Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет18/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Тиамин, В1, антиневриттік витамин.
Құрылысы/хим.табиғаты: метил тобымен байланысқан примидин мен тиазол сақиналарынан тұрады.
Биологиялық әсері: Ол үш ферменттің құрамына кіреді. Тиаминдифосфат ретінде пируват пен альфа-кетоглутаратдегидрогеназды комплекстердің құрамында пируват пен альфа-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясына және транскетолазаның құрамында глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуына қатысады.
Авитаминоз: В1- дің авитаминозынан полиневриттің, яғни шеткі жүйке жүйесінде дегенеративті өзгерістері (Жүйке бағанында ауырсыну, терінің сезімталдығының жойылуы, параличтың (бери-бери)пайда болуы) байқалады. Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары, ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Сонымен катар В1 витаминінің жеткіліксіздігінен ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары, асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі тәбеттің жойылуы, ішек атониясы байқалады.
Тағам көздері: Дәнді өсімдіктерде (бидай, күріш, қара бидай), сояда, үрмебуршақта, асбұршақта көп мөлшерде кездеседі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1,5-2,0 мг


Рибофлавин, В2, витамині , өсу витамині
Құрылысы/хим.табиғаты: Рибофлавин молекуласы рибитол спиртімен байланысқан изоаллоксазин сақинасынан тұрады.
Биологиялық әсері: флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттерінің негізі болып табылады. Ал ФМН және ФАД келесі функцияларды орындайды:

  • ФМН және ФАД тотыққан субстраттан молекулалық оттекке электрондар мен H + жеткізетін оксидазалардың коферменттері ретінде қызмет етеді.

  • ФМН және ФАД - тыныс алу тізбегіндегі электрондар мен протондардың аралық тасымалдаушылары: ФМН - ұлпаның тыныс алу тізбегінің I кешенінің бөлігі, ФАД -II кешеннің бөлігі;

  • ТПФ және басқа коферменттермен қатар ФАД пируват және альфа-кетоглутаратдегидрогеназа комплекстеріндегі сәйкес кето қышқылдарының тотығу декарбоксилденуін жүзеге асырады, сонымен қатар сукцинатдегидрогеназаның жалғыз коферменті. Осылайша, рибофлавин жасушаның негізгі метаболизм жолының жұмысына белсенді қатысады;

  • ФАД - митохондриядағы май қышқылдарының тотығуына қатысатын ацил-КоА дегидрогеназаның коферменті.

Авитаминоз: В2 витаминінің жеткіліксіздігінен жас организмнің өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы, еріннің айналасында ұзак уақыт жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В2 витаминінің авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер, көздің қасан қабығының тамырлануы
(васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық ет пен жүрек бұлшыұ етінің әлсіздігі байқалады.
Тағам көздері: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқасының сарысы, ірімшік, ашыған сүт, мейіз.
Тәуліктік қажеттілігі: 1,5-2,0 мг


Ниацин, никотинамид, РР витамині, пеллаграға қарсы.
Құрылысы/хим.табиғаты: Никотин қышқылы- ол пиридин-3-карбон қышкылы, никотинамид - оның амиді болып табылады. Организмде екі косылыс та бір-біріне оңай айналатындықтан, бірдей витаминдік активтілік көрсетеді.
Биологиялық әсері: РР витамині НАД пен НАДФ коферменттерінің құрамына кіреді. НАД, НАДФ - энергия алмасу реакцияларында маңызлы рөл атқарады, соның ішінде Кребс циклі, сонымен катар глюконеогенез реакцияларының ферменттерінің аллостерикалық реттеушілері. Оған қоса, НАД көптеген реакцияларда кофермент электрондар мен протондардың аралық акцепторы кызметін атқарады. НАДФ холестерин, стероидты гормондар және басқа заттардың алмасуында протондар мен электрондарды тасымалдау рөлін аткарады.
Авитаминоз: РР витаминің жеткіліксіздігі «пеллагра» ауруына әкеледі. Бұл ауруға 3 белгі тән: дерматит, диарея, деменция («ЗД» ауруы). Пеллагра кезіде күн сәулесінен қорғнбаған терінің симметриялы аймақтарында дерматит, ас қорыту жолдарының бұзылысы (диарея) және ауыз бен тілдің кілегейлі қабықтарының қабынған түрдегі зақымдануы байқалады. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінде бұзылыстар (деменция) - есінен айрылу, галлюцинация және сандырақ байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет