өзіндік ерекшелігі, өзіндік мүмкіншіліктері, тиімділіктері бар әдіс-тәсілдер
600
1-сурет. Оқушылардың сюжетті конкурсқа түсуі. Өз пікірін қорғап
дәлелдеуі.
Оқушының бойындағы коммуникативтік сауаттылықты дамыту үшін
оқушыларды сабақтың басынан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, сабақты
практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырылуы керек.
Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау
әрекеттері арқылы іске асады. Рөлдік ойын әдісі арқылы оқушылар тез
тілдеседі, образға енеді, оқушы өзін танытады, достарының пікірімен санасады,
дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіреді, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар сұрақ-жауап әдісін оқушылардың сөйлеу дағдысын
дамыту мақсатында оқытудың барлық кезеңдері мен түрлерінде жиі қолдануға
болады.
Оқушылар бойына жоғарыда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың
түрлерін дарытқымыз келсе, PISA халықаралық зерттеу тапсырма
мысалдарының үлгісімен тапсырмалар құрастырып, оның шешу жолдарын
ұсынып, орындатып отыру керек. Мысалы: 5-сыныпқа табу тақырыбын
өткенде, найзағай туралы қосымша мынандай үлгіде тапсырма ұсынуға болады:
Сұрақ 1: Найзағай
1-сурет. Найзағай
Найзағай – бұлттар, не бұлт пен жер арасында болатын алып электрлік
ұшқынды разряд. Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең,
температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Жыл сайын әлемде найзағайдан
3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі. Найзағай
соққанда, терезені, есікті, құбырларды жабу керек, телефонмен де сөйлесуге
болмайды. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе
жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге
жақындауға, су жиналатын жерлерге тұруға болмайды. Теледидар, радионы
және басқа да электрлі қондырғыларды тоқтан ажырату керек. Қысқа
ағаштардың арасын паналау қажет. Биік ағаштардың қасына, әсіресе терекке,
еменге, шыршаға тығылуға болмайды.
Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай
ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым.
601
Сұрақ 1: Найзағай
Найзағайдан қалай қорғануға болады?
Сұрақ 2: Найзағай
Наным-сенімге қатты сенген қазақ халқы найзағай сөзін тағы басқа
қандай сөздермен алмастырып қолданған?
А) Аты жаман
В) Ұлыма
С) Итқұс
Д) Жай,жасын
Сұрақ 3: Найзағай
Достарыңызбен бөлісу: