмайтын болды делік. Одан кім зиян шегеді? 

Әрине, Ресейде көмір шығатын жерлер бар және жет-

кілікті де. Бірақ оларды игеру үшін қанша қаржы жұмсау 

керек? Жұмыс істеп тұрған Екібастұзға жұмсалатынынан 

аз ба? Қайдам. Магнитканы кенмен қамтамасыз ететін 

Соколов-Сарыбай комбинатына қатысты да осы жағдай. 

Және  керісінше  –  егер  біз  Ресей  жеткізілімдерінен  

айрылатын  болсақ,  онда  машина  жасау  зауыттарын 

салуға мәжбүр боламыз. Ал бұған қанша шығындалу 

керек?


Биік тау алыстан көрінеді. Достастыққа мүше елдер 

басшыларының соңғы кездесулері осыны дәлелдейді. 



479

Біз бір-бірімізден айтарлықтай алшақтап кеттік және 

бірігу қажеттігін де айтарлықтай өткір сезіндік.

Мен  барлық  кедендік  кедергілерді  алып  тастап, 

шекараларды ашуды әлдеқашан ұсынғанмын. Айтып 

қана қойғам жоқ, солай еттік те, мәселен, Өзбекстан-

мен. Пайдасы айтарлықтай-ақ! Қалғандарымызға неге 

осылай етпеске?

Біздің  Достастығымызды  одан  әрі  дамыту  туралы 

ойларымды ортаға салсам деймін. 

Өкінішке қарай, бүгінде ТМД уақыттың объективті 

талаптарына толық мәнінде сай келмейді және оған 

мүше  елдердің  халықтарымыз  соншама  зәру  болып 

отырған  интеграциясын  қамтамасыз  ете  алмайды. 

Достастық құрылған сәттен бері оның мүшелері бір-

біріне жақындасудың орнына барған сайын алыстай 

түсіп  барады.  Ынтымақтастық  туралы  400-ден  аса  

құжат  қабылданып,  қол  қойылғанымен,  олардың  

барлығы дерлік әлі іске қосылған жоқ.

Біздің елдеріміздің еріктілік пен тең құқықтылық 

қағидаттарында  қалыптасқан  жаңа  мемлекетаралық 

бірлестігі негізіндегі өзара қарым-қатынастың сапалық 

жаңа деңгейіне ауысу қажеттігі пісіп-жетілді. Ондай 

бірлестік Еуразиялық Одақ (ЕАО) бола алар еді. Ол 

ТМД-дан өзгеше қағидаттарда құрылуы тиіс, өйткені 

жаңа бірлестіктің негізін өзекті екі мәселені: бірыңғай 

экономикалық кеңістік құру мен бірлескен қорғаныс 

саясатын қамтамасыз етуді шешуге тиісті ұлтүстілік 

органдар құрауы керек. Бұл ретте әрбір қатысушының 

егемендігінің, ішкі мемлекеттік-саяси құрылымының, 

сыртқы саясат қызметінің мүдделеріне қатысты өзге 

мәселелердің бәрі мызғымастан қалатынын және бір-



480

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бірінің ішкі істеріне қол сұғылмауы көзделетінін атап 

көрсету маңызды.

Бұл арада «Одақ» сөзі шошындырмауы тиіс, өйткені 

Еуропалық  Одақ,  басқа  да  сол  сияқты  бірлестіктер 

ойдағыдай өмір сүріп келе жатқан жоқ па.

Мұндағы қисынсыздық Батыс Еуропада саясаткерлер 

бірігудің алдында жүріп, халық кейін қалатынында, ал 

біздің ТМД-да бұған керісінше: халық бірігуді қалап, 

саясаткерлер  соңында  жүретінінде.  Сондықтан  біз 

бірінші кезеңде ЕАО-дағы бірігуді Қазақстан мен Ресей-

ден бастауымызға болар еді. 

Қазақстанды Ресеймен берік арқаулар байланысты-

рады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге тұрып 

келеді әрі тату көршілікті нығайту миллиондаған адам-

ның түбегейлі мүдделеріне сай келеді, ол ешқандай 

конъюнктуралық  түсініктерге  бағынбайды.  Біздерді 

ұрыстырғысы келетіндер де жеткілікті екені рас. Мен 

осы арада «шекара мәселесін» қоздыру ниетіндегілер 

туралы  еске  де  салмаймын  –  бұл  жерде  ондайларға 

түсінік беру артық. 

Әрине, өзінің геосаяси жағдайын еске алып, сыртқы 

саясат  саласында  көпжақты  бағдарын  жүзеге  асыра 

келгенде, Қазақстанның ТМД ішінде де, алыс шетел-

дермен қарым-қатынасында да өзіндік басымдықтары 

бар. Алайда біз қайткен күнде де Ресеймен ынтымақ- 

тастығымызға аса зор мән береміз.

Біздің халықтарымыз бен мемлекеттеріміз ХХІ ғасыр- 

да да бір-біріне деген сенімін, достығын нығайта беріп, 

бірге  жүруінің  негізін  қаламақ  ниетін  арқалап,  мен 

өзімнің тұңғыш ресми сапарыммен Мәскеуге келдім.

Бұл күндері Мәскеуде біздің ең жоғары деңгейдегі 

бірнеше  тарихи,  маңызы  зор  кездесулеріміз  болып, 



481

келіссөздер  жүргізілді  және  аса  қажеттілігі  әлдеқа-

шан  пісіп-жетілген  құжаттарға  қол  қойылды.  Олар 

біздің екі мемлекетіміздің арасындағы әріптестік өзара 

қарым-қатынастарымызды нығайтудың жаңа кезеңінің 

ғана емес, сонымен бірге, белгілі бір дәрежеде біздің 

халықтарымыздың арасындағы ізгі бауырластық қаты-

настарды жаңғырту мен дамытудың да негізі болады 

ғой деп ойлаймын.


482

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі  

он үшінші шақырылымы Үйлестіру кеңесінің 

отырысында Еуразиялық Одақты құрудың 

жобасы туралы

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 3 маусым 

Қ

азіргі  кезде  ТМД-ның  барлық  елдері  қоғамдық 

өмірдің барлық салаларында – экономикада, саясатта, 

идеологияда, ұлтаралық қатынастарда терең дағдарыс- 

ты  бастан  кешіріп  отыр,  әлеуметтік-экономикалық 

шиеленіс үдей түсуде. Мұның өзі Тәуелсіз Мемлекеттер 

Достастығының дамуы екі үрдіс бойынша айқындалып 

отырған жағдайда өтіп жатыр. Бір жағынан, ұлттық 

мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуы жүріп жатыр. Ал, 

екінші жағынан, Достастық елдерінің интеграциялану 

үдерісі байқалып отыр.


483

ТМД,  мемлекетаралық  бірлестік  ретінде,  өзіне 

енетін  елдердің  мемлекетаралық  қатынастарын 

құқықтық тұрғыдан ресімдеуде оң рөл атқарып отыр. 

ТМД-ның іс-қимыл әлеуеті әлі таусылған жоқ. Дей 

тұрғанмен,  қазіргі  ТМД  органдарының  құрылымы 

қолда  бар  бірігу  әлеуетін  толық  көлемде  асыруға 

мүмкіндік беретін емес. Бұған Достастық елдерінің 

басшылары  ғана  емес,  сонымен  бірге,  осы  мемле-

кеттер  халықтарының  басым  көпшілігі  де  назар 

аударуда. 

Өткен жылдардағы ТМД тәжірибесі бірлесудің жаңа 

деңгейіне көшудің қажеттігін көрсетуде, ал бұл оған 

қатысушы  барлық  мемлекеттердің  бірлесе  отырып 

қабылдаған міндеттемелерін орындауға кепілдік беретін 

болады.


Халықаралық тәжірибе кез келген мемлекетаралық 

бірлестік өзінің дамуында әртүрлі кезеңдерден өтетінін, 

ынтымақтастықтың жаңа түрлерімен толыға түсетінін 

көрсетіп  отыр.  ТМД-ның  елеулі  артықшылықтары 

бар, олар – экономиканың кірігуінің жоғары дәрежесі, 

әлеуметтік-саяси  құрылымдары  мен  халықтарының 

діл ұқсастығы, сондай-ақ көптеген республикалардың 

көпұлтты құрамы, ортақ тарихи дәстүрлері.

Осының бәрі ұлттық-мемлекеттік құрылыс үдерісін 

осы  негізде  мемлекетаралық  интеграциялық  үдеріс- 

терді сақтаумен және дамытумен үйлестірудің қажет-

тігін  көрсетеді.  Тарихтың  қисыны  ондаған  жылдар 

бойы  қалыптасқан  қуатты  интеграциялық  әлеуетті 

пайдаланатын барлық Достастық елдерінің бірлескен 

күш-жігерінің арқасында ғана әлемдік қоғамдастыққа 

кірігуге болатынын көрсетеді.



484

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қалыптасқан жағдай ТМД-дағы тетіктерді жетілдіру-

мен қатар, оның өзін бірлесудің жалғыз түрі ретінде 

қарауға болмайтынын көрсетеді. Өмірдің өзі дәлелде-

геніндей, ТМД елдерінің одан әрі дамуын сол елдердің 

әрқайсындағы ішкі әлеуеттің жеткіліксіздігі тежеп отыр. 

Мұның  дамуы  кеңестен  кейінгі  кеңістіктегі  елдердің 

жаңа, нарықтық негізде экономикалық бірігуі арқылы 

ғана мүмкін болады.

Біртұтас  халықшаруашылық  кешенінің  мұраға 

қалған құрылымдары әлі де таттануда. Экономикалық 

байланыстардың  күні  өткен  формалары  объективті 

түрде жойылуда. Сонымен қатар, біздің елдеріміздің 

таяудағы және әрідегі экономикалық мүдделеріне сай 

келетін орныққан технологиялық байланыстар үзілуде.

Нарықтық  реформациялардың  әмбебап  заң-

дылықтары  бар.  Экономикалық  романтизмге  бой 

алдырмай, бірде-бір ел оларды елемей қоя алмайды. 

Бұрынғы Одақ елдерінің экономикаларын ондаған жыл-

дар бойы қалыптасқан тығыз шаруашылық қатынастар 

негізінде нарықтық реформалау жөніндегі күш-жігерді 

біріктірген жөн.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, өтпелі 

қоғамдар  тек  ұжымдық  күш-жігер  негізінде  ғана  

жаңғыртуды ойдағыдай жүзеге асыра алады. Сонымен 

бірге, біз ТМД елдерінің бұл мәселені жекелеп шешу 

жөніндегі іс-әрекеттері бұрынғысынша нәтижесіз болға-

нын  көріп  отырмыз.  Экономикалық  интеграцияны 

жаңа жағдайда жүзеге асырғанға дейін ол солай болып 

қала бермек. Басқа жағынан алғанда, алыс шетелдердегі 

әлдебір  өңірлік  экономикалық  бірлестіктерге  қайта 

бағыт  ұстау  әрекеттері  де  қисынсыз  екендігі  көрініп 

отыр.


485

Мемлекеттер үшін сыртқа шығарылатын шикізатқа 

қатысты баға саясатының өзара келісілмеушілігі елеулі 

проблемаға айналып, олардың экономикалық жағдайы- 

на теріс әсер етуде. Екінші жағынан, бұл қалыптасқан 

дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына тұрақсыз-

дық сипатын енгізіп, үшінші елдерді қатаң санкциялар 

қолдануға мәжбүр етеді. Шикізат пен энергия ресурс- 

тарын  сыртқа  шығару  біздің  мемлекеттеріміз  үшін 

ең маңызды табыс көзі саналады. Осыған байланысты 

ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттердің мүддесі үшін 

сол  елдердің  экспорт  саясатының  бірыңғай  жүйесін 

құрып, белгілі бір елдер келісілген квоталар мен баға-

ларды сақтамаған жағдайда елеулі шаралар қолдану 

тәртібін орнатудың қажеттігі туып отыр.

ТМД елдеріндегі ұлттық заңнамаларды жетілдіру 

нарықтық  реформаларды  табысты  жүзеге  асыруды 

қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. 

Шаруашылық  қызметінің  заңнамалық  негіздерін 

жақындатпайынша, жаңғыртуды одан әрі ілгері бастыру 

мүмкін емес, өйткені олардың арасындағы алшақтықтар 

экономикадағы интеграциялық үдерістерге елеулі бөгет 

болып отыр.

Елдердің  арасындағы  нарықтық  экономиканы 

дамыту, саяси үдерістерді демократияландыру деңгейі 

әртүрлі екенін ескере отырып, біз Еуразиялық Одақтың 

ТМД-ның қызметімен үйлесетін қосымша интеграци-

ялық құрылымын құруды ұсынамыз. Бұл орайда инте-

грацияның алуан нұсқалылығы, әртүрлі қарқындары, 

ТМД елдерінің дамуындағы әркелкілік пен түрлівек-

торлық ескерілмек. Мұның өзі ТМД-дағы жаңа эконо-

микалық тәртіпті қалыптастырудың табанды түрдегі 

қажеттілігі туралы айтуға негіз береді. Мақсат – қаты-


486

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


сушы мемлекеттердің экономикалық саясатты келісуі 

және  экономикалық  реформаларды  жүзеге  асыру- 

дың олар орындауға бірлескен Бағдарламасын қабыл-

дау.


Әлеуметтік-экономикалық  саяси  дағдарыс  шын 

мәнінде барлық ТМД мемлекеттерінің көпұлтты құра-

мының аясында өтіп жатыр. Соның салдарынан этнос- 

аралық шиеленіс өршіп, тек мемлекеттердің өз ішіндегі 

шиеленістерге ғана емес, мемлекетаралық жанжалдарға 

ұласуда. Мұндай жағдай Тәуелсіз Мемлекеттер Достас- 

тығы институтының өзін абыройсыздыққа ұрындырады. 

Демек,  бірлескен  күш-жігер  арқылы  алуан  түрдегі 

жанжалдарды тежеу, оқшаулау және жою тетіктерін 

талдап жасау қажет.

Қазір барлық ТМД елдері ішкі жағдайларына сәйкес 

мемлекеттік құрылыс нысандарын іздестіруде. Бірақ, 

тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ТМД-ның біртұтас 

та,  федеративті  де  мемлекеттері  толық  дәрежесінде 

тұрақты деп мойындала алмайды.

Экономикалық интеграция мәселелерін шешу жет-

кілікті көлемде өкілеттіктері бар саяси институттарды 

құру қажеттігін талап етіп отыр. Олар мемлекеттердің 

шын  мәнінде  экономикалық,  саяси,  құқықтық,  эко-

логиялық,  мәдени,  білім  беру  салаларындағы  өзара 

қарым-қатынас функцияларын реттеуді қамтуы тиіс. 

Сөйтіп, неғұрлым жоғары деңгейдегі өзара қарым-қа-

тынастардың кедергілерін жоюдың және, сонымен бір 

мезгілде,  олардың  институттарын  құрудың  уақыты 

жетті.

Қазіргі  сәтте  ғылым,  мәдениет,  білім  беру  сала-



сында оқшаулану үдерісі жүруде. Бір кездегі бірыңғай 

мәдени-біліми  кеңістік  бытыраңқы  күйде.  Осындай 



487

жағдайда «ғылымда шекара жоқ» деген пайымдаудың 

өзі орынсыз болып қалды. 

Шиеленіскен экономикалық қиындықтар аясында 

мамандардың ғылым, мәдениет, білім беру салаларынан 

шеттеуі белең алып, зиялылық әлеуетінің кемуі, білім 

берудің деңгейі мен сапасының төмендеуі күрт арта 

түсуде.  Бұл  үдерістер  бір  кездегі  біртұтас  жүйенің 

үзілуіне ғана емес, әлемдік өркениеттің мәдени-ғылыми 

жетістіктерінен оқшаулануға соқтырып отыр.

Сонымен  бірге,  экономика  мен  саясаттағы  бірігу 

үдерістерін жеделдетуге деген ұмтылыс мәдениет, білім 

беру және ғылым саласындағы уағдаласқан саясатты 

сақтау мен дамытуға сүйенуі тиіс. Жаңа білімдерді алу 

мен нақты іске жарату жөніндегі үдерістерді интерна-

ционалдандыруды сақтап, нығайта беру керек. Ғылы-

ми-техникалық саладағы зерттеулер мен талдамаларды 

біріктіру жалпы алғанда ғаламдық дәрежеде өнеркәсіп 

қызметінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Кеңестен  кейінгі  кеңістікті  әлемдік  мәдени  және 

ғылыми  қауымдастықтан  оқшаулау  технологиялық 

саладағы артта қалудың жаңа кезеңіне апарып соғуы 

мүмкін.

Аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігін қамтама-



сыз ету – жаңа мемлекеттер үшін өзекті міндеттердің 

бірі. Қазіргі кезде кеңестен кейінгі кеңістік тұрақсыз- 

дықтың,  алуан  түрдегі  жанжалдардың  үйлесуінің 

аймағы  болып  отыр,  сондай-ақ  ТМД-дан  тысқары 

жерлердегі жанжалдардың ықпалын да қатты сезінуде. 

Сыртқы  шекараларды  қорғау  және  жанжалды  өңір-

лердегі жағдайды тұрақтандыру тек барлық мүдделі 

мемлекеттердің бірлескен күш-жігерлерінің арқасында 

ғана жүзеге асырылуы мүмкін және ол соған қатысушы-


488

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лардың қорғаныс сипатындағы мәселелер шеңберіне 

үйлесімді көзқарасын талап етеді.

Экологиялық қауіпсіздік проблемасы ТМД елдерін-

дегі толғағы жеткен және шешілмеген мәселелердің бірі 

болып қалып отыр. Экологиялық шиеленіс бірқатар 

себептерге байланысты. Оларға  ядролық  қаруларды 

сынаудың, атом электр стансалары қызметінің зардап-

тарын,  қоршаған  ортаны  өнеркәсіп  қалдықтарымен 

ластауды,  адамның  шаруашылық  қызметінің  нәти-

жесінде табиғи ортаны аздыруды (су бассейндерінің 

тартылуын, ормандарды отауды, топырақ эрозиясын 

және т. б.) қосуға болады.

Бұл  проблемалар  барлық  ТМД  елдері  үшін  шын 

мәнінде көкейкесті, оның үстіне экологиялық апаттың 

негізгі аймақтары, әдетте, шекаралық аудандарда орна-

ласады. Бұл проблемалар қалыптасқан технологиялық 

базалардың,  экстенсивтік  бағытқа  негізделген  шару-

ашылық қызметін жүргізу тәсілдерінің ортақтығынан 

туындаған. Бүгін таңда осы проблемалардың ешқай-

сысын бір ғана, тіпті ең ірі мемлекеттің дербес күш-жі-

гері арқасында шешу мүмкін емес. Қоршаған ортаны  

сақтау – қыруар қаржыны, барлық мемлекеттердің бір-

лескен күш-жігерін талап ететін ғаламдық тұрғыдағы 

міндет.


Талқылау  үшін  «Еуразиялық  Одақ»  (ЕАО)  деген 

шартты атпен жаңа интеграциялық бірлестік құрудың 

жобасы ұсынылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет