1- 2-3 см выше пупка по белой линии;
2- 2-3 см наружу от пупка у краев прямых мышц живота;
3- у наружных краев прямых мышц на уровне средины расстояния от мечевидного отростка до пупка.
Аускультация яремных вен. Место выслушивания: на шее между обеими ножками грудинно-ключично-сосцевидной мышцы, лучше всего в стоячем или в сидячем положении пациента. У здоровых людей никаких звуковых феноменов нет, поскольку скорость тока крови в венах относительно невелика и равномерна.
Бұлшық ет тонусы мен күшін анықтау (тракцияға сынама)
Бұлшықет тонусы. Бұлшықет тонусы - бұлшықеттің рефлекторлы түрдегі күштенуі, ол ОЖЖ-мен реттеледі және бұлшықетте өтетін зат алмасулық үдерістерге байланысты болады. Тонустың болмауын немесе төмендеуін атония немесе гипотония деп атайды. Бұлшықет тонусының жоғарылауы гипертония деп аталады. Болжамалы түрде баланың бұлшықет туралы жағдайын бағалау көзбен қарап, қалпына және қол-аяқтың орналасуымен бағаланады. Дені сау нәресте қалпы (қолы шынтаққа бүгілген, тізесі, саны ішке тартылған) физиологиялық гипертонуспен сипатталады. Егер бұлшықет тонусы төмен болса, бала салбыраған қол-аяқпен жатады. Ерте жастағы балада бұлшықет тонусының төмендеуі қаңқа қалпының өзгеруіне, қанат тәрізді жауырынға, шектен шыққан белдік лордозға,
іштің ұлғаюына әкеледі.
Бұлшықет тонусы бұлшықеттің қарсыласу күшін бағалай отырып анықталады.
• Тонус артуының екі түрін ажыратады.
- Бұлшықет спастикалығы - қарсыласу енжар түрдегі бүгу мен жазуда болады, кейін карсыласу төмендейді. Бұл орталықтан жұлынның алдыңғы мүйізіне әсердің болмауымен байланысты.
- Бұлшықеттің ширығуы гипер тонус тұрақты немесе қайталамалы қозғалыс кезінде арта түседі. Зерттеуде үзілістілік, қарсыласудың кезеңділігі тән. Қол-аяқ сол қалыпта қалуы мүмкін, бұл экстрапирамидальды жүйе зақымында болады.
• Бұлшықет гипотониясы кезінде енжар қозғалыста қарсыласу болмайды, бұлшықеттің шүберек тәрізді консистенциясы тән, буында қозғалу көлемі артады.
- Тракция сынамасы - арқасынан жатқан баланы білек-шынтақ буынынан тартып, отыратын қалыпқа әкеледі. Бала алдымен қолын жазады (бірінші фаза), кейін оларды бүгеді, сосын бар: денесімен зерттеушіге қарай тартылады (екінші фаза). Гипертонус болса бірінші фаза болмайды, ал гипотонус болса екінші фаза болмайды.
Бұлшықет күші. Бұлшықет күші күшею дәрежесімен, белсенді қарсыласумен бағаланады. Ерте жастағы балада қолындағы ойыншықты тартып алуға тырысу арқылы, ал ересек жаста қол-аяқты бүгу және жазу арқылы бағалайды. Бұған қосымша, баланы отырып-тұрғызу, қимыл жасатумен, киіндіру, шешіндіру арқылы, еденнен тұруы арқылы бағалайды. Бұлшықет күші жас өсе келе артады. Бұлшықет күші ер балаларда артығырақ болады. Оны динамометр арқылы нақтырақ бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |