Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі: оралді рефлекстер


Жүрек ұшының түрткісін анықтау, оны сипаттау



бет14/17
Дата24.05.2023
өлшемі1,12 Mb.
#96315
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БАП СЕССИЯ

Жүрек ұшының түрткісін анықтау, оны сипаттау

Жүрек аймағын қарағанда жүрек ұшы түрткісінің орнын анықтауға болады.


• Жүрек ұшы түрткісі - жүрек ұының алдыңғы кеуде қабырғасына соғылуына негізделген, кеуде қуысының алдыңғы қабырғасында көрінетін алдыңғы қолтық асты сызығынан ішке қарай бір қабырға аралық көлеміндегі пульсация (2 жасқа дейінгі балаларда - төртінші, ал ересек жастағы балаларда - бесінші қабырға аралықта). Патологиялық жағдайларда жүрек ұшы түрткісі тік
және көлденең бағыттарда жылжуы мүмкін.
• Жүрек түрткісі - жүрек аймағында патологиялык жағдайда байқалатын пульсация (ең алдымен оң жақ карыншаның гипертрофиясында). Әр түрлі ауруларда пульсацияны төс сүйегінің оң және сол жақ қырынан екінші және үшінші қабырға аралығынан, семсер тәрізді өсінді тұсынан көруге болады.
• Қабырға аралықтардың тегістелуі ауыр перикардитте болады. Жүрек аймағын пальпациялағанда алдымен жүрек ұшы түрткісін табамыз. Егер жүрек ұшы қабырға астында жатса, баланы жүрек ұшы түрткісін анықтау үшін бүйірінен жатқызамыз. Жүрек ұшы түрткісі перикардитте, ауыр миокардитте анықталмайды. Жүрек ұшы түрткісінің орналасуын, көлемін, биіктігін, күшін бағалаймыз.
• Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі 2 жасқа дейінгі балаларда - төртінші қабырға аралық бұғана орта сызығынан сыртқа қарай, 2 жастан 7 жасқа дейін - бесінші қабырға аралық бұғана орта сызығынан сыртқа қарай, 7 жастан кейін – бесінші қабырға аралық бұғана орта сызығы немесе одан ішке қарай болады.
• Жүрек ұшы түрткі аумағы 1,5-2 см2аз болса, оны шектелінген деп атаймыз, егер аумағы 2 см көп болса, таралған деп аталады. Балаларда жүрек ұшы түрткісі таралған, егер ол екі немесе көп қабырға аралықта пальпацияланса.
• Биіктік (өлшемі), кеуде куысының жылжу амплитудасымен анықталады. Жүрек ұшы түрткісі биіктігі бойынша қалыпты, биік, аласа болуы мүмкін.
• Күші (резистенттілігі) - соққыға кедергіні пальпация арқылы анықтау. Жүрек ұшы түрткісінің қалыпты, жоғары және төменгі резистенттілігін анықтаймыз. Жүрек ұшы биіктігі бала қозғанда жоғарылайды. Жүрек соққысы алақанның барлық бөлімімен жүректің абсолютті тұйықтығы аймағында көкірек куысына соққы тиіп жатқандай анықталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет