Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет194/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Арайлым Кабиткановна Токпаева  

№3 Күршім гимназия, 

 шет тілі пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Күршім ауылы 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РОЛІ 

 

Бұл  баяндамада  орта  білім  беру  мекемемелерінде,  Кембридж  оқыту 



жүйесін  қазіргі  заман  талабына  сәйкес  іс-  тәжірибеде  пайдалану 

артықшылықтары  айтылған.  Оқушының  функционалды  сауаттылығын 

дамытуда жаңа технология үрдісінде оқыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны 

тәрбиелеу  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Жаңа  технологияны   

қолдану  білім  беру  саласында  қаншалықта  маңыздылығы  бар  екендігінің 

көрінісі осы баяндамада көрсетілген.  

 

Қазақстан мемлекеті жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, 



ағылшын  тілі  де  мемлекетаралық  тіл  мәртебесіне  ие  болды.  Осыған  орай 

ағылшын  тілінің  қолданылу  аясын  кеңейту  маңызды  мәселенің  бірі  болды. 




566 

 

Мектептерде  де  ағылшын  тілі  пәніне  қызығушылық  та,  ықылас  та  жылдан 



жылға  артып,  шет  тілін  оқытудың  тиімді  әдіс-  тәсілдері,  технологиялары 

бойынша  зерттеу  жұмыстары,  оларды  тәжірибеге  енгізу  шаралары  қолға 

алынып  жатыр.  Шет  тілін  саналы  меңгерту,  оны  өз  деңгейінде  қажеттілікке 

айналдыру, бірнеше жылға созылған мәселе, сондықтан ағылшын тілін оқыту, 

меңгерту  ісімен  шұғылданатын  мамандар  арасында  туындайтын  бір  сұрақ: 

ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізу үшін, оқушыны 

қалай  үйрету  керек?  Оқушының  қызығушылығын  арттыру  үшін  қандай  әдіс-

тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? 

Қазіргі  заман  талабына  сай  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыру  мақсатында 

көптеген  технологиялар  сабақ  үрдісінде  пайдаланылады.  Соның  ішінде  менің 

тәжірибелік 

жұмыстарымда 

Назарбаев 

интеллектуалдық 

мектебінің 

басшылығымен  Кембридждік жоба бойынша оқытып жатқан технологияларды 

қолдану  осы  сұрақтарға  жауап  бергендей.  Осы  жобаның  негізі  сабақтарда 

қарастырылатын  жеті  модульге  сараланған.  Бұл  модульдерде  қарастырылған 

идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты 

өзара байланыста болады. Бағдарламаның модульдері: 

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 

4. Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  –коммуникациялық  технологияларды 

(АКТ) пайдалану. 

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту 

6. Оқушылардың жас ерекшілктеріне сәйкес оқыту және оқу. 

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық  

Барлық  модульдер  сабақ  жоспарында  пайдаланылып,  сабақ  үрдісінде 

оқушылардың белсенділігін арттырып, сапалы білім негізіне үлкен үлес қосуда. 

Қазіргі  таңда  инновациялық  технологияларды  пайдалану,  оқу  үрдісін  жаңарту 

сынды  үлкен  қадамдар  білім  саласында  маңызды  роль  атқаруда,  яғни  бұл 

жобаның негізі де жаңаша білім беру үрдісін қалыптастыру.   

Осы жеті модульдің ішінде бірінші модульга тоқталар болсам, білім беру 

мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдерді  біз  заман  талабына  сай  әрдайым 

жандандырып,  жанартып  отыруымыз  қажет.  Қалай  оқыту  керек  екеніне  мән 

беріп,  түсінуіміз  қажет.  Өмір  бойы  өз  білімін  ұштап,  оны  одан  ары  дамыту 

қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі.  

Оқыту  кезіндегі  негізгі  іс  -  әрекеткерді  атап  өтсем,  ол  оқушылардың  өз 

бетімен  білімнің  негізін  түсінуі,  қандай  білім  алатынын  саралауы,  өзін-өзі 

реттеуі, алған білімінің нәтижелерін бағалауды, қорытындылауды игеруі. Білім 

беру  жағдайында  оқушылардың  мінез  –  құлқын,  белсенділігін,  сыныптағы 

әрекеттерін  бақылау  арқылы  әртүрлі  әдістерді  пайдалана  аламыз.  Осы  оқыту 

процесіндегі  іс  –  әрекетіміз,  әдіс  –  тәсілдеріміздің  барлығыда  оқушының 

білімге  деген  құштарлығын  оятып,  өз  бетімен  білім  алуды  үйрету  негізінде 

болып табылады. 




567 

 

Оқушының сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы жоқ болса, онда ол тек 



баға  үшін  немесе  ата  -  ана,  мұғалім  ықпалына  түсіп,  білім  алып,  оны  өз 

деңгейіне  дейін  жетілдіре  алмайды  және  де  болашақта  осы  алған  білімінің 

ешқандай пайдасын көре аламайды. Босқа өткен уақыт пен энергияға тән. Алда 

тұрған  жұмысты  жоспарлау  мен  мақсат  қоюды  қысқа  мерзімге  жоспар 

құрғаннан,  оны  білетін  жерінен  бастап,  ары  қарата  дамыту  арқылы  оқушылар 

ынталанды және де өз мақсаттарына жетуде белсенді болады. Осы бағдарлама 

аясында  алған  біліміме  және  тәжірибеме  сәйкес  оқушылар  өз  ойларын  ашық 

айтып,  оқу  үдерісінде  белсенділік  танытуы  қажет.  Бұрынғы  жүйеден 

айырмашылығы  қабілеті  жақсы  оқушылармен  жұмысты  көбірек  атқарсақ, 

қазіргі  жүйеге  сәйкес  сабақты  жоспарлау  кезінде  сыныптағы  барлық 

оқушыларды сонымен қатар сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын тудыру 

арқылы топпен, жұппен жұмыс атқара отырып, өз бетімен білім алуын оқушыға 

қамтамасыз ете аламыз. Яғни оқушының өзіне, болашаққа деген жауапкершілгі 

артып,  өзіне  деген  сенімі  күшейіп,  оқуға  деген  белсенділігі  артады.  Яғни 

оқушыларда  дағды  мен  білім  қалыптасады.  Әл  -  Фараби  «Шын  жүректен 

қызықтаған  нәрсе  ғана,  жүрегіңнен  орын  алады»-  дегендей,  оқушылар  оқу 

үдерісінде  қызығушылықпен  белсене  қатысқан  кезде  ғана  жаңа  материалды 

терең  түсініп,  меңгере  алады.  Оқушылар  өз  бетімен  білім  алу  дағдыларын 

қалыптастырса,  талқыласа,  бір-біріне  білім  берсе  көп  жетістікткерге  жетеді. 

Дереккөздерге және әр түрлі психологияға байланысты кітаптарға сәйкес алған 

біліміміздің  50  пайызы  талқылағанда,  75  пайызы  қолдану,  90  пайыз  білім 

беруде  есте  жақсы  сақталатынын  көрсеткен.  Мен  бұл  пікірге  сәйкес 

тұжырымды  бағдарлама  аясында  білім  алуда  кездестіріп,  оны  тәжірибемде 

қолдандым. Сабақ соңында қолданған рефлексия арқылы оқушы ынталанды, өз 

ойын қорытып айтып, алған білімдерін саралады. Бірінші модульге сәйкес оқу 

процесінде  оқушының  білім  алуын  қадағалау,  бағалау,  бақылау  және 

оқушының өз ойын өзгерту арқылы білімнің негізіне жету қабілетін дамытудан 

тұрады.  Оқушылар  өз  бетімен  білім  алу  арқылы,  яғни  өздерінің  алған 

білімдерін  саралай  отырып,  білім  алуға  үйренеді.  Мен  тәжірибе  барысында 

кездескен  қиындықтарға  қарамай  осы  дәрежеге  оқушы  білімін  жеткізуге 

тырыстым  және  болашақта  оны  әлі  де  дамытамын  деп  ойлаймын.  Егер 

қиындықтарға  тоқталар  болсам  әлі  де  тәжірибемнің  аздығы,  бұл  білім  беруде 

жаңа әдістерді қолдана отырып, жүйеге келтіруімді қажет етеді. 

Сыни тұрғыдан ойлау –бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың 

нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге 

бағытталған  пәндік  шешім.  (МАН,    49).  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретудегі 

мақсатым оқушылардың өзіндік пікірлерінің қалыптасуын, ағылшын тілінде сөз 

қорының  артуын,  әр  сөйлемді  ағылшын  тілінде  айтқанда  өз  бетімен  қол 

жеткізуді көздедім. Мен өткізген алғашқы «Where were you?» тақырыбындағы 

сабағымда  топтық  жұмыс  барысында  берілген  тапсырмам  бойынша,  топтың 

ережесін 

ағылшын 


тілінде 

 

құрастыру 



кезінде, 

оқушылардың 

қызығушылықтары  оянып,  сыни  тұрғыдан  ойлауға  мүмкіндік  туды.  Олар 

ойланды, ізденді (сурет-1). 




568 

 

 



                                     

 

 



Сурет-1 

 Бағалау -  одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың 

нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға, бағытталған қызметті белгілеу үшін 

қолданылатын термин.  

Оқушылардың білімін бағалауда формативті және жиынтық бағаны жүзеге 

асырамыз. Сабақты  жоспарлау кезінде алынған мәліметті ары қарата дамыту, 

шешім  қабылдау,  ойды  жинақтау,  оны  қайталау  қажеттілігін  анықтау  кезінде 

формативті бағалаудың  әдіс  –тәсілдерін  қолданудың  маңызы  зор.  Оқыту  үшін 

бағалауды  сабағымды  жоспарлауда  ескеруге  тырыстым.  Формативті  бағалау 

кезіндегі  мақсаттарының  бірі  оқушы  мен  оқушы  және  мұғалім  мен  оқушы 

арасында  байланыс  орнату  арқылы  жоспарлау  болып  табылады.  Кері 

байланысты орнату кезінде, менің сабақтарымда оқушыны формативті бағалау 

мынадай формада болды:  

1. Дұрыс жауап болатын болса: «Рахмет, бұл дұрыс жауап», «Рахмет, бәрі 

дұрыс», «Рахмет, сен сұраққа дұрыс жауап бере алдын, молодец» 

2. Толық  емес  жауап  болғанда:  «Ойың  дұрыс,  бірақ...»  ,  «Талпынысың 

жақсы, ойланып көрсең қайтеді». 

Мұндай бағалаудың формасы арқылы оқушының ізденушілігін арттырып, 

ойландырдым. 

 Келесі  сабағымның  жоспары  оқушылардың  талабына  сәйкес  құру  үшін 

«кері  байланыс»  әдісін  пайдаландым.  Бұл  әдіс  кезінде  оқушылар  өз  ойларын 

«екі ұсыныс, бір жұлдыз» арқылы сабақ соңында стиккерге жазып, жапсырып 

кету  ұсынылды.  Әр  сабағымның  соңында  оқушылар  сабақта  қолданылған 

әдістерге  ризашылықтарын  білідіріп,  сабақ  барысында  ынтымақтастық 

орнағандығын, «маған бүгінгі сабақ ұнады, ертен де осындай сабақ болса екен», 

«маған бүгінгі  сабақта  топпен  жұмыс  істеген ұнады,  жаңа  сөздерді өзім  тауап 

жаздым, маған бұл сабақта бәрі де қызықты болды» деге сынды пікірлер айтты 

`(сурет  -2,3)  .  Жеті  модульге  сәйкес  топтық  жұмыстарды  ұйымдастыру 

барысында өзін-өзі бағалау, топтық бағалау арқылы критерийлер құрастырып, 

оқушылар сабақтың мақсатына сәйкес өз білімдерін саралай алады. 

 



569 

 

         



   

            сурет-2                                                    сурет-3 

 

Өзін-өзі бағалау әдісі, оқушының өзіне баға қою емес, баға қою әрекетіне 



өз  үлесін  қосуы  болып  табылады.  Оған  критерий  құрастыру  кезінде  мынадай 

сұрақтарды қамтиды: 

1. Тапсырмадан қандай нәтиже алдым? 

2. Жауабын таптым ба? 

Тапсырманы өз бетіңмен орындадың ба? және т.б. 

Оқушылардың қызығушылығын арттыру, бағалау кезінде жұптық, топтық 

бағалау  әдісін  пайдаландым.  Басқа  сыныптастарының  баға  беруін  оқушылар 

асыға  күтеді.  Осы  бағалау  барысында  суммативті  бағаға  жету  бірқатар 

қиындықтар  тудырады.  Өйткені  формативті  бағалаудан  жиынтық  баға 

оқушының білім деңгейін көрсетеді. Суммативті бағалау арқылы оқушы өзінің 

алған  білімін  жүйелеп,  қолдану  арқылы  өзіне  баға  бере  алады.  «Past  Simple» 

сабағының  соңында  оқушылардан  барлық  өткен  материалға  сәйкес  жиырма 

сұрақтан тұратын тест жұмысы алынды.  

Жаңашыл,  жаңаға  ұмтылған  болашақты  тәрбиелеу,  білім  беруде 

ақпараттық  коммуникациялық  технологиялардың  орны  ерекше  кенін 

барлығымыз  да  түсінеміз.  Ақпараттық  коммуникациялық  технологиялардың 

орны  тек  білім  беруде  емес,  сонымен  қатар  біздің  әлуметтік  өмірде  де  керек 

екеніне көзіміз жетіп отыр. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  8-бап,  7-  тармағында: 

«Оқытудың  жаңа  технологияларын  ендіру,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  міндеті  қойылған. 

Мұғалімдер  мен  оқушыларға  әр  түрлі  дидактикалық  материалдармен  қоса 

оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді. Қазақ әдебиетінің классигі, 

ұлы  атамыз  Абай  Құнанбайұлы:  «Шәкірттерің  жақсы  оқу  үшін,  оның  оқуға 

деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. 

Мен  өз  тәжірибемде  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  және 

сабақтың  тақырыбына  байланысты  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін 

ақпараттық технологиялар көмегіне жүгінемін.  

Ақпараттық  технология  – берілген  материалды  жинау,  сақтау  және  өңдеу 

үшін бір технологиялық тізбекте бір сарынға келтірілген әдістер мен өндірістік 

және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы болып табылады.  

Мысалға  оқушыларға  сабақ  материалдарын  түсіндіру,  жоспарлау 

барысында  компьютер  арқылы  интернет,  Мicrosoft  Word,  CD-ROM,  Active 

тақтаны 


қолданамын 

(сурет-3). 

Компьютерді 

пайдалануда 

түрлі 

программаларды  қолданамыз,  соның  ішінде  ең  қарапайымы  «traditional 



programs»  Microsoft  Office  программалары  шет  тілін  үйрену  барысында    бізге 

ауқымды жұмыстарды атқаруға мүмкіндік тудырады (сурет-4,5).  




570 

 

 



 

 

 



 

 

 



сурет -3                  сурет -4                     сурет -5 

 

Шын  мәнінде  ақапараттық  технологиялардың  мүмкіндігі  зор.  Ол  күннен 



күнге  кәсіби  шеберлікті,  сандық  сауаттылықты  талап  етеді.  Ы.Алтынсарин: 

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім  - мектептің 

жүрегі» деген екен. Яғни, болашақ ұрпаққа білім нәрін сусындатып, болашаққа 

жетелейтін  біздер,  ұстаздар  қауымы  болғандықтан,  кәсіби  білікті,  жан-жақты, 

заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу бірден –бір міндет. 

  Жеті  модульдің  ішіндегі  күрделісі  де  қызықтыратыны  да  дарынды  және 

талантты  оқушылармен  жұмыс  деп  ойлаймын.  Осы  модульді  жүзеге  асыру 

барысында  оқушының  пікірін  тыңдай  отырып,  ары  қарай  дамуына  ықпал 

жасауымыз қажет. Оқушы көбіне талантына мән бермейді. Дарынды оқушыны 

анықтау  арқылы,  оқушыны  ары  қарата  білетін  деңгейінен  жетік,  белсенді, 

шыңдалған ойына қол жеткізу болып табылады. Оқушының дарындылығы да, 

қабілеттілігі  де  әр  түрлі  болады.  Менің  тәжірибеме  сәйкес  оқушының  жұмыс 

жасау  барысын  бақылау  арқылы  оның  икемділігін,  қабілетін  бақылаймын. 

Оқушының  қабілеттілігі  сабақ  үрдісінде  айқын  көрінеді.  Оқушыға  сабақ  беру 

кезінде байқағаным дарынды оқушы өз ойын саралап, қалай, не істеу қажеттігін 

ойланып, өзін-өзі реттеп алып, тапсырманы орындайды, көп уақытын жоғалтуы 

да мүмкін, бірақ нәтижесінде оның ойы нақты, жүйелі болып шығады. Әр түрлі 

тапсырмаларды орындау арқылы оқушы өзінің деңгейіне қарай алғыр болады, 

білгенін сыныптастарына түсіндіру арқылы немесе басқа да әрекеттер арқылы 

білім  деңгейінің  сыныптастарының  арасында  ой  ұшқырлығын  танытады. 

Дарынды оқушының пәнге деген қызығушылығы басым келеді. Дарынды және 

талантты оқушылардың ары қарата шыңдалуына  дарынды балаларға арналған 

семинарлар, дебат-клубтар, өнер фестивальдері септігін тигізеді.  

 Қорыта  келгенде  оқыту  мен  оқуда  осы  жеті  модульдің  артықшылығын 

байқадық.  Әр  жаңа  нәрсе,  жаңа  реформаның  өз  қиындықтары  болып  жатады. 

Сол сияқты біздің тәжірибемізде жоғарыда жеті модульді талқылау барысында 

айтып өткендей қиындықтар кездеседі. Бірақ оның барлығын жеңуге болашақта 

тырысамыз.  Яғни  бұл  алған  білімдерімізді,  оқу  процесіне  жоспарлы  түрде 

енгізуіміз қажет деп ойлаймын. 

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

курстарының  үшінші  (негізгі)  деңгей  бағдарламасын  зерделеу  мен  меңгеру 

арқылы,  мұғалімдер,  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның 

нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, 

сенімді,  сыни  пікір  –  көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда 

құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз. 



571 

 

 



Библиографиялық сілтемелер 

1. H.  Douglas  Brown  /Principles  of  Language  Learning  and  Language 

Teaching. San Francisco State University / forth edition. Longman, 2000. 

2. Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  //  Қазақстан 

мұғалімі. – Алматы, 23.07.1999 –Б.2-5. 

3. Қазақстан  Республикасы  12  жылдық  орта  жалпы  білім  берудің 

жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар. – Астана, 2006ж. 

4. «Мұғалімге 

арналған 

нұсқаулық» 

«Назарбаев 

зияткерлік 

мектебі»ДББҰ, 2012 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет