Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет104/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares,жұлынның алдынғы түбіршіктері, одан кейін жұлын нервісінің алдыңғы тармақтары құрамында өтеді. Алдыңғы тармақтар сегізкөздің жамбастық (алдыңғы) тесіктері арқылы шығады, олардан парасимпатикалық талшықтар - ішкі ағзалық жамбас нервтері,(қоздырғыш нервтер) nn. splanchnici pelvini, (nn. еrigentes) түрінде бөлінеді. Бұл нервтер жамбас (құрсақастылық төменгі) өрімін түзуге қатысады. Жамбас қуысының вегетативтік өрімдері сипатталған кезде атап өтілгендей, жамбас қуысында: жатыр – қынап өрімі мен несеп қуық, тік ішек, қуықасты без, шәует шығаратын түтік өрімдері ажыратылады. Ішкі ағзалық жамбас нервтері осы өрімдердің құрамындағы ағзажанындағы (экстрамуралды) орналасқан парасимпатикалық жамбастық түйіндерде, gangliа pelvicа, немесе ағзалар қабырғалары ішінде орналасқан интрамуралды түйіндерде аяқталады. Ішкі ағзалық жамбас нервтері сонымен қатар төмендеген жиек ішекті, сигматәрізді жиек ішекті нервтендіреді.
Соңы 23.07.20. Соңғы вариант. 10.06.21.Қара түске ауыстырдым. Тексердім.


.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет