264
шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін
маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік [2].
Сыни ойлау бойынша берілген сабақтарда, алған білімін өмірде қолдана
алатын, өзін таныта, дамыта білетін функционалды сауатты жеке тұлға
қалыптасады, оқушы проблеманы ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін, ашық пікір
білдіру мүмкіндігіне ие болады.
Сыни ойлау философиясында оқушы қандай да болмасын ақпаратты
өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренеді. Білім
алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болады, тек белсенді түрде жұмыс
жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді.
Сыни ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым
жасауға бағыттайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды қоғамда, қарым–
қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр
сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар)
араласып, коммуникативтік қарым–қатынас процесінің белсенді мүшесіне
айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру
мәселесі төңірегінде ойланады.
Сонымен, сыни ойлау оқушыларға өзін-өзі, басқаны, қоршаған ортаны -
өзі өмір сүріп отырған қоғамын ұғуға, күнделікті өмірдегі жағдайларды шеше
білуге, бірлесіп әрекет етуге, өзара әңгімелесуге, өз ойын жеткізе алуға
көмектеседі.
Ал, субъектік тұрғыдан алғанда, күнделікті өмірмен байланысын ажырата
отырып, тақырыптарды өз беттерінше меңгереді, қорытындылайды, жүйелейді,
сараптама жасайды. Ұжымдаса еңбектене отырып, оқушы өзгелер пікірімен
санасады және өз ойын ортаға ашық айтуға дағдыланады.Қазіргі қоғам
алдындағы өзекті мәселелерді шешуде, яғни, жан-жақты мәдениетті,
шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптасыру үшін мұғалімнің өзі
де шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді
жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құруы, тұлғаны дамытудың
қозғаушысы болуы қажет. Себебі қазіргі білім беру парадигмасы әр мұғалімнің
өз кәсібіне құзыретті болуын ғана емес, шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы,
білім берудің болашақ бағдарын болжай білетін, соған сәйкес өз іс-әрекетін
сабақтастыра алатын маман болуы шарт.
Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға
ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке
үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай
құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен
байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны
ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек.
Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп,
осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа
265
идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап,
идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтарда оқушының:
Еркін ойлануына мүмкіндік береді.
Ақыл-ойын дамытады.
Шығармашылық белсенділігін арттырады.
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Тіл байлығын жетілдіреді.
Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
Педагог үшін пайдасы мынадай:
Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік береді.
Әр оқушының білім деңгейін анықтауға болады.
Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың барлығын бағалауға болады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі:
Тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды.
Оқушыларда алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде
алу.
Оқушылар ойын ашық айтуға, пікір алмасуға үйренеді.
Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігі артады.
«Сын тұрғысынан ойлау» - сынау емес, ол шыңдалған ойлау. Оқушы өзі
ойлауы барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, ең
бастысы-оқушыны шаршатпайды. Бірте-бірте мұғалімнің айтқанынан гөрі, өзі
белсенді ойлаушы, ізденімпаз шығармашыл тағы басқа қабілетке ие болады.
Сабақта оқушының өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және оқу
еркін ойлануына мүмкіндік берілуі керек.
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
Достарыңызбен бөлісу: