Роль – Гүл
Аудитория – Бір бөлмеде тұратын досыма
Форма - Өтініш
Тақырып – Гүлді аяла!
«Құрметті менің досым! Екеуміз бір бөлмеде тұрғасын және саған таза
ауа бөліп тұрғасын сені өзіме дос санаймын. Ал сен ше? Кейде тіпті су құюға да
ұмытасың. Бәрінен де кешегіні айтсаңшы. Үш жасар бөпең менің сау
жапырағымды жұлып алғанда мыңқ етпедің. Өзіңнің сау тісіңді жұлып алса
қайтер едің? Біз де сендер сияқты тірі табиғаттың бір бөлшегіміз. Олай болса,
гүлді аялауды үйрен! Игі тілекпен: сенің досың Гүл». Қандай тамаша жұмыс!
Тәрбие саласында СТО –ның әдістерін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының
элементтерімен ұштастырып, оқушылардың арасында, оқушы мен ата-ана
арасында және мұғалім мен ата-ана арасында қарым-қатынастың жаңаша түрін
122
қалыптастыруға болады. Осы бағытта «өзін-өзі тану» бағдарламасы
элементтерін өз сабағымда, тәрбие саласында әсіресе ата-аналармен жұмыста
көп қолданып көрдім. Мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тыныштықта отыру»,
«Алақан жылуын сезіну», «Тілек айту», «Жүректен жүрекке» т.б.
Балалардың кішкентай кезінен ата-аналарына, туған-туысқандарына
қоятын «Мынау не?», «Мынау кім?», «Неге олай?», «Неге бұлай?» деген
сұрақтарына дұрыс та нақты, дәлелді де тиянақты жауап беріп, оның танымдық
сұраныстарын қанағаттандыра отырып, жан-жақты тәрбиелеудің негізі осы
өзін-өзі тануда жатыр. Өзін-өзі тану адамның қоршаған ортаны дұрыс
қабылдауынан, оларға деген дұрыс қарым-қатынасынан басталады.
Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-ананың
да, мектептің де ең басты міндеті. Бала үйде де, мектепте де, қоғамдық-
көпшілік орындарда да әдепті, сыпайы болу керек. Баланы жастайынан
отаншылдыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке,
ұйымшылыққа үйрету- адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Тәрбие негізі –отбасынан басталады. Қазақ халқы ата-ананы қадірлеген,
тегімізді атадан, тілімізді анадан сақтаған халықпыз. Үлкенді сыйлаудың ең
биік шыңы әке мен шешені сыйлау. Атам қазақ бала тәрбиесі жайлы былай
дейді: «Балаңды 5 жасқа дейін патшаңдай еркелет, 5-15 жасқа дейін құлыңдай
жұмса, ал 15 жастан кейін досыңдай, құрдасыңдай сыйлас, сырлас» - деп тегін
айтпаған.
Еңбек, сурет сабақтарында «Әр қалыпты жазу» әдісін қолданып көрдім.
Балалар әуелі түс таңдайды. Түс таңдау бұл - бір үлкен әлем.Таңдаған түстер
бойынша пішінді қиып, бетіне тілегін жазады. Балалардың жазған тілектерін
мынадай топтарға бөлуге болады:
Кесте № 2
Денсаулыққа
байланысты
тілек
Болашаққа
арналған
тілек
Істелген іске
қатысты
тілек
Достық тілек Ата-анаға
арналған
тілек
Сүйіспеншілік
тілек
Әрбір мереке қарсаңында «Балаға тілек», «Анаға тілек», «Оқушыларға
арналған тілек», «Әжеме тілек», «Әкеме тілек», «Досыма тілек», т. б. тілектер
жазылады. «Анаға тілек» айдарын аналарына жиналыста оқып беріп, баласына
тілек жаздыруға болады. «Балаға тілек» айдарын тәрбие сағатында балаларына
оқып беремін. Сол кезде аналардың да, балалардың да бір сәт керемет сезімге
бөленгендерін байқайсың. Мысалы:
Бірінші бетіне
Мен сені жақсы көремін!
123
Екінші бетіне Мен сені кемшілігің болса да жақсы көремін!
Бетті оқушылар сурет сабағында өздері дайындайды. Күннің суретін
әдемі етіп салады, бояйды, атын жазады. Жиналыста ата-аналары «Мен сені
жақсы көремін!» және «Кемшілігің болса да жақсы көремін!» деп суретті
толтырады. Тәрбие сағатында балалардың сабағына, тәртібіне байланысты
кемшіліктерін қадағалай отырып, «Оқушыға тілек» деген өзімнің жазғанымды
оқимын. Содан кейін ата-анасының тілегін оқимын. Екеуінде айтылған
кемшіліктер бір-бірімен сабақтасып, бірізділікпен жазылуына мән беремін.
Мұғалім мен анасының тілегі бір болса, баланың кемшілігін түзеуі, өзін-өзі
ұстауы, қалыптасуы оң нәтиже беретінін байқадым. Әр бағыттағы ата-анамен
жүргізілген жұмыстардың қорытындысын ашық тәрбие сағатында, мерекелік
ертеңгіліктерде айтып, марапаттап отырдым.
Мысалы: Сәйкестендіру тест
Ата-анасына 3 сұрақ:
1. Балаңыздың досы кім?
2. Балаңыз қандай жемісті ұнатады?
3. Балаңыз өскенде кім болғысы келеді?
Баласына 3 сұрақ:
1. Досың кім?
2. Қай жемісті ұнатасың?
3. Өскенде кім боласың?
124
Жылдың басында 25 оқушыдан сәйкес келген үш отбасы болса, жылдың
аяғында сәйкес келу әлдеқайда көбейді. Әрине, сұрақтар өзгертіледі. Немесе
«Менің атым» деген эссе жаздырамын. Оған:
1. Сенің атыңды қойған кім?
2. Мағынасы қалай?
3.Өзіңе ұнай ма? - деген жетелеу сұрақтарын қоямын. Балалар ойланады,
ізденеді, сұрайды, қызығады. Қазақтың адам атын тектен-текке қоя
салмайтынына мән береді және бір-бірімен етене жақын танысады деп
есептеймін. Эссені жиналыста «Мен кіммін?» айдары бойынша ата-аналарға
оқып беруге болады. Мысалы, Мөлдірдің жазғаны: «Менің атым Мөлдір. Менің
атымды апа-жездем қойған. Менің болашақ өмірім тау суындай мөп-мөлдір,
тұп-тұнық болсын және аспаным ашық болсын деп ырымдап қойған. Менің
атым өзіме өте ұнайды. Мен апа-жездеме ризамын. » т.с.с.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмысқа,
әрбір жиналысқа ерекше мән беру керек. Психолог ғалымдардың
көзқарастарына сүйенсек, бірінші сынып оқушыларының алдынан үш түрлі
қиындық туындайтындығын көруге болады:
1. Жаңа ортаға бейімделу, сыныптастарымен және мұғаліммен жаңа
қарым-қатынас орнату.
2. Мектеп ережелерімен танысу, оны орындау және тәртіпке бағыну.
3. Білімнің қажеттілігін түсінбеуі.
Сондықтан ата-аналарға методикалық көмек ұйымдастыру, «Ашық есік» күнін
тағайындау және ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне үнемі қатыстырып отыру
керек. Әліппемен қоштасу кешінде «Күн мен түн » ойынын ойнату арқылы
балаларға мынадай сұрақ қойылды. «Осы дәрежеге жеткенің үшін кімге рахмет
айтасың?» Балалардың жауабы, Әлихан: «Әліппеге және Бағдагүл
Бекқалиқызына рахмет айтамын.», Рустам: «Нұрсұлтан Назарбаев атама рахмет
айтамын.», Қанатбай: «Атама және Қадір Мырза Әли ақынға рахмет айтамын.»
-деп жауап берсе, аналар мейрамында «Өскенде анаңды қалай қуантар едің?»
деген сұраққа былай жауап берген. Ерсұлтан: «Өскенде анама котедж алып
беремін.», Салтанат: «Мені қалай бақса, мен де анамды солай бағып күтемін.»
Диана: «Мен өскенде жұмыс жасап, ақша тауып, анама әдемі көйлек және әдемі
сумка сатып алып беремін.» т.б.
Балалардың жауаптарын тыңдап ата-аналар бір сәттік қуаныш сезімін
сезінгендерін байқадым.
Жиналыстың басында «Менің жетістігім-сенің жетістігің» деген тренинг
өткізуге болады. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын
табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада болады:
өлең, сурет салу, әңгімелеу, т. б. Сол сияқты әр жұп бір-біріне балаларына
байланысты соңғы отбасылық үш қуанышымен бөліседі. Әркім өз жұбының
қуанышын айтып, ортаға салады. Бәрі қол соғып қошемет көрсетеді. Осындай
әртүрлі тренингтер ата-аналарды жақындастыруға, ынтымақтастығын
арттыруға көп әсер етеді. Әр баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда ата-ана
125
мен бала арасындағы және мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты
реттеуде осындай жұмыстардың маңызы зор деп есептеймін.
4-ші сыныпты аяқтаған кезде балалардың білімін тексеру мақсатында
барлық сабақтардан тест жұмысы алынады. Нәтижесінде жоғарғы балл
жинағандар ІІ-турға өтеді. 7-мамыр ұландар мерекесі қарсаңында ұлдар тобы
мен қыздар тобы болып жарысты. ІІІ-турда ата-аналармен жарысады. «Тапқыр
достар» атты білімділер сайысын осылай өткіздім.
Тапқыр достар
Достарыңызбен бөлісу: |