Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдар



бет48/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдар.

Төмендеген өткізгіш жолдар: пирамидалық және экстрапирамидалық болып екіге бөлінеді. Пирамидалық жол организмнің (орталық нерв жүйесі арқылы) сыртқы және ішкі ортадан келетін ақпараттарға саналы жауабын қамтамасыз етеді. Экстрапирамидалық жол, бұлшықеттердің тонусын және олардың санаға бағынбайтын жиырылу реттілігін (автоматты қимылын) қамтамасыз етеді.




Пирамидалық жол

Пирамидалық жол арқылы өтетін нервтік импулстер бастың, мойынның, тұлғаның және қол-аяқтың көлденең жолақты (қаңқалық) бұлшықеттерінің қызметін қамтамасыз етеді. Яғни, жұлын және бассүйек нервтері арқылы, қызметі адамның санасына бағынатын ағзаларды нервтендіреді де, сомалық нерв жүйесіне жатады. Пирамидалық жол орталық алдындағы қатпардың, gyrus precentralis, бесінші қабатында орналасқан Бец жасушалары деп аталатын алып пирамидалық жасушалардан басталып, бассүйек нервтерінің және жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Аталған қозғалтқыш ядролардан шыққан нервтер, жоғарыда аталғандай көлденең жолақты бұлшықеттерді нервтендіреді. Пирамидалық жол: 1) қыртыс-ядролық жол; 2) қыртыс-жұлындық алдыңғы жол; 3) қыртыс-жұлындық латералды жол – деп, үшке бөлінеді.


Қыртыс-ядролық жол, tractus corticonuclearis, орталық алдындағы қатпардың төменгі үштен бір бөлігінен басталып, төмен жүреді де, ішкі қапшықтың, capsula interna, иіні арқылы өтеді. Одан кейін ортаңғы мидың аяқшасы, көпірдің және сопақша мидың алдыңғы (вентралды) бөліктері арқылы төмен түседі. Ортаңғы мида, көпірде және сопақша мида оның талшықтарының бір бөлігі қарсы жаққа өтіп, бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына аяқталады (43 - сурет). Ортаңғы мида – көзқозғалтқыш (ІІІ жұп) және щығыршық (ІV жұп) нервтерінің ; көпірде - үштік (V), әкететін (VІ) және бет (VІІ) нервтерінің ; сопақша мида – тіл - жұтқыншақ (ІХ), кезбе (Х), қосымша (ХІ) және тіласты (ХІІ) нервтерінің қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Қыртыс - ядролық жол талшықтарының екінші бөлігі өз жағының ядроларына аяқталады. Аталған қозғалтқыш ядролардан шығатын нервтер бастың және мойынның бұлшықеттеріне барады.
Мысалы: көзқозғалтқыш және щығыршық нервтері көз алмасын қозғалтатын бұлшықеттерді; бет нерві мимикалық бұлшықеттерді нервтендіреді.






  1. – сурет. Қыртыс - ядролық жол.

1 – орталықалдындағы қатпар; 2 - таламус; 3 – қыртыс – ядролық жол; 4 – ортаңғы ми (көз қозғалтқыш нервтің ядросы - көз алмасының бұлшықеттерін нервтендіреді); 5 – көпір (бет нервінің ядросы - мимикалық бұлшықеттерді нервтендіреді); 6 – сопақша ми.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет