Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68

 

 

Багдагул Беккалиевна Габбасова 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы 

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты 

Орал қаласы 

 

АТА-АНА МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ 

ДАМЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ 

 

Бұл мақалада қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отырған мектеп 

пен  ата-ана,  мұғалім  мен  ата-ана,  бала  мен  ата-ана  арасында  педагогикалық 

технологияларды  пайдалана  отырып,  жағымды  қарым-қатынас  орнатуға 

арналған  жұмыс  түрлері  қарастырылған.  Басты  сөздер:  мектеп,  ата-ана, 

педагогика, технология. 

ХХІ ғасыр –иновация мен индустрия заманы. Біздің еліміз өндірістің қай 

саласында  да  жаңа  технологияны  пайдалану  арқылы  нәтижеге  жетіп  жатқаны 

белгілі.  Мысалы:  Ауыл  шаруашылық  саласында  жаңа  технологияны 

пайдаланып,  өнімнің  сапасын  арттыруда.  Сол  сияқты  білім  саласында  да 

ұзтаздар  қауымы  жаңа  технологиямен  қарулану  үстінде.  Бүгінгі  таңда  мектеп 

пен  мұғалімдер  алдында  тұрған  негізгі  мәселелер  «Баланы  оқуға,  ойлануға 

қалай  үйрету  керек?»,  «Балаға  нені  үйрету  керек?»,  «Қалай  өз  өмірінің 

менеджері  болуға  үйрету  керек?»  деген  сұрақтарға  жауап  табатындай  білім 

нәрін беруге бағытталып отыр. 

Жалпы  алғанда  «технология»  сөзінің  мән-мағынасына  тереңірек  үңіліп 

қарайтын  болсақ,  techne-  өнер,  шеберлік  және  logos-  ғылым,  заң  деген 

мағынаны  білдіреді  екен.  Яғни,  технология  дегеніміз  шеберлік  туралы  ғылым 

екенін білуге болады. 

Педагогикалық  технология  –  жүйелі  ойды  алгоритмдеу  құралы.  Бұл 

туралы  Сокомата:  (Жапония)  «Педагогикалық  технология  –  жүйелі  ойлау 


120 

 

тәсілі»-десе,  ал  В.П.Беспалько:  (Ресей)  «Педагогикалық  технология  – 



практикада  жүзеге  асатын  жүйе  жобасы.»-дейді.  Богомолова:  «Педагогикалық 

технология – мұғалімнің оқушыға пайдаланатын құралы»-деп анықтама берген. 

Енді мына кестеден білім беру технологиясының жіктелуін көруге болады. 

 

№ 1 кесте Қазақстан ғалымдарының технологиясы 



№ 

Авторы 

Технология атауы 

Караева 



Саралап,деңгейлеп оқыту 

Жанпейісова 



Модульдік оқыту технологиясы 

Жүнісбеков 



Жеделдетіп оқыту технологиясы 

Тұрғымбаева 



Дамыта оқыту технологиясы 

Ұзақбаева 



Көркемдік тәрбие жұмысы 

Нұрахметов 



Шоғырландыра-қарқындап оқыту 

Галиев 



Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы 

Ресей ғалымдарының технологиясы 

Лысенкова 



Алдын-ала оқыту технологиясы 

Дьяченко 



Ұжымдық оқыту технологиясы 

Эльконин, 



Довыдов 

Дамыта оқыту технологиясы 

Волков 


Шығармашылықты дамыта оқыту 

Монтессори 



Монтессори технологиясы 

Амоношвили 



Тұлғалық гумандық технологиясы 

Ильин 



Ильин жүйесі 

Беспалько 



Жаңа педагогикалық технология 

Гузеев 



Интегралды оқыту технологиясы 

10 


ИНГЕ УНТ 

Даралап оқыту технологиясы 

11 

Эрдниев 


Ірі блокпен оқыту технологиясы 

12 


Монахов 

Проблемалық модульдік оқыту 

13 

Траницкая 



Оқыту жүйесіне бейімдеу 

14 


Кабалевский, 

Неменский 

Музыкалық  шығармашылық  білім  беру  және  көркемдік 

тәрбие жүйесі 

15 

Гузин 


Сыныпішілік саралау технологиясы 

Европа және АҚШ ғалымдарының технологиясы 

Джиннли, 



Стил,  Крутис, 

Мередит, 

Чарльз Темпл 

Сыни тұрғысынан ойлау 

Штайнер 


Вальдороф педагогикасы 

Санк-



Петербург 

Педагогикалық шеберхана 

Дж. Дьюи 



Жобалау әдістемесі 

 

Білім беру жүйесін жетілдіруде әлем деңгейіндегі озық технологияларды 



оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізе  отырып,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру әр мұғалімнің басты мақсаты. 

Осы  бағытта  өзім  мектепте  қолданған  жаңа  технология  «Сыни 

тұрғысынан  ойлау»  жобасының  әдістерін  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының 

кейбір элементтерімен ұштастырып, оқушылар арасындағы және бала мен ата-


121 

 

ана  арасындағы  қарым-қатынасты  дамытуда  жақсы  нәтижеге  жеткен  өз 



тәжірибеммен бөлісуді мақсат етіп отырмын  

Мен  өз  тәжірибемде  бұл  жобамен  танысып,  оқып-үйрене  бастағанда  ең 

бірінші  күнделікті  сабақ  жоспарын  басқаша  жазудан  бастадым.  Күнделікті 

сабақ жоспары үш бөлімнен тұрады: 

І. Қызығушылықты ояту 

ІІ. Мағынаны тану 

ІІІ. Толғаныс 

Қызығушылықты ояту бөліміне үлкен мән беремін. Балалардың 

қызығушылығын оятып, психологиялық жағдай қалыптастыру үшін көптеген 

ойын түрлерін, тренингтер қолданамын. Ол ойындар жаңа сабақтың 

тақырыбымен ұштасып жатуы керек. 

Мағынаны  тану  бөлімінде  жаңа  сабақты  түсіндіру  үшін,  толғаныс 

бөлімінде  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау  үшін  «Сыни  тұрғысынан 

ойлау  әдістерін  сабақтың  тақырыбына,  мазмұнына  байланысты  саралап, 

бірнеше мәрте қолданып көргеннен кейін қорытынды жасауға болады. 

 

 



Балалардың  қызығатыны  соншалық,  жұмысқа  құлшына  кіріседі. 

Балалардың жазғандарын оқи отырып, ой ұшқырлығына таңғаласың. Мысалы: 

4 сынып оқушысы Галиев Талғаттың жұмысы 

Роль –            Гүл 

Аудитория – Бір бөлмеде тұратын досыма 

Форма -         Өтініш 

Тақырып –    Гүлді аяла! 

«Құрметті  менің  досым!  Екеуміз  бір  бөлмеде  тұрғасын  және  саған  таза 

ауа бөліп тұрғасын сені өзіме дос санаймын. Ал сен ше? Кейде тіпті су құюға да 

ұмытасың.  Бәрінен  де  кешегіні  айтсаңшы.  Үш  жасар  бөпең  менің  сау 

жапырағымды  жұлып  алғанда  мыңқ  етпедің.  Өзіңнің  сау  тісіңді  жұлып  алса 

қайтер едің? Біз де сендер сияқты тірі табиғаттың бір бөлшегіміз. Олай болса, 

гүлді аялауды үйрен! Игі тілекпен: сенің досың Гүл». Қандай тамаша жұмыс! 

Тәрбие саласында СТО –ның әдістерін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының 

элементтерімен  ұштастырып,  оқушылардың  арасында,  оқушы  мен  ата-ана 

арасында және мұғалім мен ата-ана арасында қарым-қатынастың жаңаша түрін 



122 

 

қалыптастыруға  болады.  Осы  бағытта  «өзін-өзі  тану»  бағдарламасы 



элементтерін  өз  сабағымда,  тәрбие  саласында  әсіресе  ата-аналармен  жұмыста 

көп  қолданып  көрдім.  Мысалы:  «Шаттық  шеңбері»,  «Тыныштықта  отыру», 

«Алақан жылуын сезіну», «Тілек айту», «Жүректен жүрекке» т.б. 

Балалардың  кішкентай  кезінен  ата-аналарына,  туған-туысқандарына 

қоятын  «Мынау  не?»,  «Мынау  кім?»,  «Неге  олай?»,  «Неге  бұлай?»  деген 

сұрақтарына дұрыс та нақты, дәлелді де тиянақты жауап беріп, оның танымдық 

сұраныстарын  қанағаттандыра  отырып,  жан-жақты  тәрбиелеудің  негізі  осы 

өзін-өзі  тануда  жатыр.  Өзін-өзі  тану  адамның  қоршаған  ортаны  дұрыс 

қабылдауынан, оларға деген дұрыс қарым-қатынасынан басталады. 

Баланы  мәдениеттілікке,  сыпайылыққа,  әдептілікке  баулу  –  ата-ананың 

да,  мектептің  де  ең  басты  міндеті.  Бала  үйде  де,  мектепте  де,  қоғамдық-

көпшілік  орындарда  да  әдепті,  сыпайы  болу  керек.  Баланы  жастайынан 

отаншылдыққа,  әдептілікке,  тазалыққа,  ұқыптылыққа,  мейірімділікке, 

ұйымшылыққа үйрету- адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. 

Тәрбие  негізі  –отбасынан  басталады.  Қазақ  халқы  ата-ананы  қадірлеген, 

тегімізді  атадан,  тілімізді  анадан  сақтаған  халықпыз.  Үлкенді  сыйлаудың  ең 

биік  шыңы  әке  мен  шешені  сыйлау.  Атам  қазақ  бала  тәрбиесі  жайлы  былай 

дейді: «Балаңды 5 жасқа дейін патшаңдай еркелет, 5-15 жасқа дейін құлыңдай 

жұмса, ал 15 жастан кейін досыңдай, құрдасыңдай сыйлас, сырлас» - деп тегін 

айтпаған. 

Еңбек,  сурет  сабақтарында  «Әр  қалыпты  жазу»  әдісін  қолданып  көрдім. 

Балалар  әуелі  түс  таңдайды.  Түс  таңдау  бұл  -  бір  үлкен  әлем.Таңдаған  түстер 

бойынша  пішінді  қиып,  бетіне  тілегін  жазады.  Балалардың  жазған  тілектерін 

мынадай топтарға бөлуге болады: 

Кесте № 2 

Денсаулыққа 

байланысты 

тілек 


Болашаққа 

арналған 

тілек 

Істелген  іске 



қатысты 

тілек 


Достық тілек  Ата-анаға 

арналған 

тілек 

Сүйіспеншілік 



тілек 

Әрбір  мереке  қарсаңында  «Балаға  тілек»,  «Анаға  тілек»,  «Оқушыларға 

арналған тілек», «Әжеме тілек», «Әкеме тілек», «Досыма тілек», т. б. тілектер 

жазылады. «Анаға тілек» айдарын аналарына жиналыста оқып беріп, баласына 

тілек жаздыруға болады. «Балаға тілек» айдарын тәрбие сағатында балаларына 

оқып беремін. Сол кезде аналардың да, балалардың да бір сәт керемет сезімге 

бөленгендерін байқайсың. Мысалы: 

Бірінші бетіне 

Мен сені жақсы көремін! 


123 

 

 



Екінші бетіне Мен сені кемшілігің болса да жақсы көремін! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бетті  оқушылар  сурет  сабағында  өздері  дайындайды.  Күннің  суретін 

әдемі  етіп  салады,  бояйды,  атын  жазады.  Жиналыста  ата-аналары  «Мен  сені 

жақсы  көремін!»  және  «Кемшілігің  болса  да  жақсы  көремін!»  деп  суретті 

толтырады.  Тәрбие  сағатында  балалардың  сабағына,  тәртібіне  байланысты 

кемшіліктерін қадағалай отырып, «Оқушыға тілек» деген өзімнің жазғанымды 

оқимын.  Содан  кейін  ата-анасының  тілегін  оқимын.  Екеуінде  айтылған 

кемшіліктер  бір-бірімен  сабақтасып,  бірізділікпен  жазылуына  мән  беремін. 

Мұғалім  мен  анасының  тілегі  бір  болса,  баланың  кемшілігін  түзеуі,  өзін-өзі 

ұстауы,  қалыптасуы  оң  нәтиже  беретінін  байқадым.  Әр  бағыттағы  ата-анамен 

жүргізілген  жұмыстардың  қорытындысын  ашық  тәрбие  сағатында,  мерекелік 

ертеңгіліктерде айтып, марапаттап отырдым. 

Мысалы: Сәйкестендіру тест 

Ата-анасына 3 сұрақ: 

1. Балаңыздың досы кім?  

2. Балаңыз қандай жемісті ұнатады? 

3. Балаңыз өскенде кім болғысы келеді? 

Баласына 3 сұрақ: 

1. Досың кім? 

2. Қай жемісті ұнатасың? 

3. Өскенде кім боласың? 


124 

 

Жылдың басында 25 оқушыдан сәйкес келген үш отбасы болса, жылдың 



аяғында  сәйкес  келу  әлдеқайда  көбейді.  Әрине,  сұрақтар  өзгертіледі.  Немесе 

«Менің атым» деген эссе жаздырамын. Оған: 

1. Сенің атыңды қойған кім? 

2. Мағынасы қалай? 

3.Өзіңе ұнай ма? - деген жетелеу сұрақтарын қоямын. Балалар ойланады, 

ізденеді,  сұрайды,  қызығады.  Қазақтың  адам  атын  тектен-текке  қоя 

салмайтынына  мән  береді  және  бір-бірімен  етене  жақын  танысады  деп 

есептеймін.  Эссені  жиналыста  «Мен  кіммін?»  айдары  бойынша  ата-аналарға 

оқып беруге болады. Мысалы, Мөлдірдің жазғаны: «Менің атым Мөлдір. Менің 

атымды  апа-жездем  қойған.  Менің  болашақ  өмірім  тау  суындай  мөп-мөлдір, 

тұп-тұнық  болсын  және  аспаным  ашық  болсын  деп  ырымдап  қойған.  Менің 

атым өзіме өте ұнайды. Мен апа-жездеме ризамын. » т.с.с. 

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмысқа, 

әрбір жиналысқа ерекше мән беру керек. Психолог ғалымдардың 

көзқарастарына сүйенсек, бірінші сынып оқушыларының алдынан үш түрлі 

қиындық туындайтындығын көруге болады: 

1.

 

Жаңа  ортаға  бейімделу,  сыныптастарымен  және  мұғаліммен  жаңа 



қарым-қатынас орнату. 

2.

 



Мектеп ережелерімен танысу, оны орындау және тәртіпке бағыну. 

3.

 



Білімнің қажеттілігін түсінбеуі. 

Сондықтан ата-аналарға методикалық көмек ұйымдастыру, «Ашық есік» күнін 

тағайындау  және  ата-аналарды  оқу-тәрбие  үдерісіне  үнемі  қатыстырып  отыру 

керек.  Әліппемен  қоштасу  кешінде  «Күн  мен  түн  »  ойынын  ойнату  арқылы 

балаларға мынадай сұрақ қойылды. «Осы дәрежеге жеткенің үшін кімге рахмет 

айтасың?»  Балалардың  жауабы,  Әлихан:  «Әліппеге  және  Бағдагүл 

Бекқалиқызына рахмет айтамын.», Рустам: «Нұрсұлтан Назарбаев атама рахмет 

айтамын.», Қанатбай: «Атама және Қадір Мырза Әли ақынға рахмет айтамын.» 

-деп  жауап  берсе,  аналар  мейрамында  «Өскенде  анаңды  қалай  қуантар  едің?» 

деген  сұраққа  былай  жауап  берген.  Ерсұлтан:  «Өскенде  анама  котедж  алып 

беремін.», Салтанат: «Мені қалай бақса, мен де анамды солай бағып күтемін.» 

Диана: «Мен өскенде жұмыс жасап, ақша тауып, анама әдемі көйлек және әдемі 

сумка сатып алып беремін.» т.б. 

Балалардың  жауаптарын  тыңдап  ата-аналар  бір  сәттік  қуаныш  сезімін 

сезінгендерін байқадым. 

Жиналыстың басында «Менің жетістігім-сенің жетістігің» деген тренинг 

өткізуге болады. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру  арқылы жұптарын 

табады.  Әркім  өз  жұбын  таныстырады.  Таныстыру  әр  түрлі  формада  болады: 

өлең,  сурет  салу,  әңгімелеу,  т.  б.  Сол  сияқты  әр  жұп  бір-біріне  балаларына 

байланысты  соңғы  отбасылық  үш  қуанышымен  бөліседі.  Әркім  өз  жұбының 

қуанышын айтып, ортаға салады. Бәрі қол соғып қошемет көрсетеді. Осындай 

әртүрлі  тренингтер  ата-аналарды  жақындастыруға,  ынтымақтастығын 

арттыруға  көп  әсер  етеді.  Әр  баланы  жеке  тұлға  етіп  қалыптастыруда  ата-ана 


125 

 

мен  бала  арасындағы  және  мектеп  пен  ата-ана  арасындағы  қарым-қатынасты 



реттеуде осындай жұмыстардың маңызы зор деп есептеймін. 

4-ші  сыныпты  аяқтаған  кезде  балалардың  білімін  тексеру  мақсатында 

барлық  сабақтардан  тест  жұмысы  алынады.  Нәтижесінде  жоғарғы  балл 

жинағандар  ІІ-турға  өтеді.  7-мамыр  ұландар  мерекесі  қарсаңында  ұлдар  тобы 

мен қыздар тобы болып жарысты.  ІІІ-турда ата-аналармен жарысады. «Тапқыр 

достар» атты білімділер сайысын осылай өткіздім. 

Тапқыр достар 

Тақырыбы: «Тапқыр достар» 

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, пәндік 

білімдерін еске түсіру. Топтық жұмысқа бағыттау. 



Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, математика, өмірлік дағды. 

Көрнекілік: Ребус, геометриялық фигуралар, сызба, карточка. 

І. Қызығушылықты ояту 

Ұлдар тобы:  «Тапқыр», қыздар тобы:  «Алғыр» жарысқа түседі. 

1. Психологиялық жағдай. Ойын «иә, жоқ» 

2. Ребус. Топтың атын шешу. 

ІІ. Мағынаны тану 



1.Таныстыру 

«Тапқыр» тобы                         «Алғыр» тобы 

Біз тәртіпті баламыз                 Қыздар тобын құрамыз 

Суретті жақсы саламыз           Білім шыңына шығамыз 

Айтқандарын бұлжытпай        Өнерде де қалыспай 

Ұстаз тілін аламыз                   Әркез әнге саламыз 

Спортты біз сүйеміз                 Мектепке бірге келеміз 

Бірге ойнап күлеміз                  Би де билеп береміз 

Жарыста да, сайыс та               Мерекеде ұлдармен 

Әркез алда жүреміз                  Жарысқанда жеңеміз 



2. Әріппен жауап (қай әріпті суырса, сол әріппен жауап береді) 

1. Атың кім?                                     1. Фамилияң кім? 

2. Қайда барасың?                           2. Қайда тұрасың? 

3. Кім боласың?                               3. Кім боласың? 

4 Қалтаңда не бар?                          4. Қолыңда не бар? 

5. Мектепке не үшін келесің?        5. Сабақты не үшін  оқисың? 

6. Қандай тамақты  ұнатасың?       6. Қандай жемісті ұнатасың? 

7. Көңіл-күйің қалай?                      7. Қалай сезініп тұрсың? 

8. Нені армандайсың?                     8. Нені армандайсың? 

9. Досың кім?                                   9. Ұзтазың кім? 

10. Мақал                                          10. Мақал 

3 Сөзден сөз құрау «Математика» (қай топ көп сөз құрайды) 

4. 8-ұяшық: «сұрақ-жауап» 

5. Тыныштық сәті 

ІІІ. Ой толғаныс 

1. Жеке жұмыс: 1топ-5 жолды өлең, 2-топ РАФТ 



126 

 

2. Көрермендерге сұрақ 



3. Топтық жұмыс: геометриялық фигуралар арқылы бейнелер құрастыру 

Қазылар алқасының шешімі 

Сауал тастау. Жеңген топ жеңілген топқа сауал тастайды. 

Қыздар тобының құттықтауы: 

Қазақстан елінің 

Әскер күнін тойлаймыз 

Мерекемен құттықтап 

Ұлдарды біз сыйлаймыз 



Қорытынды 

Қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  -  әлеуметтік,  экономикалық 

өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен  қатар 

оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

«Сыни  тұрғысынан  ойлау»  бағдарламасының  қазіргі  таңда  алған  білімді, 

білгенін  өмірде  пайдалана  алатын  шәкірт  тәрбиелеуде  алатын  орны  ерекше. 

Оның  бұрынғы  дәстүрлі  оқу  технологиясынан  айрықша  ерекшеліктері  бар. 

Олар мынадай: 

1) Оқушының интеллектуальды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы 

2) Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма – сай болуы 

3)  Мұғалім  мен  шәкірттің  өзара  қарым-қатынасында  жауапкершілік  пен 

сенімділіктің болуы. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  сабақтары  және  кез-келген  осы  бағдарлама 

негізінде  жасалатын  іс-шаралар  оқушылардың  өз  бетінше  тұжырым  жасау, 

қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше 

білу,  ойын  қорғай  білу  қабілетін  дамытады.  Сондықтан  мұғалім  әрі  үйретуші, 

әрі ұйымдастырушы, әрі зерттеуші болып табылады. 

Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю 

керек?»  еңбегінде нағыз мұғалім «бұғау салмайды, еркіндік береді; басымдық 

көрсетпейді,  мақтап-мадақтайды;  намысына  тимейді,  қалыптастырады; 

бұйырмайды,  үйретеді;  талап  етпейді,  сұрайды,  балалардың  қиналған 

сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп айтқан болатын. Олай болса, 

балаларды  өмірді  тыңдау  мен  қарауға  ғана  емес,  естуге,  көруге,  сезінуге 

үйретуіміз  керек.  Ал  әр  баланың  өзінің  тұлғалық  «Менін»  қалыптастыруда 

«Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының  алатын  орны  ерекше.  Менің  ойымша 

осындай игі шаралар болашақ Қазақстанның үлкен жемісі болмақ. 

«Ізденген жетер мұратқа» демекші, мұғалім – келешек ұрпақ тағдырының 

жолбасшысы.  Жаңа  технологияны  пайдалану  –  заман  талабы.  Сондықтан 

қоршаған ортаға өзіндік пікірі бар саналы шешім қабылдай алатын жеке тұлға 

даярлауда іздене берейік, әріптестер! 

 

 

Меруерт Шахарбековна Габитова 



Ағылшын тілі пәні мұғалімі, жоғары санатты 

Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтурсынов атындағы 

№ 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

127 

 

 

Шет  тілін  оқып  үйрену  заман  талабы.  Оқу  үрдісін  жеделдетумен 

байланысты шет тілдерін оқытуда әр түрлі жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді 

жете қолдану қажеттілігі туып отыр.

 

Сабақ барысында әрбір әннің мәтіні түріне 



көңіл  бөлінеді.  Ол  да  тәжірибелік  міндетті  шешумен  бірге  оқушыларды 

эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, ағылшын тілі сабағының қызықтылығы мен 

әсерлілігін  жақсартуға  мүмкіндік  туғызады.  Ән,  өлең  оқушылардың  жас 

ерекшеліктеріне  сәйкес  алынып,  сол  сабақты  қаншалықты  есте  сақтағандарын 

тексеруге болады. Ән, өлең арқылы жаңа сабақ, қайталау, білімдерін тиянақтау, 

яғни  сабақтың  кез  келген  сәтінде  қолдануға  болады.  Оқушы  сабақта  ән,  өлең 

айтып қана қоймайды алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете 

біледі. 


Еліміздің  басшысы  әр  Қазақстан  азаматы  үш  тілді,  яғни  қазақ,  орыс, 

ағылшын  тілдерін  жетік  меңгеруі  тиіс  екендігін  айтып,  үш  тұғырлы  тіл:  қазақ 

тілі  -  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  -  қарым-қатынас  тілі,  ағылшын  тілі  - 

халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. «Мен бүгінгі ұрпақтың 

үш  тіл  білуін  қолдаймын.  Мемлекеттік  тіл  -  мемлекет  құрушы  ұлттық  тіл,  ал 

орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың 

тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз», - деді Н.А.Назарбаев [20].

 

Мектептерде ағылшын тілін оқыту үдерісін жүйелі түрде қалыптастыру - 



бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осыған орай, зерттеу жұмысымда 

зерттелетін  пән  ретінде  біз  шетел  тілін,  оның  ішінде,  ағылшын  тілін 

қарастырдық.

  

Сонымен  қатар,  бүгінгі  күннің  кезек  күттірмес  өзекті  мәселелерін  алға 



қойып  және  қазір  орта  мектептерде  білім  алып  жатқан  оқушылардың 

барлығына  тілдесу  мүмкіндігі  беріліп  отырғанын  ескере  отырып,  мен  осы 

зерттеу  жұмысымда  педагогикалық  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  –  бастауыш 

сыныптарда ағылшын тілі сабағында ән, өлең арқылы оқушылардың есте сақтау 

қабілеттерін  дамытуды  қарастырдым;  олардың  оқып-үйреніп  жатқан  тілін 

жақсы  меңгергендігі,  сол  тілде  өз  ойын  сыртқа  шығарып,  өзгелермен  бөлісе 

алатын қабілеттілігі сөйлеу дағдысынан анық көрініс табады деген ойдамын. 

Қай  тілді  меңгерсек  те,  оны  әдемі,  таза,  шебер  сөйлеп,  тыңдаушыға 

ойымызды әсерлі жеткізе білуіміз қажет. Осы тұста, зерттеуімде қарастырылған 

ән,  өлең  тіліміздің  көркемдігін,  нышанын  беретін  шұрайы.  Ағылшын  тілін 

үйрету  барысында  ән,  өлең  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін 

дамыту аса маңызды. Оның басты себебі - сабақта әндерді, өлеңдерді қолдану 

тек  оқу  үдерісін  түрлендіріп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ағылшын  тілінің 

оқу  және  оқыту  барысын  тартымды  етеді,  әрі  жандандыра  түседі.  Сонымен 

қатар, ағылшын  тілі  сабағында  тілді ән,  өлең арқылы үйрету  -  тек  білім беріп 

қана  қоймайды,  сонымен  бірге,  оқушылардың  бойында  қалыптасып  жатқан 

мінез-құлықтарының  дұрыс  қалыптасуына  да  өзіндік  үлесін  қосады.  Осы 

себептен,  мен  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін  нысан 

ретінде ағылшын тілін ән, өлең арқылы оқытуды алдым. 


128 

 

Ән,  өлең  арқыл  оқытуды  қарастырмас  бұрын,  мамандар  арасында 



пікірталас туғызған есте сақтау қабілет жөнінде айтылған тұжырымдарға назар 

аудардым. Мысалы есте сақтау қабілетіне өзіндік үлес қосқан Аристотель, И.П. 

Павлов,  Абай  Құнанбаев  сынды  ғалымдар  тиесілі  ғылыми  негіздемелер 

ұсынады. 

Ес  –  адамның  бұрын  көрген,  естіген,  білген  нәрселері  мен  бейнелерін 

ойында  ұзақ  уақыт  сақтап,  қажет  кезінде  қайта  жаңғырту  қабілеті,  жүйке 

жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі [18]. 

Зерттеудің  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отырған  мемлекетіміздің 

білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту  тұжырымдамасында  басым 

бағыттардың  бірі  ретінде  шетел  тілдерін  оқыту  атап  көрсетілген.  Ел 

басшымыздың  үштұғырлы  саясатына  сай  шет  тілін  үйрену,  қолданыс  аясын 

кеңейту - бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелері. 

Осы  тұста,  соңғы  жылдардағы  тілші-әдіскер  ғалымдардың  зерттеу 

жұмыстарының  нәтижесі  бойынша  сөйлеу  дағдысын  дамыту  мектеп 

оқушыларының  көпшілігінің  сөздік  қоры  жұтаң,  сөз  тіркестері,  яғни 

фразеологизмдер,  идиомалар,  мақал-мәтелдер,  дәйексөздер  сөйлем  және  мәтін 

құрауда  дәрменсіздік  танытатындығын,  өз  ойын  толығымен  әрі  жүйелі  түрде 

тыңдаушыға жеткізе алмайтындығын, сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға 

әбден  болады.  Мұның  бірден  бір  себебі  –  оқушының  сөйлеу  формаларын 

игерудегі дағдыларының әлі дұрыс қалыптаспағандығынан, сөздік қорларының 

аздығынан және  тілге қатысты білімдерінің жеткіліксіздігінен. Сонымен қатар,  

кейбір  зерттеушілердің  ойынша,  мектептерде  немесе  тіл  орталықтарында  оқу 

үдерісі өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде. 

Осы себептен де, ағылшын тілі сабағында ән, өлең арқылы оқушылардың 

есте сақтау қабілеттерін дамыту қазіргі оқу үдерісінде, айталық ағылшын тілі 

сабағында, аса маңызды мәселе болып табылады. Демек, біздің ойымызша, бұл 

мәселе педагогика саласындағы зерттеулер қатарында ғылыми нысаны ретінде 

осы күнге дейін барынша қамтылмаған. 

Зерттеу  нысаны:  Ағылшын  тілі  сабағында  оқу-тәрбие  үрдісінде 

оқушылардың ән, өлең арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеу пәні: Қазіргі заманауи ақпараттық технологияларға сүйемелдену 

арқылы оқу-тәрбие үрдісінде субьектілердің есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеу 

мақсаты: 

Оқушылардың 

ағылшын 

тілін 


жоғары 

деңгейдетмеңгеруіне жағдай жасау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеудің міндеттері: Жоғарыда аталған мақсаттың мүддесінен шығу 

үшін, осы жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді: 

 

зерттеу жұмысына тиянақ болатын отандық және шетелдік теориялық- 



әдістемелік зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру; 

 



баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру; 

 



ән, өлең арқылы оқушының сөздік қорын молайтуға ықпал ету; 

 



ән,  өлең  арқылы  оқушының  қоршаған  дүние  туралы  түсінігін 

қалыптастыру; 



129 

 



 

оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытуға  арналған  ән,  өлең 

түрлерін жинақтау, кітапша жасау; 

 



аудио,  видео,  электрондық  таспаларды  жинау,  пайдалану  жолдарын 

меңгеру; 

 

ағылшын  тілі  сабағында  ән,  өлең  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау 



қабілеттерін  дамыту  әдістемесінің  ұтымдығының  эксперимент  нәтижелеріне 

сүйеніп дәлелдеу. 



Зерттеу  болжамы:  Егер  сабақ  барысында  оқушылардың  есте  сақтауын 

дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды қолданса, онда оқушылардың 

пәнге деген қызығушыларалы артады, және ойлау қабілеттері дамиды. 

 

Зерттеу кездегі қарама –қайшылықтар: 

Педагогикалық іс-әрекеттер 

Қарама-қайшылық 

Жаңа 

әнді 


сабақтың 

тақырыбына 

байланысты 

алдым. 


Әнді 

тыңдаттым, 

қайталаттым,  әнге  байланысты  қимылдар 

жасаттым. 

Бірақ  дегенмен  де  оқушылар  әр  себептерге 

байланысты қабылдамайды. 

Сабаққа байланысты ән, өлеңді қолданғанда 

көрнекіліктер 

қолданамын. 

Оқушылар 

сипаттайды, ұстап көреді, сезеді. 

Бірақ 


оқушылар 

толығымен 

сипаттай 

алмайды.  Әр  түрлі  танымдық  қабілеттеріне 

байланысты. 

Ән,  өлең  арқылы  оқушылар  көреді,  естиді, 

қайталайды.  Сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем  қылып 

айтқызамын. 

Сонда да оқушылар толық меңгермейді. 

Ән,  өлеңді  оқушыларға  беремін.  Оқушылар 

естиді, оларды жазады. 

Дегенмен 

де, 

тәжірибе 



жүзінде 

оқушылардың  толық    меңгермегендігі 

байқалады. 

Қате 


жіберетін 

оқушылар 

болады. 

Ән, өлеңді айт барысында топтың жұмыстар 

жасаймыз. Қарым-қатынасты жақсартамын. 

Дегенмен  де,  кейбір  оқушылар  қарым-

қатысқа түспей, өздерін ғана ойлайды. 

Оқушылардың  ағылшын  тілінде  білім  алуы 

көпшілгіне  ұнайды,  қызығады,  белсенді 

болады. 


Дегенмен де, кейбір ата-аналар балаларының 

пәнге деген қызығушылығын қолдамайды. 

Кез-келген  оқу  үрдісінің  дамытушы  күші  ол  қарама-қайшылық.  Жалпы 

қарама-қайшылық менің сабағымның жүру барысына түрткі болады. 

Жоғарыда  аталған  қарама-қайшылықтарды  басшылыққа  алып,  үнемі 

оларды өзгертіп, азайтуға үнемі жұмыс атқарып, сабақ жоспарын құрамын. 

Білім  беру  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру  оның  философиялық, 

психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек 

қайта  қарау  қажеті  осындай  қиыншылықтарды  жеңе  отырып,  оқушының  жан-

жақты, терең сапалы білім алуына бар мүмкіншілігімізді салуымызды жүктейді. 

Сондықтан  да  менің  зерттеу  тақырыбым  «Бастауыш  сыныптарда 

ағылшын  тілі  сабағында  ән,  өлең  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау 

қабілеттерін дамыту». 

Мемлекетіміздің  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту 

тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі ретінде шетел тілдерін оқыту атап 

көрсетілген.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақсатында  2009-20013  оқу 

жылынан  бастап  Өскемен  қаласы  әкімдігінің  «А.Байтурсынов  атындағы  №20 

орта  мектеп»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде  Қ.Р.Үкіметінің  2002 



130 

 

жылғы  11-қаңтарға  №41  қаулысына  сәйкес  ағылшын  тілін  1-сыныптан  бастап 



оқыту,  яғни  эксперимент  сыныбы  ұйымдастырылып,  оқытып  келемін.  Оқушы 

бойына «жайдан –күрделіге» қарай оқыта отырып, есте сақтау көру есту, және 

ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өрбіту  арқылы  оқушы  оқи  алады,  компьютермен 

жұмыс жүргізеді және сурет салып суреттей алатын қабілетке жетті [9]. 

Мектептегі оқу – тәрбие процестің негізгі мақсаттарының бірі – баланың 

есте  сақтау  қабілетін  үздіксіз  дамытып  отыру  қажет.  Әр  жастағы  оқушының 

есінің  қалайша  дамытып  отыратындығын  психологиялық  зерттеулерде  жақсы 

көрсетілген, заңдылықтармен дәледенген. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда 

оқушыны, еңбекке, қоғамдық істерге араластыру, ғылыми, шығармашылықпен 

жұмыс  жүргізу  керек.  Заман  талабына  сай  әр  мұғалім  сабағын  жаңаша 

ұйымдастырып,  ізденісте  болу  керек.  Білім  беру  субьектісі  ретінде  оқушыны 

қалай  дамытамын?  Не  арқылы  дамытамын?  Деген  сұрақтар  туындады.  Іздену 

арқылы  жаңа  технолгиялармен  таныстым.  Грамматикалық  материалды,  жаңа 

лексиканы  енгізу,  тілдік  материалды  бекіту  барысында  тыңдауға  арналған 

жаттығулар  мен  тапсырмалардың  тіл  үйрену  процесі  барысында  берері  мол. 

Соның  ішінде  коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыру  барысындағы  ән, 

өлеңнің алатын орны ерекше. 

Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз 

деп  айтуға  болады  деген  сөзі  бар.  Ежелгі  Греция  мектептерінде  мәтіндерді 

әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады. 

Атақты  психолог  В.Левин  былай  деген  «Одни  лучше  запоминают, 

переписав,  другие,  услышав,  третьи  -  увидев,  четвертые  -  под  тихую  музыку, 

пятые  -  почесывая  голову.  Если  вы  еще  не  знаете  индивидуальных 

особенностей  своей  памяти,  надлежит  перепробовать  указанные  способы, 

дополнив их новыми, насколько у вас хватит фантазии». 

Ағылшын  тіліндегі  әндер  оқу  үрдісінен  шыға  алады  және  оқу  үрдісімен 

байланысатын буын ретінде болады. 

Ағылшын  тіліндегі  әннің  көмегі  арқылы  оқуды,  есте  сақтауды,  айтуды, 

грамматиканы, сөзік қорын молайтудың ең тиімді әдіс болып табылады. 

Ән мидың оң жақ бөлігіне әсер етсе, ал сөз мидың сол жақ бөлігіне әсер 

ететінін дәлелдеп отыр, міне, сондықтан да, мәтіннің ритмі және жағымды әуен 

біздің есте сақтауымызда көпке дейін есімізде қалады [8]. 

Ағылшын  тілін  үйрету  барысында  әннің  ықпалы  мол.  Олай  болса  тіл 

үйренудегі әннің әсеріне тоқтала кетейік. 

а)  Ән  тілдік  қарым  қатынас  құралы  ретінде  жаңа  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінен  құралып,  оқушының  сөз  қорының  кеңейіп,  бекуіне  ықпал  етеді, 

Ән  тыңдау  кезінде  таныс  лексика  жаңа  контексте  кездесіп,  оны  қолданудың 

қарқыны  өсіп,  оқушының  есінде  тез  сақталады.  Әндерде  жер  су  атаулары, 

географиялық  атаулар,  тілдік  реалиялар,  поэтикалық  сөздер  жиі  кездесетін 

болғандықтан,  оқушшының  тілдің  стилистикалық  ерекшеліктерін  түсініп, 

сезінуіне ықпал жасалады. 

ә)  Әнмен  жұмыс  барысында  грамматикалық  құрылымдардың  қарқыны 

арта  түсетіндіктен,  оқушының  грамматикалық  құрылымдарды  еске  сақтауы 


131 

 

жеңілдей  түседі.  Әндер  заман  талабына  сай  жазылып,  сілтемелер  беріліп, 



мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады. 

б) Ағылшын тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы 

қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, 

дұрыс артикуляцияны қалыптастырады. 

в)  Әнмен  жұмыс  барысында  эстетикалық  тәрбие  қалыптасып, 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  ашылады.  Сонымен  қоса  сабақтағы 

психологиялық  климат  ретке  келіп,  тілдік  әрекет  қарқындатылып, 

эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта 

түспек. 

г)  Әнмен  жұмыс  оқушының  монологты,  диалогты  және  ауыз  екі  сөйлеу 

тілінің дамуына ықпал етеді [3]. 

Әнді  сабақтың  әр  кезеңінде  қолдануға  болады.  Мен  әндерді  әр  кезеңге 

байланысты қолданамын: 

 



бастапқы кезеңде фонетикалық әндерді; 

 



әннің қолдауымен жазбаша жұмыс жасағанда; 

 



бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқанда әнді сәттер; 

Ағылшын    тілі  сабақтарында  берілетін  әндер  мұқият  таңдалып  алынуы 

тиіс.  Ән  сабақтың  негізгі  тақырыбы  бола  алмайды,  оны  негізінен  жаңа 

лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және 

әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады. 

Әннің мәтімен жұмыс істеу бірнеше кезеңнен тұрады. 

Біріншіден әндегі, өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал, ия 

болмаса  аударма  арқылы  түсіндіремін.  Оқушылар  әннің,  өлеңнің  жалпы 

мазмұнын түсінген кезде әнді, өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде 

әнді,  өлеңді  өзім  оқып  беремін.  Соңынан  оқушылар  қиын  сөздер  мен  күрделі 

сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен менің соңынан бәрі бірдей 

әрі  жекелей  қайталап  айтады.  Ән,  өлең  жолдары  өте  қиын  болмаса,  толық 

жатталады,  біршама  қиын  әндерді,  өлеңдерді  мәнерлеп,  интонациямен  оқуға 

алдын ала дайындық жасалады. Ол үшін мен оқушыларға дауыстап, мәнерлеп 

оқып  беруге  міндеттімін.  Әнмен,өлеңдермен  жұмыс  істеу  арқылы 

оқушылардың  сөздік  қорын  дамуы,  ағылшын  тіліне  деген  қызығушылығы 

пайда  болады.  Сабаққа  қажетті  әнді,  өлеңді  таңдау  сол  кезде  өтіліп  жатқан 

лексикалық  және  грамматикалық  материал  мазмұнымен,  оқулықтағы  мәтін 

немесе  ауызша  әңгіме  тақырыбымен,  сондай-ақ  қызыл  даталы  күндермен 

байланысты анықталады. 

Ән  арқылы  сергіту  сәттерін  жасау,  ән  арқылы  қимылдар  жасау  қазіргі 

заман денсаулық сақтау технологиясымен байланыстыруға болады. 

Әнді  қолдану  әдісінде  мынаған  көңіл  бөлу  керек:  лексикалық-

грамматикалық материалдарды әнді арқылы бекіту  

Келесі екі-үш сабақта әнді бір-екі рет қайталау керек, себебі әннің сөздері 

ұзақ және берік есте қалу үшін. 



132 

 

Жаңа  грамматикалық  материалды  өткенде  оқушылар  грамматикалық 



құрылымға  сүйеніп,  жаңа  материалды  бекіткенде  жеңіл  болады.  Мысалы: 

ағылшын тілін жаңа бастағандарға ағылшын тіліндегі алфавитті жаттағанда [7]. 

Ағылшын тіліндегі алфавитті ән арқылы айтқанда оқушыларға қызықты, 

әрі рет-ретімен есте қалады. 

Әнді айта отырып оқушылар жеңіл және еріксіз модалді етістікттерді еске 

түсіреді, болашақта мәтін құрғанда қолданады [16]. 

Осы  аяқталған  шақтың  арнайы  сұрақтарын  өткенде  ән  арқылы  сұрақты 

реті жылдам және жеңіл есте қалады. 

Әуендік  тақырыпты  қолдана  отырып,  жаңа  лексикалық-грамматикалық 

құрылымдар  сабақтың  уақытын  үнемдеуге  мүмкіндік  туғызады  және  бір 

уақытта  қабылдаудың  бірнеше  каналдарына  сүйенеді.  Өлеңді  әуенмен 

сүйемелдеуде  аудиалдар  мен  жақсы  қабылданады,  ал  әуен  іс-қимылдармен 

сүйемелдеуде кинестетиктермен жақсы қабылданады. Егер сыныпта немесе оқу 

құрамында  әннің  сюжетіне  көрнекіліктер  сәйкес  келетін  болса,  бұл 

ақпараттардың  визуалдармен  есте  сақтауына  ешқандай  мәселе  болмайды.  Ән 

арқылы  жаттығу  жасауда,  белгілі  ойынды  ойнағанда  немесе  билегенде  ән 

арқылы  ағылшын  сөздерінің  көмегімен  кинестетиктер  ән  мен  ойынға,  сөздер 

мен сөйлемдерді естеріне сақтауға дағдыланады. Әнді қолдана отырып, біз есте 

сақатуда еш қиналусыз кеңейте  аламыз. Ұзақ  уақытта есте сақтауды дамытуда 

психологтардың  дәлелдеуі  бойынша  адам  тек  қана  эмоционалдық  басынан 

өткен  жағдайларды  есіне  жақсы  сақтап  қалатынын  дәлелдеп  отыр.  Балалар  ән 

айтуды  және  билеуді  ұнатады.  Сондықтан  да,  кез  келген  айтылған  ән 

лексикалық  бірлік  олармен  өткерліген.  Тұлғалық  мағыналы,  жеке  эмоциямен 

байланысты мәңгілік естерінде сақталады. 

Сабақ  барысында  біз  бірнеше  әндер  жаттаймыз.  Оқушылармен  қиын 

қабылданатын  сөздер  бұл  сәтте  жеңіл  қабылданады.  Олар:  ырықты  етістер, 

шартты райлы  шырайлар, уақыттар. Мысалы:  to be going to  құрылымын мына 

ән арқылы құрып, оқушылар үнемі естеріне қайта жаңғыртады [17]. 

Әннің  әуені  энергиялық  және  ритімді  өзгерте  алатындай  болу  керек, 

себебі  бұл  оқушылардың  жұмысын  бір  түрден  екінші  түрге  ауысуына 

қолданылады.  Бұл  әсіресе  оқушыларға  арналған  қандайда  бір  қозғалмалы 

ойыннан,  сайыстан  кейін  оқушыларды  тыныштандыру  үшін  ән  қолданылады 

бәрінен  ең  жақсысы,  ең  танымал  әндерді  қосқан  дұрыс,  әсіресе  қайырмасы 

аздап  өзгертілетін  әндер  қолданамын,  мысалы:  «Five  little  bears»  ,  «Two  fat 

gentlemen» немесе «Five fat sausages». 

Мен тақырыбымды зерттеу барысында сауалнама алдым. Сауалнамаға 29 

оқушы қатысты. Сауалнама бес сұрақтан тұрады. Сұрақтарда бірнеше жауаптар 

ұсындым: ия, жоқ, кей-кезде. 

Сауалнаманың  қорытындысында  мен  жауаптарын  санап,  пайызын 

шығардым. Нәтижесінде диаграмма құрдым. 

 

89% оқушы әнді ағылшын тілінде тыңдағанды ұнатады 



 

48% оқушы ағылшын тілінде тыңдалған әнді түсінеді. 



133 

 



 

Оқушылардың  жартысы  тыңдалған  ағылшын  тіліндегі  әннің  мәтінін 

түсінеді немесе кейбір бөлігін ғана түсінеді. 

 



Оқушылардың  ағылшын  тіліндегі  әндерді  тыңдауда  63%  есте 

сақтауын дамытады, 30% ішкі қанағаттанушылық сезімін алады. 

 

Солардың ішінде 13% ән жай ұнайды. 



 

Ағылшын  тіліндегі  әндердің  көмегімен  оқушылардың  67%  сөздік 



қоры молаяды. 

 



Оқушылардың  2%  ағылшын  тілінде  әнді  тыңдайды,  себебі  барлығы 

әнді тыңдайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жүргізілген  жұмыс  нәтижесінде  мынадай  қорытынды  жасауға  болады, 

ағылшын  тілін  үйренуде  ән,  өлең  есте  сақтау  қабілетін  дамытуда  өз  орнын 

алады.  Қазіргі  кезде  жастар  арасында  ағылшын  тілінде  әндер,  өлеңдер  кең 

таралған және өзек болып табылады. Бұл әндерді, өлеңдерді біз теледидардан, 

радиодан тыңдағанды ұнатамыз. Олар бізге ұнағандықтан, біз әндерді айтамыз, 

қайталайымз, айтылып жатқан мәтіннің сөздерін қайталаймыз, сол арқылы есте 

сақтау  қабілетін  дамытамыз.  Сол  сияқты  ағылшын  тіліндегі  сөздерді  жақсы 

айтуға  үйренеміз,  әннің,  өлеңнің  мағынасын  түсіне  бастаймыз,  егер  қандайда 

бір сөзді түсінбесек сөздіктен ашып қарауға мүмкіндік бар. 

Қорыта келе, келесі ойға келдім: 

 

ағылшын  тіліндегі  ән,  өлең  оқушының  дамуына  үлкен  мүмкіндік 



туғызады; 

 



әннің,  өлеңнің  сөздері  оқушының  сөздік  қорының  молайуына  тиімді 

тәсіл болып табылады; 

 

ән, 



өлең 

оқушыларда 

жоғарғы 

адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптасуына ықпал етеді; 

 

ән, өлең арқылы оқушылардың дүниетанымдық қабілеті молаяды; 



 

әнмен, 



өлеңмен 

жргізілген 

жұмыс 

түрлері 


оқушының 

қызығушылығына  түрткі  береді,  жыл  көлемінде  оқушының  пәнге  деген 

қызығушылығы артады; 

 



әндер,  өлеңдер  оң  эмоционалдық  көңіл  күй  тудырады,  лексикалық-

грамматикалық тақырыпты меңгеруге ықпалын тудырады; 



134 

 



 

ағылшын  тіліндегі  әндер,  өлеңдер  басқа  елдердің  мәдени-тарихи 

дамуын кеңейтеді. 

Қорытындылай  келе,  менің  зерттеу  жұмысыма  қойылған  мақсатыма 

жеттім  деп  ойлаймын.  Ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  есте  сақтауын, 

тілін  дамытуды  көздей  отырып  ән,  өлең  арқылы  сыныпта  психологиялық 

жайлы жағдай тудыруға сенімдімін. 

Экспериментальды  негізде  жүргізілген    жұмысымды  арқау  ете  отырып, 

мен мынадай қорытындыға келдім: ағылшын тілі сабағында оқушылардың есте  

сақтау  қабілеттері  белгілі  бір  жүйемен  үздіксіз  жүргізіліп,  жүйелі  сөйлеуге 

дағдыландыру  кешенді  жұмыстар  мен  жаттығулар  негізінде  ұйымдастырылса, 

оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелеріне 

негізделсе,  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерінің  дамуы  анық.  Сонымен 

қатар, ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардың есте сақтау қабілеттерін 

дамыту  мақсатында  ән,  өлең  арқылы  көптеген  жаттығулар  түрлерін  ұсыну 

қажет. 


Дегенмен  де,  қазіргі  заман  талабына  сай  тек  қана  педагогикаға  сүйеніп 

мұғалім  болу  мүмкін  емес,  біз  үнемі  тұлғалардың  жас  ерекшелігіне,  ақыл 

ойының  дамуына  психологиялық  жас  ерекшелігіне  ,  оған  байланысты 

психологиялық әдебиеттерге сүйеніп, үнемі ізденіс үстінде болуымыз керек. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. А.А. Леонтьев. Психология общения. 3-е изд. М.: 1999– 145c. 

2. Веренинова  Ж.Б.  Роль  песни  при  обучении  английскому  произношению.// 

Иностранные языки в школе. – 1998. - № 6, С. 65 – 70. 

3. Гебель  С.Ф.  Использование  песни  на  уроках  иностранного  языка/С.Ф. 

Гебель//Иностранные языки в школе. – 2009. - №5. – с.28-31. 

4. Екибасова Д.Д. //Ағылшын тілі мектепте журналы. 2009 ж.№ 4. 

5. Измайлова  Е.В.  Песни  и  стихи  на  уроках  английского  языка  в  III 

классе//Иностранные языки в школе -2005- №3. 

6. К.К.  Жаксымбетова  «Информационно-коммуникационные  технологии  в 

обучении  иностранному  языку»//  Шетел  тілін  оқыту  әдістемесі.2007ж.  №28-

15б. 

7. Клементьева  Т.,  Монк  Б.  Счастливый  английский  5-6  классы:  Учебник  для 



общеобразовательных учебных заведений – М.: Просвещение 2001. 

8. Крутецкий В.К. Психология. Издание второе. Переработанное и дополнение-

М. Просвещение 1986.-97 с. 

9. Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. - 83б. 

10. Лебединская  Б.Я.  –  Английская  грамматика  в  стихах:  Пособие  по 

английскому  языку  –  М.:  ООО  “Издательство  АСТ”;  “Издательство  Астрель”, 

2003. 


 

 

Елена Николаевна Глотова 

135 

 

учитель музыки КГУ «Белоусовская средняя школа №1» 



Глубоковский район п.Белоусовка  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет