Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет133/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250
Н.А.Мусанова, Ү.М.Картаева 

Шілікті орта мектебі, Тасбастау орта мектебі 

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы 

 

ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ 

ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 


382 

 

 



Мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылықты  арттыру  мәселесіне  сипаттама  беріліп,  оның  маңызы 

қарастырылады.  Функционалдық  сауаттылықты  табысты  етудің  тиімді  жолы 

ретінде  белгілі  жаңашыл  ұстаз,  шебер  әдіскер  Қанипа  Бітібаеваның 

шығармашылық жұмыстарды оқыту технологиясы екені айтылады. 

 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  субъект,  құзіреттілік, 

инновациялық  технология,  шығармашылық  жұмыстар,  тіл  ұстартуға  арналған 

жазбаша жұмыстар. 

 

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына 



сай оқыту  үдерісінің орталық  тұлғасы білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің 

алған  білімінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың өзектілігін арттырып отыр [1]. 

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз  - адамдардың әлеуметтік, мәдени, 

саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі 

жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 

мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты 

мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын сапалар: 

      -белсенділік; 

     - шығармашылық тұрғыда ойлау

      -шешім қабылдай алу; 

      -өз кәсібін дұрыс таңдай алу

      -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады [2]. 

Қазіргі  әлемдегі,  еліміздегі  өріс  алып  отырған  түрлі  бағыттағы 

дамулардың  әсерінен  қоғамның  адамға  қоятын  талаптарының  өзгеруі 

нәтижесінде  функционалдық  сауаттылық  ұғымы  кең  тарала  бастады. 

Сауаттылық  ұғымы  оны  білім  берудің  әрекеттік  аспектісімен  бірлікте  алғанда 

ғана кеңейе түседі. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  қазақ  тілі 

мен  әдебиетін  оқытудың  тұлғалық-әрекеттік  бағдарын  күшейту  нәтижесінде 

жүзеге  асады.  Өйткені  сауаттылыққа  оқушы  өз  әрекетінің  иесі  –  Субъект 

дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді. 

Функционалдық сауаттылықты табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін 

құру қажет.  

1.  Әр  түрлі  пәндердің  тақырыптық  материалдарынан  тапсырма  даярлау 

керек, оның дұрыс орындалуы білім интеграциясын талап етеді.  

2. Әр түрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, сызбалар) қажет.  



383 

 

3.  Шығармашылық  тапсырмаларды  сабақта  және  сабақтан  тыс  іс-



шараларда қолдануды көбейту керек. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  шығармашылық  ұстаным  сабақты 

шығармашылық  үдеріс  ретінде  құруды  мақсат  етеді.  Оқу  үдерісінде  жұптық, 

топтық,  жұмыс  түрлеріне,  біріккен  шығармашылық  тапсырмалар  мен 

жобаларды орындауға үлкен мән берілді. 

Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды 

меңгеріп,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін, 

біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін,  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған 

жеке тұлған қалыптастыру болып отыр.  

Сондықтан  мұғалім  өз  жұмысын  оқушының  өздігінен  білім  алуына 

бағыттауы  қажет.  Оқушының  өзіндік  қабілетін  қалыптастыруға  және  білім 

алуға дайындығын жетілдіруге, шығармашылық жұмыстар арқылы жеке тұлға 

қалыптастыруға оңтайлы алғышарт бола алатын технологияның бірі – жаңашыл 

ұстаз 


Қанипа 

Омарғалиқызы 

Бітібаеваның 

іс-тәжірибесі 

негізінде 

құрастырылған  әдебиетті  оқытудың  инновациялық  технологиясы.  Ұлттық 

әдебиетіміздің  жан-жақты  дамып,  жаңа  қырларынан  ашылуына  саналы 

ғұмырын арнап, өз үлесін аямай қосқан біртуар ұстаздарымыздың бірі Қанипа 

Омарғалиқызының  есімі  сонау  алпысыншы  жылдардан  бері-ақ  әлемдік 

педагогика ғылымында өзіндік із қалдырған Ю.К.Бабанский, Ш.А.Аманошвили 

есімдерімен қатар аталып келеді. 

Оқушының ойлау қабілетін, оқығанынан қорытынды шығару, көркемдеп 

жазу,  сөз  байланысын  арттыру,  жазушының  ой-пікірін  саралай  білуі 

шығармашылық жұмысқа жатады. Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі 

мен  технологиясы»  атты  еңбегінде  шығарма  жазуда  басшылыққа  алатын 

қағидаларды атап, таңдаған тақырыпты әбден ойлауды, жоспардың тақырыпқа 

байланысты  нақты  жасалуын  және  тақырып  пен  негізгі  идеяны  ашуға  сәйкес 

эпиграфты сәйкестендіріп алуды қадағалайды [3]. 

Қ.Бітібаева  өз  еңбегінде  оқушылардың  тіл  ұстартуға  арналған  жазбаша 

жұмыстардың  басқа  да  түрлеріне  тоқталған.  Әсіресе  5-7  сыныптардағы  жазба 

жұмыстарының  ең  ауқымдысы  мазмұндама  дей  келе,  оны  төмендегідей 

топтайды. 

а)  Мәтінге  жуық  жазылатын  мазмұндама.  Мұнда  оқиға  эпизод,  диалог, 

монолог, баяндау, суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады. 

ә) Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама. 

б) Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама. 

в) Шығармашылық бағыттағы мазмұндама. Оны жазған кезде оқушылар 

тек оқиғаны, болған істі ғана көркем мазмұндай бермейді, әңгімені өз жағынан 

баяндайды, дәйектемелер алады, өз пікірімен, сезіміне ерік береді. 

Шығарма  жаздыру  –  дәстүрлі  оқытуда  да,  тәжірибеде  де  ежелден  келе 

жатқан  әдіс.  Оқытуды  технологияландыру  кезеңі  оның  тың  жолдарынан, 

ұтымды  әдістемесінен  ізденуді  талап  етеді  дей  келе,  ұстаз  Қ.Бітібаева  шағын  

шығарма түрлерін төмендегідей береді: 

а) шығарма-мүсіндеме 




384 

 

ә) шығарма-кескіндеме 



б) шығарма-өрнектеме 

в) шығарма-сезім 

г) шығарма-болжам [4]. 

Мұғалім  ең  бастысы  –  жазба  жұмыстарының  шығармашылық  жұмыс 

екендігіне  оқушылардың  көзін  жеткізуі  керек.  Егер  оқушы  оқулықтағы 

талданған, айтылған мәселелерді сол қалпында ешқандай ой елегінен өткізбей 

көшіріп беретін болса, онда ол шығармашылық жұмыс болмайды. 

Шығармашылық  жұмыстар  тек  дарынды  оқушылардың  қабілет  көзін 

ашуға  ғана  көмектеспейді,  басқа  шәкірттерді  де  интелектісі  биік,  сөз  өнерін 

түсіне білер азамат, білікті оқырман етіп тәрбиелеуге үлкен ықпал етеді. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыру 

(бастауыш  сыныптар).  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 66 б. 

2. «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдаламасы» 2010ж. 

3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Жоғарғы оқу орнына арналған 

оқулық.- Алматы: Мектеп, 2003. 

4. Бітібаева  Қ.,  Құдайбергенова  Г.,  Мұқашева  М.  Әдебиетті  оқытудың 

инновациялық технологиясы.- Өскемен, 2002. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет