*Ферменттер. Витаминдер
#41
*!Зертханада студент глюкоза ерітіндісіне ашытқы қосу арқылы ашу үрдісін бақылады. Қай температурада оң нәтиже алынуы ықтимал?
*38
#42
*!Мутация нәтижесінде тұқым қуалайтын энзимопатия анықталды. Науқас сүтті қабылдай алмайды, оның ағзасында тирозин алмасуы бұзылған және жүйке жүйесінің патологиясы дамыған.
Осы тұқым қуалайтын ауру қалай аталады?
*фенилкетонурия
#43
*!Биогенді аминдер тіндерде түзіледі, әрі олар жоғары биологиялық активтілікке ие.
Олар қандай реакцияның нәтижесінде түзіледі?
*аминқышқылдарының декарбоксилденуі
#44
*!Төмендегі ферменттердің қайсысы экзопептидазаларға жатады?
*карбоксипептидаза
#45
*!Адам ағзасында пируватдегидрогеназды комплекстің әсерінен қандай зат түзіледі?
*активті сірке қышқылы
#46
*!Екікомпонентті ферменттердің коферменттерінің ролін қандай заттар атқарады?
*витамин
#47
*!ЛДГ ферментінің (лактатдегидрогеназа) 5 изоферменті бар.
Қайсы изофермент өкпеде кездеседі?*
#48
*!Цитохромдар – екікомпонентті ферменттер.
Цитохром b коферменті не болып табылады?
*гем
#49
*!Фермент-протеиндердің активті орталығында бірнеше аймақ болады.
Субстратпен байланысуға арналған аймақ қалай аталады?
*аллостерикалық орталық
#50
*!Флавин ферменттерінің коферментінің құрамына қандай витамин кіреді?
*B2
#51
*!Төмендегі ферменттердің қайсысы профермент болуы ықтимал?
*химотрипсиноген
#52
*!Оксидоредуктазаларға төменде аталған ферменттердің қайсысы жатады?
*оксигеназа
#53
*!Төмендегі заттардың ішінен оксигеназалардың коферментінің құрамына қай зат кіреді?
*С витамині
#54
*!Төмендегі проферменттердің ішінен қайсысы активті формаға айналу үшін тұз қышқылының болуын қажет етеді?
*пепсиноген
#55
*!Гепатит деген болжаммен аурханаға келген 50 жастағы әйелдің қанына биохимиялық анализ жасағанда ферменттердің гепатоарнайы маркерінің активтілігі анағұрлым артқаны анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін төмендегі ферменттердің қайсысын анықтау керек?
*аланинтрансаминаза
#56
*!Науқастың қан сарысуынан аспартаттрансаминаза мен аланинтрансаминазаның активтiлiгiн анықтау барысында аспартаттрансаминазаның активтiлiгiнiң артуымен қатар аспартаттрансаминаза/аланинтрансаминазаның коэффициентiнiң артуы байқалған.
Қай органның зақымдануы ықтимал?
*жүрек
#57
*!«Химчистка» бірлестігінің жұмысшыларын тексеру кезiнде бiр жұмысшының қанында қалыпты мөлшермен салыстырғанда аланинтрансаминазаның активтiлiгi- 7 есе, ал аспартаттрансаминазаның активтiлiгi - 2 есе артқаны анықталды.
Қандағы ферменттер деңгейiнiң өзгеру себептерi қандай?
*гепатит
#58
*!Төмендегі ферменттердің ішінен қайсысы гепатоциттерге тән фермент?
*аланинтрансфераза
#59
*!Ферроцитохром b қандай жолмен тотығады?
*феррицитохром - ге электрондарды береді
#60
*!Ферроцитохром қандай жолмен тотықсызданады?
*ферроцитохрома b-дан электрондарды алады
#61
*!Ер кісіде бауыр зақымдануының белгілері байқалды.
Төмендегі ферменттердің қайсысының мөлшері қанда артқан?
*аланинаминотрансфераза
#62
*!Әйел адамның оң жақ қабырғасының асты ауырады, ас қорытуы бұзылған, сарғыштану байқалады.
Төмендегі ферменттердің қайсысының мөлшері қанда артқан?
*аланинаминотрансфераза
#63
*!Ер кісінің кеуде тұсы ауырады, ауру сезімі қолына беріледі, ентігу байқалады? Төмендегі ферменттердің қайсысының мөлшері қанда артқан?
*аспартатаминотрансфераза
#64
*!Қандай химиялық элемент глутатионпероксидазаның коферменті болып табылады?
*селен
#65
*!Нейтрофилдердің протеиназаларына жататын фермент
*катепсин
#66
*!Протеиназалар лейкоциттердің қай органелласында болады?
*+лизосома
#67
*!Әйел адамның сүйек тіні зақымданды деген болжам бар. Осы диагнозды нақтылау үшін қандай көрсеткішті анықтау ең дұрысы?
*қандағы сілтілі фосфатазаны
#68
*!Ұйқы безінің ауруында қандай фермент индикаторлы болып табылады?
*амилаза
#69
*!Панкреатит (ұйқы безінің қабынуы) кезінде төмендегі ферменттердің қайсысының мөлшері қанда артады?
*амилаза
#70
*!Миозит (бұлшық ет қабынуы) кезінде қандай фермент жоғарылайды?
*креатинкиназа
#71
*!Эритроциттерде оттектің активті формаларын инактивтенуіне қатысатын фермент
*+супероксиддисмутаз
#72
*!Ферментативті реакциялардың жылдамдығы тәуелді
*фермент – өнімдер комплексінің түзілуіне
#73
*!Субстратпен комплементарлы байланысты қамтамасыз ететін, фермент молекуласындағы амин қышқылы қалдықтарының бірегей жүйелілігі аталады
*активті орталық
#74
*!цАМФ-ты аденил қышқылына дейін ыдырататын фермент
*фосфодиэстераза
#75
*!Лактатдегидрогеназаның бауырда кездесетін изоферменті
*ЛДГ 4
#76
*!Пируваттың лактатқа айналу жылдамдығы жүрек бұлшық етінде және бауырда өзгеше, себебі бұл ағзаларда лактатдегидрогеназа
*+әртүрлі изоформалармен көрсетілген
#77
*!Креатинкиназа изоформалары келесі заттың түзілу реакциясын катализдейді
*креатинфосфаттың
#78
*!Сульфаниламидтік препараттармен емдеудің бактериостатикалық әсерінің негізінде жатыр
*бәсекелес ингибирлену
#79
*!Бәсекелес ингибирлену кезінде ингибитор әсерінің төмендеуі келесі фактордын өсуімен байланысты
*субстрат концентрациясы
#80
*!Цитохромдардың ингибиторлары
*цианидтер
#81
*!Көру үрдісiне қатысатын витамин
*А витаминi
#82
*!Кiлегейлi қабаттың мүйiзденуiнiң алдын алып, құрамында мысы бар ферменттiң белсендiлiгiнiң белгiлi бiр деңгейде болуын қамтамасыз ететін витамин белгілі.
Бұл қандай витамин?
*ретинол
#83
*!Адам организмiндегi кальций мен фосфор алмасуын реттеуге қатысатын витамин
*Д витаминi
#84
*!Қандай витамин мешелге қарсы әсер көрсетеді?
*Д витаминi
#85
*!Көпқанықпаған май қышқылдарының тотығуының алдын алып, липидтердiң пероксидтi тотығу реакцияларын тежеуге қандай витамин қатысады?
*токоферол
#86
*!Тiндерде глюкозаның аэробты ыдырауымен үш карбон қышқылдарының циклi
тежелген.
Бұл реакцияларға қатысушы витамин
* витаминi
#87
*!Пациентте шаш түсуi, тiлi мен ернiнiң кiлегейлi қабатының қабынуы, бойы өсуiнiң тежелуi байқалады. Аталған белгiлердiң көрiнiс беруiн қандай витаминнің жетiспеушiлiгiмен түсіндіруге болады?
* витаминi
#88
*!Сәбидiң бассүйегi ерте сүйектенген, ақыл-ойы дамымаған, асқа тәбетi жоқ, салмағы азайған, полиурия, бұлшық еттiк сiресiп қалу (ригидтiк) байқалады.
Осы жағдайда қандай патологиялық күй байқалады?
*Д витаминiнiң гипервитаминозы
#89
*!Ер адам әлсiздiкке, көз жасы мен сiлекей бөлiнуiнiң бұзылғанына, кешқұрым көру қабiлетiнiң нашарлауына шағымданады. Қай витаминнің жетіспеушілігі осы жағдайдың себебі болады?
*А витаминi
#90
*!Ер адамда әлсiздiк, қызыл иегi қанауы, капиллярлардың жарылуы байқалады. Ол негiзiнен термиялық өңдеуден өткен тағамды пайдаланады. Қай витаминнің тағаммен жеткiлiксiз мөлшерде түсуі байқалады?
*С витаминi
#91
*!Ер адам ұйқысы нашар, бет пен қол терісі симметриялы түрде жарақаттанған, диарея, ашуланшақ.
Бұл күйді қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады?
*никотинамид
#92
*!Ер кісінің мұрны жиi қанайды, терiсi мен бұлшық еттерiне қан құйылу байқалады.
Осы жағдайда қандай тағам қабылдау қажет?
*капуста мен шпинат
#93
*!Туберкулезбен ауыратын ер адам ұйқысының нашар екенiне, ашулан шақтыққа, тырыспа байқалатынына шағымданады.
Осы авитаминоз қандай витаминнiң жетiспеушiлiгі?
* витаминi
#94
*!Нәрестенiң орталық жүйке жүйесiнiң қозғыштығы артуымен қатар тырыспа, іш кебуi, анемия байқалады. Глутаматтың декарбоксилдену реакциясы бұзылған. Глутаматдекарбоксилазаның құрамына қандай кофермент кіреді?
*пиридоксальфосфат
#95
*!Ер адамның асқазанын алып тастағаннан кейін оның есте сақтау қабілеті төмендеді, парез, селқостық байқалды, қанындағы гемоглобин деңгейі төмендеді.
Науқастың терапиясына қандай витаминді қосу керек?
*витамин
#96
*!Қарт кiсiнiң организмiнде липидтердiң пероксидтi тотығу реакциялары күшейген, артериялық қысымы мен қандағы холестерин деңгейi артқан.
Қандай зат антиатерогенді қасиет көрсетеді?
*F витамині
#97
*!Жүктi әйелде түсiк тастау қаупi байқалды, бұған дейiнгi жүктiлiк кезiнде ұрықтың жетiлуiнiң бұзылуы байқалған.
Әйелге кешендi ем жүргізу үшiн қандай витамин керек?
*токоферол
#98
*!Ер адам антибиотик қабылдаған соң мұрны қанайтынын, кесiлген жерiнен қан көпке дейiн тоқтамайтынын байқады. Терiсi мен бұлшық етiнде қан құйылулар байқалады. Қандай препарат ұсыну қажет?
*викасол
#99
*!А витаминінің авитаминозында патологиялық күй дамиды
*кератомаляция
#100
*!Ұрықтың дұрыс дамымауы, ыдрауы және түсік тастау қай витамин жетіспегенде болады?
*витамин Е
#101
*!Пациент шашының жиі майланып, мұрын ерін тұсындағы терісінің түлеуіне шағымданды. Ол шикі жұмыртқаны көп жейді.
Қандай антивитамин осы жағдайдың себебі болады?
*авидин
#102
*!К витаминінің екіншілік авитаминозы мына қосылыстардың жеткіліксіздігінде дамуы мүмкін
*өт қышқылдарының
#103
*!Витаминтәрізді зат – убихинон мына реакцияларға қатысады
*тотығу-тотықсыздану
#104
*!Тағаммен түскен тиамин, алдымен мына реакцияға түскеннен кейін кокарбоксилазаға айналады
*фосфорлану
Достарыңызбен бөлісу: |