Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет156/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   250
Бибіажар Зейдешқызы Нурымова 

Түркістан аумақтық мүгедек балаларды оңалту орталығы 

ОҚО, Түркістан қ. 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫ 

БАРЫСЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІ 

 

Эмоция – бұл  зерттелмеген  обьект,  мұны  сезім  деп  көрсетуге  болады,  



бір    минуттық    құбылыс.    Осы    күнде    психология    эмоция    айналасында  

ауқымды    зерттеулер    басталуда,    өйткені    бұл    келешекте    болатын    сезім.  

Мұнда    адам    өміріндегі    әртүрлі    жағдайға    эмоционалды    реакциясы    тілге  

тиек   етілуде.    Біз   кейде   қуандық,    қорықтық,    ренжідік   деп    айтамыз,    бұл  

істер    жанымыздың    күйін    көрсетеді.   Алғашында    біз    эмоция  арқылы    әсер  

аламыз,    сосын    барып    сезім    туындайды.    Міне    сондықтан    мақалада 

адамдардың    эмоциялы    жағдайын    түсіндіру  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың өміріндегі әрекеттеріндегі эмоциялық ерекшеліктері сипатталады.  

  



440 

 

Басты  сөздер:  мүмкіндігі  шектеулі  балалар,  эмоция,  сезім,  технология 

сабағы, ынта, қызығушылық, белсенділік. 

 

Ададамдар  бір  бірінен  ақыл  ой  даму  деңгейі  бойынша,  тәндік  даму 



деңгейі  бойынша,  еңбек  нәтижесі  бойынша  жоғары  немесе  төмен,  жақсы 

немесе  жаман,  сапалы  немесе  сапасыз  деп  өзгешеленіп  жатады.  Ал  олардың 

эмоциялық  ерекшеліктеріне  келсек,  барлық  адам,  дені  сау  болсын,  мүмкіндігі 

шектеулі  болсын  сыртқы  орта  әсері  негізінде  белгілі  бір  күйді  басынан 

өткереді.  Адамға  біреу  жылы  сөйлесе,  илтипаттық  көрсетсе,  мейірімділік 

танытса,  бұл  жағдай  кез  келген  адамға  жағымды  күй  тудырады.  Ал  егер 

керісінше,  адамдарға  қаталдық  танытып,  ұрсып  жекісе,  онда  барлық  адамда 

реніш,  қайғы  күйі  байқалады.  Олай  болса,  эмоциялық  күй  мүмкідігі  шектеулі 

балаларда ерекше орынға ие.  

Эмоция  адамның  барлық  жағдайында  және  істің  әр  түрінде  кездесуді  

менің    алдыма    осы    жағдайды    анықтап    оған    қоса    балалармен    жұмыста  

қолдану  мақсаты  тұр.  Алдыңғы  қатарлы  ғалым  психиатр  А.  Е.  Личко  кіші 

мектеп  жасындағы  балалардағы  эмоциялык  көріністерді  ерекше  атай  келе, 

эмоция арқылы балаларға тез әрі әсерлі қатынас құра алатыымызды көрсетеді. 

Мұмкіндігі  шектеулі  балалардың  өз  өмірінде  көптеген  нәрселерден 

кешеуілдеуіне  қоса,  оларға  теріс  эмоциялы  қатынас  құру  ең  ауыр  жаза  болып 

табылады.  Сондықтан  қандай  іс  әрекетте  болмасын  олардың  эмоциялық 

ерекшеліктеріне  көңіл  бөле  отырып,  оқу  тәрбие  процесін  жүзеге  асырып 

отырсақ, соғұрлым педагогикалық іс нәтижелі бола түсер еді. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  технология  сабағында  өздерінің  қол 

жеткізген  кішкентай  болса  да,  табыстары  мен  жетістіктері  олардың  жан 

дүниесіне терең әсер етіп, жағымды эмоциялық күй кешеді.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оңалтудың  түрлері  және  оның  негізгі 

қағидаларын түрлі нұсқаларда қарастыруға болады : 

- үрдіс ретінде; 

- соңғы нәтиже ретінде; 

- қызмет ретінде; 

        Әлеуметтік  оңалту  үрдіс  ретінде  динамикалық  жүйені  құрайды,  оның 

барысында  стратегиялық  мақсатқа  жету  –  баланың  әлеуметтік  статусын 

қалпына  келтіру,  травмалық  жағдайларға  тұрақты  тұлғаны  қалыптастыру, 

қоғамға  сәтті  ене  алатын  тұлғаны  қалыптастыру  жолындағы  тактикалық 

міндеттерді баламен өзара байланыста шешу  жүзеге асады. Әлеуметтік оңалту 

үрдісі  осы  саладағы  маман  басшылығымен,  арнайы  ұйымдастырылған 

жағдайларда,  балаға  әсер  етудің  түрлі  формаларды,  әдістерді  және  арнайы      

құралдарды пайдалануды қамтиды. 

         Әлеуметтік оңалту соңғы нәтиже ретінде – бұл оның соңғы мақсаттарына 

жету,  мұнда  денсаулығының  шектеулі  мүмкіндігі  бар  адам  қажетті  оңалту 

мекемелерінде  кешенді  оңалтудан  өткен  соң  қоғамның  әлеуметтік  – 

экономикалық өміріне енеді және өзінің кемістігін сезінбейді. 

       Әлеуметтік  оңалту  қызмет  ретінде  оны  ұйымдастыратын  маман  тұлғасы 




441 

 

мен  қызмет  пен  қарым-қатынас  субъекті  болып  табылатын,  әлеуметтік  оңалту 



үрдісіне енген бала тұлғасына теңдей дәрежеде байланысты болады. 

Шетел  ғалымдарының  салыстырмалы  зеттеулері,  балаға  ата-аналары  түзету 

және  педагогикалық  процеске  тартылған жанұя  жағдайларындағы  жүйелі  ерте 

педагогикалық  көмек  бала  дамуының  процесінің  өзін  жаңа  сапалы  деңгейге 

алып шығуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге айтарлықтай шамада  

ерекше  қажеттілігімен  адамды  оның  тең  құқылы  мүшесі  ретінде  қоғамға 

интегралдау процесін анықтайды. Мұндай процестің салдарының бірі мүгедек 

баланың  басым  көпшілігінің  қол  өнермен  айналысу,  өзіне  қызмет  етудің 

күрделі  формаларындағы  еңбек  жұмыстар,  тамақ,  жеңіл  өнеркәсіптік 

қарапайым іс әрекеттерді жүзеге асыруы деп көрсетіледі.   

 Л.С.Выготскийдің   идеясын   дамыта  отырып,  Д.Б.Эльконин  бала  іс - 

әрекетінің    түрін  2    типке      бөлді.    Бірінші    типте    көбінесе    тұлғалық    іс  - 

әрекеттің  мотивациялық  қажеттілік  сферасын  дамытады (коммуникативтік іс 

- әрекет, сюжеттік-рольдік ойындар). Бұл қарым қатынас арқылы жүзеге асады. 

Ал екінші типте дамытушы  операциональдытехникалық мүмкіндіктер (заттық 

–  манипуляциялық,  заттық  –  құралдық,    оқу    іс  -әрекеті)  басымырақ.  Бұл 

технология  сабағындағы  іс  әрекеттер  арқылы  жүзеге  асады.      Осы    іс-әрекет  

типтерінің      ауысуынан    бала    психикасы    детерминацияналанады.  

Д.Б.Эльконин  іс - әрекет  типтерінің  алмасу   заңдылығын   ашты.   Өзара  екі  

тип      бағдарларының    арасында    қарама  –  қайшылықтар      бала      дамуының   

себепкері  болып   отырады. 

Сондықтан да мұғалім оқу – тәрбие үдерісін сабақ түрінде де және жаңа 

технологияларды  пайдалана  отырып  басқаша  да  ұйымдастыра  алады.  Ең 

бастысы  сабақ  өмір  шындығына  жақындау  болып,  еркін  түрде  өту  керек. 

Технология  сабақтарын  сабақ  кестесіне  жиі  кіргізіп,  күннің  бірінші 

жартысында немесе сабақ кестесіне кіргізбей күннің екінші жартысында да кез 

келген  уақытта  өткізуге  болады.  Бірінші  сабақта  алған  теориялық  

мағұлматтарды,  екінші  сабақта  тәжірибе  жүзінде  қайталау    жолымен  бекіту 

үшін екі сабақты  біріктіріп өткізуге де болады.  

Егер  балаларды  ынталандыратын,  қызықтыратын  белсенділіктің  жаңа 

түрі, яғни олардың эмоциялық күйін жайдарлы етіп, көңілдендіріп, қуанышты 

тудыратындай әсерлі етіп ұйымдастырылса, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, 

бұл  бір  байлық,  жан  азығы  болар  еді.  Өз  тәжірибемнен  байқағанымдай, 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ең  алдымен  эмоциялық  күйлеріне  көңіл  бөлу 

арқылы  оқытсақ,  көп  нәрсеге  қол  жеткізуге  болады.  Әсіресе,  технология 

сабағында өз қолдарымен жасаған жұмыстарының нәтижесіне қанағаттану бала 

өмірін нұрландыра түседі.   

Сонымен  қорыта  айтқанда,  арнайы  білім  алу  қажеттіліктердің  дамып 

жетілуі  жағынан  кешеуілдеп  қалған  тұлғаларға  іс  жүзінде  көмек  көрсетудің 

қажеттілігі  айқын  көріне  түсуде.  Арнайы  білім  алудың  оның  тәрбиелік  және 

білім  беру  компоненттерінің  құрамы  тек  дамудағы  ерекше  ауытқуларға  ғана 

емес, 


сондай-ақ 

мүмкіндігі 

шектеулі 

өсуші 


адамның 

эмоциялық 

ерекшеліктеріне де тәуелді.  



442 

 

 



 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Бондаренко  Г.И.  Социально-эстетическая  реабилитация  аномальных 

детей  //Дефектология. 1998. №3. 

2.«Социальная 

работа 


с 

семьей 


ребенка 

с 

ограниченными 



возможностями» Н. Ф. Дементьева, Г. Н. Багаева, Т. А. Исаева, Институт 

социальной работы, М., 1996 г.  

3. Р. С. Немов "Психология" Книга 1. М., 1998 год. 

4. Кішкенбаева Ү. “Тірек - қимыл  аппараты  бұзылған  мектеп  жасына  

дейінгі    балалармен    жүргізілетін    тәрбиелік    түзету    жұмыстары” 

Дефектология, 1 (13) 2010,22-бет  (қаңтар-ақпан). 

5.

 

Саймағамбетова  К.  “Тірек  -қимыл    аппараты    бұзылған    балалардың  



өзіне  -  өзі    қызмет    етуіндегі    алғашқы    дағдыларын    дамыту.” 

Дефектология,           2(14)  2010, 23-бет 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет