Дүйсенби Шардарбеков
Арай Байжановна Карсыбаева
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ
Қазақстан, Алматы
624
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі және орта мектепті оқушыларына жаратылыстану пәнін оқытуда
функционалдық сауаттылықты дамыту, қабілетті және құзыретті тұлғаны
қалыптастырудың жолдарына, әдіс-тәсілдеріне талдау жасалған.
Түйін сөздер: Функционалдық сауаттылық, жаңа технологиялар,
танымдық қабілеттері, жаратылыстану ғылымы, пәнарлық байланыс.
Қоғамның жыл өткен сайын алға дамуына байланысты білім беру үрдісі
де алға жылжи береді. Соның бірі 2012 жылы қабылданған «Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту» туралы құжат.
Функционалдық сауаттылықты дамыту бағдарламасының мақсаты –
мектеп оқушыларының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азамат болуына және оның әлемдік әлеуеттік бейімделуін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде қоғамның өркендеп өсуі, білім жүйесінің сапасын
жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы
ұятаздар дайындау арқылы, еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт
деңгейіне жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті
білімді де білікті мамандар дайындауда негізгі стратегиялық межеге
жатқызады. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа
инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру , оқытудың жаңа
модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін күн
тәртібіне қояды. Осы бағытта Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа
ықпалдасуды іске асыру үшін шетелдік озық тәжірибелерді зерделеп еңгізу
талабы туындап отыр. Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр
кезеңдегі айқындалған тенденциялары әр халықтың өркендеуінің қоғамдағы
прогрессивті өзгерістердің білім, ғылыммен байланыстылығын, білім
саласының өзгермелі өмірдегі аса маңыздылығын дәлелдеп отыр.
Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және
мәдени қарым-қатынасы сол елдегі білім саласымен, оның прогрессивті даму
тарихымен
айқындалады.
Қазір
мектептегі
оқушылардың
бойына
функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзыреттіліктер жиынтығын
дамыту басты назарда тұр. Сондықтан әрбір ұстаз, жаңа кезең мұғалімінің
қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен
тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай
туғыза алатын жаңалықты қабылдауға міндетті, өз әрекетіне өзгеріс ендіре
алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл
тұлға болуы тиіс.
Білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу адамзат баласы пайда болған кезден
бастап дамып қалыптасып келеді. Қоршаған ортадағы заттар, құбылыстар,
жануарлар, өсімдіктер, кен орындары туралы білім мен біліктің өсуі алғашқы
625
қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі жалғасын тауып, дамып,
өсіп, кеңейіп келе жатқан педагогикалық үрдіс.
Ғалым И.Я.Лернердің айтуынша қазіргі заманда бала жан-жақты білім
алу үшін қазіргі заманауи техникалармен бірге терең пәндік білім және оны
өмірмен байланыстыра білу міндеті тұр. Сондықтан функционалдық
сауаттылық мынадай компоненттерден тұрады:
-
қоғам, табиғат, ғылым туралы толық білімдер жүйесі болуы;
-
терең ойлау қабілетін іске қосу;
-
технология мен техниканы іске қосу;
-
жалпы интелектуалды практикалық дағдылар жүйесін жасау;
-
шығармашыл, креативті, жаңашыл іс-әрекеттер жасау;
-
басқаға адамгершілік сезімдік қарым-қатынас құру;
-
үнемі ізденісте затты, құбылысты зерттеп жүру.
Осыдан барып оқыту, білім беру үрдісінен 5 логикалық кезеңін білім алу
барысында пайдалану қажет.
Олар:
-
жанды іс-әрекет жасау;
-
талдау (анализ), жинақтау (синтез);
-
заң, ереже, тусініктерін т.б. игеру;
-
білімді іс жүзінде практикада пайдалану;
-
біліктілікпен іске асыру.
Міне осындай компоненттер мен логикалық кезеңді пайдалану арқылы
оқушыда функционалдық сауаттылықтың негіздері қалыптасады.
Жаратылыстану ғылымы - табиғаттану қоршаған орта туралы ғылым.
Табиғаттың жаңа заңын ашу – ғылымның шешуші сүбелі ерекшелігі. Ол
ғылымның белгілі бір құлбылыстарды түсіндіру мен практикалық өзгерту
функционалдарының негізі. Дүниені қоғамды өзгерту, қайта қарап танып білу
әдісі- философиялық үрдіс. Ғылымды техникамен және өндіріспен
байланыстыратын қажетті буын – қолданбалы зерттеулер мен техникалық
ізденістер. Олардың міндеті іргелі ғылымдар ашқан жаңа заңдармен, идеяларды
өндірісте қолданудың ең жеңіл әрі тиімді жолдарын іздеу. Осы тұрғыдан
алғанда ғылымның педагогикалық функционалдық сауаттылығы аса қажет.
Химия ғылымының негізін салушылардың бірі А.Лавузвеннің пікірінше
кез-келген ғылымды игерудің 3 компоненті бар. Олар:
-
ғылыми деректер;
-
теориялық көзқарастар;
-
ғылыми тіл. Осы үшеудің біреуі болмаса ғылым орындалмайды.
Оқушылардың бастауыш сыныптан бастап ғылымға пәнге деген
қызығушылығын арттыратын функционалдық сауаттылығын дамытатын
факторлардың бірі сабақты түрлендіріп қызықтырып яғни сабаққа оқыту
технологияларын оның ішінде қазіргі таңдағы кең қолданылатын «Сыни
тұрғыдан ойлау» технологиясы арқылы оқыту үрдісі.
626
Жаратылыстану пәніне ортақ «Мұнай және оның маңызы» тақырыбын
осы «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы арқылы өтіп оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттырып көрейік.
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы 3 кезеңнен тұрады:
-
қызығушылықты ояту;
-
Мағынаны ашу;
-
Ой толғаныс (рефлексия).
Қызығушылығын ояту кезеңінде «Мұнай» туралы жалпылама айтып
оқушылардың мұнайға деген қызығушылығын оятамыз.Бұл кезеңде мынадай
сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалады:
1. Мұнай дегеніміз не?
2. Құрамы қандай?
3. Қандай пайдасы бар?
4. Қазақстан мұнайы?
5. Әлемдегі мұнай туралы түсінік?
Мұнай күрделі қоспа. Құрамында парафиндер, циклопарафиндер,
ароматты көмірсутектер, газдар, қоспалар минералды тұздар бар. Мұнай негізгі
энергия көзі. Қазіргі таңда жылына 7,5 млд.т көмірсутектер өндіріледі, оның
95% отын ретінде қолданылады.
Әлемдегі энергияның пайдалану мөлшері:
мұнай - 40% үлесте;
газ - 22% үлесте;
көмір - 27% үлесте;
ядролық энергия - 11% үлесте.
Қазақстан мұнайға бай ел қатарына жатады. Қазақстан мұнайы осыдан
100 жылдан аса Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау өлкесінде ашылып,қазір
өндіру жылдан жылға көбейіп келеді. Мұнай еліміздің экономикалық қуат көзі.
Барлық транспорттар (автомобильдер, космостық, ракеталар)мұнай өнімдерін
пайдаланады.Одан соң завод, фабрика, ауыл шаруашылығы барлық өндірістер
мұнайға байланысты.
Мағынаны ашу кезеңінде:
1. Мұнайдың физикалық қасиеті
2. Мұнайдың химиялық қасиеті
3. Мұнайдан алынатын өнімдер
4. Қазақстан мұнайының ерекшелегі, шикізаттары
5. Мұнайды өңдеу әдістері
6. Мұнайдың реакциялары т.б.
Осы тәрізді сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіп тақырыптың мәнін,
мағынасын ашып аламыз. Бұл кезеңде оқушылар мұнайдың елімізге аса қажет
екеніне көздері жетеді. Бүгінгі таңдағы әлемдегі барлық қақтығыстар (Араб
елдеріне қарсы АҚШ Европа арасындағы) барлығы мұнай соғыс екендігін
түсіндіру. Осы мәліметтер арқылы оқушыларда патриоттық тәрбие еліне жеріне
деген мақтаныш сезім пайда болады.
Ой толғаныс (рефлексия)
627
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
анықтайтын,
қорытындылайтын, бағалайтын осы кезең. Бұл кезде оқушылар алған білімін
өздері саралайды, талдайды, өзінің ой елегінен өткізеді. Бұл кезеңді өткізудің
түрлі амалы немесе стратегиялары бар. Олар:
- алдағы екі кезеңде алған білімдерін бекіту;
- түйінді сөздердің мәнін ашу;
- шығарма ( эссе) жазу;
- күнделік жазу;
- синквейн, инсерт,т.б.
Соңынан
мұнай
тарауын
жоғарыдағы
стратегиялар
арқылы
қорытындылап немесе БББ арқылы білімді түйіндейді.
Білемін
Білмеймін
Білгім келеді
Елімізді кәсіби құзыретті мамандармен қамтамасыз ету үшін, әлемдік
бәсекеге қабілетті 30 елдің құрамына ену үшін, жас жеткіншектерді білімді,
білікті, мәдениетті, әлемнің кез-келген жерінде мамандығы бойынша жұмыс
істей алатын функционалдық сауаттылығы жоғары оқушы тәрбиелеуіміз
керек.
Библиографиялық сілтемелер
1. Назарбаев Н «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан
дамуының басты бағыты» Жолдау 2012 ж. 27 қаңтар.
2. Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 2010 ж.
3. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде Қарағанды 2011 ж.
4. Заир-бек С.И. Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на
уроке М.Просв. 2011.
5. Химия 9 сынып Нурахметтов Н. Т.б. 2009 ж. Алматы.
6. Химия 11 сынып Темірболатова Ә. 2011 ж. Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |