Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет59/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Никтурия – зәрдің күндізге қарағанда түнде көбірек бөлінуі , жүрек жұмысының бұзылуында , жедел нефритте байқалады .
Меншікті салмағы немесе салыстырмалы тығыздығы . Зәрдің қалыпты жағдайдағы меншікті салмағы 1,010-1,025 . Зәрдің меншікті салмағы диурезге кері пропорционал . Полиурияда меншікті салмағы төмендейді , олигоурияда – керісінше , жоғарылайды . Патология кезінде бұл арақатынас өзгереді . Егер зәрдің меншікті салмағы олигоурия кезінде төмендесе , бүйрек қызметінің ауыр бұзылысы және оның қатерлі белгісі болып табылады .
Түсі : қалыпты жағдайда түсі ақшыл - сарыдан қою сарыға дейін өзгереді .Зәрдің түсін құрамындағы пигменттер қалыптастырады : урохром , урозеин , уроэри трин , стеркобилин . Патология кезінде зәрде қан болса қызыл түс пайда болуы мүмкін . Зәрдің мұндай түсі ет жуындысының түсі » деп аталады . Зәрдің жасыл түсiнiң пайда болатының себебі – зәрде өт пигменттері , метилен көгі аз мөлшерде болғанда , ал зәрде өт пигменттері көп мөлшерде болғанда немесе метгемоглобин зәрге түскенде , зәр қоңыр түске боялады . Зәрдің құрамында көп мөлшерде фосфаттар , липидтер және ірің бол са зәр ақ түсті болады . Алкаптонурия , гомогентизин қышқылының және оның метаболиттерінің бөлінуі кезінде зәр қара түске боялады . Ауыр бауыр аурула рында да зәрдің түсі өзгереді .
Мөлдірлік : жаңадан шығарылған зәр мөлдір , ал тұрып қалған кезде жеңіл лай сияқты бұлыңғырт болады . Ол түлеген эпителийдің , фосфаттардың (зәрдің рН - ы сілтілік болса ) , ураттардың ( зәрдің тем пературасы төмендегенде ) тұнуынан пайда болады . Патологиялық жағдайда жаңадан шығарылған зәр лайлы болады .
Иісі – қалыпты жағдайда зәрдің арнайы жаңадан қайнатқан еттің сорпасының иісіне ұқсайтын иісі бо лады . Жаман жағымсыз иіс - сарымсақты , ақжелкекті ( хрен ) жегенде пайда болады . Жаңадан шыққан зәрде аммиактың цистит , пиелит аурулары кезінде пай да болады . Жеміс - жидектің иісі қант диабеті кезінде пайда болады . Нәжістік иіс – өт - қабы - ішек аралық тесігі және колибациллярларлы цистит кезінде пайда болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет