390
қарастырылады,яғни проблеманы бірлесіп шешу шарттарын сақтай отырып,
PIZA форматындағы жаңа
тапсырма, жаттығуларды оқу үрдісіне кіріктіру.
PISA, проблема, стратегия, үлестірме материал, белсенді оқу, рефлексия.
Жаһандану үдерісінде әрбір мемлекеттің әлемдік аренадағы орны, оның
жеткіншек ұрпағының интелектуалдық мүмкіндіктерімен білім беру жүйесінің
заман талабына сай болуымен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Заман талабына сай білім беруді - қоғам мүшелерінің рухани, мәдени,
интелектуалдық дамуының жоғары деңгейімен маман-кадрлардың кәсіби
біліктілігін қамтамасыз ететін салауатты тәрбие мен сапалы білімнің үздіксіз
үдерісі деп түсінуге болады.
Сапалы білім алу үшін білім алушылар өзінің танымдық қызметінің
қажеттілігін, мән-маңызын түсініп, ұғынып интелектуалдық мүмкіндіктерін
топтық пайдалана алуы қажет, яғни білім алушы өзінің тек білім қорын
толықтырып, жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті және жеткілікті
дәрежеде жаңа іске бейім, шығармашыл, іденімпаз, өз бетінше шешім қабылдай
алатын және оны әрі қарай тереңдетіп, әртүрлі жағдайларда қолдана алатын,
бәсекеге қабілетті, еңбекқор тұлға болып қалыптасуы қажет.
Ал оқытудың табысты болуы-оқу әдістемелік кешенің (оқулық, анықтамалық
әдебиеттер, есеп-жаттығулар, тест тапсырмалар, дидактикалыық материалдар
жинақтары т.с.с. сапалы, жеткілікті мөлшерде болуымен тренер, мұғалімнің
кәсіби біліктілігімен сабақ беру шеберлігіне және оның педагогика ғылымының
жаңа ғылыми жетістіктерін өз қызметінде қолдана білуіне, білім алушылардың
– білімге деген ынта-жігеріне, талант-талпынысына, қабілет-қарымына, типті
психологиялық жай-күйіне де тәуелді.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы білім беру жүйесінде қолданылып келе
жатқан дәстүрлі оқытудың әдіс-тәсілдерінің нарық талантарын толық
қанағаттандыра алмайтындығы айқын сезілуде.
Сондықтан оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне енгізу білім
беру жүйесін реформалаудың басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Осыған байланысты әлемнің дамыған елдерінің білім беру жүйесінде кеңінен
қолданылып келе жатқан педагогикалық технологияларды насихаттау, оқу-
әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар топтамаларын өзіміздің
дәстүрлі ұлттық, этно-педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерімен
сәйкестендіре, сабақтастыра оқу үдерісінде қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Осындай ізгі мақсаттары жүзеге асыру үшін PISA халықаралық зерттеуін
жүргізу аясында оқушылардың функционалдық (математикалық, ғылыми және
оқу) сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында мұғалімдерді
қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында оқыту жүргізіліп жатқаны
белгілі.
Бұл курстардың әдістемелік негізін Назарбаев Зияткерлік мектептері желісімен
PEARSON компаниясы ұсынған. Мұғалімнің жұмыс дәптеріү
Тыңдаушының жұмыс дәптері құрайды.
391
Бұл жұмыс дәптерлерінің құрылымы, мазмұны біліктілікті арттыру курс
тыңдаушыларына жақсы таныс.
Біз
«Математикалық
сауаттылық»
бағтындағы
біліктілікті
арттыру
курстарында, жұмыс дәптерлерімен жұмыс жасау барысында жинақтаған іс-
тәжірибелерімізге сүйене отырып, үлестірме материалдар мазмұнын пәнмен
байланыстыру жағына басымдық бердік.
Мысалы: Тыңдаушының жұмыс дәптерлері
1.1-1,1 -Үлестірме материал .Мұз жарығы
Төрт кезендік танысуға:
1-кесте Тренерініз туралы мәлімет
2-кесте Өзіңің жөнінде мәлімет
3-кесте Сіздің әріптесңіз туралы мәлімет
4-кете Мамандығыңыз туралы мәлімет.
Бағдарламадағы өзіңіз және әріптесіңіз жөніндегі мәлметтерге қосымша
тренеріңіз және мамандығыңыз жөніндегі мәлметтерді төрт кезеңде қарастыру
тыңдаушылар үшін үлкен маңызға ие.
Мұғалімнің жұмыс дәптерінің
7- үлестірме материал. Кел шешейік!
Мұнара сынығы тапсырмасы орнына Ақ аюлар мен қара аюлар тапсырмасы
ұсынылады.
Бұл тапсырма
1. Материалдық шығынды қажет етпейді.
2. Ұқыптылықты,жүйелі ойлауды,шығармашылық ізденісті талап етеді.
3. Ынтымақтастықта ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелейді.
4. Уақытпен санаса білуге,тиімді шешім қабылдауға үйретеді.
19-удестірме материал. Проблеманы талдау .Оқушылардың күнделікті
сабақтағы, Мемлекеттік аралық бақылау, Ұлттық бірыңғай тестлеу кезіндегі
қате түсініктеріне талдау жүргізіледі.
23-үлестірме материал Қоян тапсырмасымен бірге осы сипаттағы басқа да
тапсырмаларды қарастыру,қолдану арқылы тапсырманың мән-мағынасын
түсіндіру.
33- үлестірме материал .Жаттығудағы ынтымақтастықты талдау.
Олимпиада обектісін таңдау тапсырмасының орнына.
Алгебрадан бірнеше авторлардың оқулықтары бірнеше параметрлер
бойынша әдістемелік тұрғыдан арттықшылықтары мен кемшіліктері
сараланып, талданылып, бағаланады.
Бұндай тапсырмалар математика пәні мұғалімдерінің топтық жұмысқа
бейімдеуде ынтымақтастықта, проблеманы бірлесіп шешу, белсенді болу,
шығармашылық ізденіске, кәсібіне + деген қызығушылығын, жауапкершілік
арттыруға ықпал етеді.
PISA форматындағы тапсырмалардың мән-мағынасына түсініп, өздерінің
қызметтерінде қолдана алуға тәрбиелейді.
392
Ал мұғалім өз кезінде оқушылардың PISA халықаралық зерттеулері
аясында өтетін сынақтарда жақсы көрсеткіштерге жетуіне жағдай жасайды,
оқытып, үйретеді.
Библиографиялық сілтемелер
1. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы.
Проблеманы бірлесе шешу. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS.
PEARSON. Астана. 2014ж.
2. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы тренерді оқыту. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS
.PEARSON. Астана. 2014ж.
3. Проблеманы бірлесіп шешу.Колабрантивное решения проблем.
Тренерге арналған нұсқаулық. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS.
PEARSON. Астана. 2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: