Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет202/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   250
Меруерт Муратаевна Хадиева 

«Жетыарал орта мектебі» КММ 

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы 

 

Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП

ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

ӘДІСТЕРІ 


596 

 

 



Аталған 

баяндамада 

функционалдық 

сауаттылық, 

Қазақстан 

Республикасының  еңбегі  сіңген  ұстазы  Қ.О.Бітібаеваның  авторлық  моделін 

пайдалана  отырып,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

әдістері  туралы  сөз  қозғалған.  Жаңа  технологияны  меңгеруде  басты  құрал  

білім  болып  табылады.  Мақсат  –  оқушылардың  алған  білімдерін  жай  ғана 

иеленіп  қоймай,  оларды  орынды  жерде  қолдана  білуге  басты  назар  аударту. 

Және функционалдық сауаттылық түрлері көрсетіліп, оны дамыту үшін тиімді 

әдіс-тәсілдер қатары көрсетілген. 



 

Түйін  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  жаңа  технология,  Ұлттық 

жоспар. 

 

Елбасы  2012  жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында 



мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес 

жылдық  ұлттық  жоспар  ұсынған  болатын.  Ол  жоспардың  мақсаты  – 

Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  атқарылатын  іс-шаралардың  жүйелілігі  мен 

тұтастығын қамтамассыз ету. 

Ұлттық  жоспарды  орындаудың  нәтижесінде  2017  жылға  қарай 

қазақстандық  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп 

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. 

      Ұлттық жоспардың міндеттері: 

      1.  Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың 

отандық және халықаралық практикасын зерделеу. 

      2.  Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 

бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау. 

      3.  Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу 

жоспарлары мен бағдарламалар. 

      4.  Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. 

      5.  Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг 

жүргізу жүйесін дамыту. 

      6.  Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының 

материалдық-техникалық базасын нығайту. 

Жалпы  алғанда,  Ұлттық  жоспарды  жүйелі  және  одан  әрі  іске  асыру 

Қазақстанның  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  және 

функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. 

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  1960 

жылдары 

ЮНЕСКО 


құжаттарында 

пайда 


болды 

және 


кейіннен 

зерттеушілердің  қолдануына  енді.  Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен 

алғанда,  білім  берудің  (бірінші  кезекте  жалпы  білім  беруді)  көп  жоспарлы 



597 

 

адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану 



тәсілі ретінде түсіндіріледі. 

Функционалдық  сауаттылық  –  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-

қатынасқа түсе алу  қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен 

қарым-қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  Олай  болса,  функционалдық 

сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп 

саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын  қамтамасыз  ететін 

білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 

білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе 

жеке  адамдар  тобының  мәдени  және  әлеуметтік  дамуының  өлшемі.  Осындай 

сапалық  сипаты  тұрғысынан  қарағанда  функционалдық  сауаттылық  жеке 

адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 

Сауаттылық  –  адам  бойындағы  тұрақты  қасиеттердің  бірі.  Ал 

функционалдық  сауаттылық  адам  бойында  тек  белгілі  бір  білімді 

жинақтағаннан кейін ғана көрініс табады. Функционалды сауатты тұлға болып 

қалыптасу  үшін  тұлға  белгілі  бір  білім  қорын  жинақтап  қана  қоймай,  оны 

әлеуметтік,  саяси,  қоғамдық,  мәдени,  экономикалық  өмірде  кездескен 

жағдаятқа  сай  қолдана  білуі  керек.  Жүйелеп  айтқанда,  тұлғаның  жасына, 

мамандығына  қарамай,  өмір  бойы  білім  ала  отырып,  бүгінгі  жаһандану 

дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  ілесе  жүріп,  меңгерген  білімді  күнделікті 

өмірде,  тұрмыста  қолдана  алуы  және  үнемі  дағдыға  айналдырып,  жетілдіріп 

отыруы. 

Сонда тұлға нені басшылыққа алуы керек? Ол үшін тұлға функционалдық 

сапалар жайында білуі керек: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет