Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон



бет2/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

2. Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон нервтік импулсті сезімтал нейроннан, келесі аралық нейронға немесе қозғалтқыш нейронға жеткізеді.
3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлық) нейрон. Бұл нейронның аксондары нервтердің құрамында ағзаларға барады.
Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.
Туа біткен, тұқымқуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми діңі арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
Өмір сүру барысындағы организмнің қоршаған ортамен байланыстары, арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді.
Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.
Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан. Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері (дендриттері) жұлын нервтерінің құрамында өтеді.
Рецепторлар арқылы қабылданатын импулс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі (аксоны) арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға беріледі. Нервтік импулс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде орналасқан үшінші, қозғалтқыш нейронға келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.
Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі, 1 - сурет). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.



.
1 – сурет. Қарапайым рефлекстік доға (тізе рефлексі).
1 – проприоцептор; 2 – сезімтал нерв; 3 – қозғалтқыш нейрон; 4 – қозғалтқыш тнбіршік.

Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.


Анатомиялық - қызметтік ерекшеліктеріне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық) және вегетативтік (автономдық ) болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет