Жан – жақты саралай отырып, неологизм деген зерттеліп бітпеген, әлі де зерттеле беретін ұғым екеніне көз жеткіздік.Себебі қоғамның дамуына байланысты күнделікті өмірде жаңа сөздер пайда бола береді. Мұндай сөздерді дер кезінде жиып-теріп, көпшілік пен мамандар талқысынан өткізіп, сәтті жасалғандарын іріктеп алып, жаппай қолданысқа ұсынып отырсақ, олар тасада қалып қоймай, тілдік айналымға түсуге мүмкіндік алады. Бұл жұмыстар үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілгенде ғана тіліміздің лексикалық баюымен қатар әдеби тілге енген сөздердің сапасы да артып, сөзжасам үдерісі жолға қойылып, сөз мәдениеті көтеріледі.