Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Қызыл ядро - жұлындық жол



бет51/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Қызыл ядро - жұлындық жол, tractus rubrospinalis. Ортаңғы мидың қызыл ядросы экстрапирамидалық жүйенің орталығы болып табылады (45 – сурет). Ол үлкен ми қыртысы мен және экстрапирамидалық жүйеге жататын барлық анатомиялық құрылымдармен байланыста болады. Қызыл ядродан шығатын төмендеген қызыл ядро - жұлындық жол ортаңғы мидың жамылғысында қарсы жаққа өтіп, жамылғының вентралды (Форел) қиылысын түзеді. Көпір, сопақша ми арқылы төмен жүріп, олардағы бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына талшықтар береді де, жұлынның бүйір жіпшесі арқылы төмен түседі. Оның талшықтары жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш ядроларда аяқталады. Қозғалтқыш нейрондардың аксондары жұлын нервтерін құрайды. Бұл жол арқылы көлденең жолақты бұлшықеттердің автоматты қозғалысы қамтамасыз етіледі.






  1. – сурет. Қызыл ядро - жұлындық жол.

1 – ортаңғы ми; 2 – қызыл ядро; 3 - қызыл ядро - жұлындық жол; 4 – мишық қыртысы; 5 – тістік ядро; 6 – сопақша ми; 7 – жұлын.


Төбе – жұлындық жол, tractus tectospinalis. Бұл жол қыртысастылық көру орталығы болып табылатын ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төбешіктерінен және қыртысастылық есту орталығы - төменгі төбешіктерінен басталады.
Бұл жол кенеттен, ойламаған жерден пайда болған ақпаратқа (нервтік тітіркендіруге) организмнің тез жауабын қамтамасыз етіп, қорғаныс қызметін атқарады. Мысалы күтпеген жерден пайда болған жарыққа (кескінге) немесе дыбысқа организм селк етіп немесе басқаша түрде жылдам жауап береді.
Төбе – жұлындық жол төмен жүріп, орталық сұр затты айналып өтіп - жамылғының дорсалды қиылысын (фонтантәрізді Мейнерт қиылысын) түзеді. Одан кейін көпір, сопақша ми арқылы төмен жүреді де, бассүйек нервтерінің қозғалтқыш нейрондарына талшықтар береді. Одан кейін жұлынның алдыңғы жіпшесі арқылы төмен түсіп, жұлынның қозғалтқыш нейрондарында аяқталады.
Кіреберіс – жұлындық жол, tractus vestibulospinalis. Ромбтәрізді шұңқырға проекцияланатын кіреберіс - ұлу нервінің латералды және төменгі кіреберістік ядроларынан басталып, жұлынның алдыңғы жіпшесі арқылы түседі де, алдыңғы мүйізде орналасқан қозғалтқыш ядроларда аяқталады. Бұл жол дененің тепе – теңдігін қамтамасыз етеді де, мишықпен байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет