Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет1/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104


Шакенов Бауыржан Шакенұлы
С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті, қалыпты анатомия кафедрасының доценті.
2018 жыл.
Нерв жүйесі ( оқу құралы )


Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы

Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады.


Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Оның осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралуы арқылы организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады.
Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нерв жасушасы немесе нейрон (нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады. Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импулсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импулсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импулс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп бөлінетін үш түрі ажыратылады.
1. Сезімтал (афференттік, рецепторлық) нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері көбінесе аксонына қарағанда ұзын болып келеді. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте, дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортадан әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импулске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.
2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.
3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда, сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет