Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Жүректің бөліктерін ата.
2. Жүректің қуыстарын бір-бірінен қандай қақпақшалар
бөледі?
3. Жүрек қақпақшаларының маңызы қандай?
4. Жүрек етіне қандай физиологиялық қасиеттер тән?
5. Рефрактерлік кезең деген не?
6. Жүрек автоматиясы деп нені айтады?
7. Жүректің арнайы тіні қандай түйіндерден тұрады?
8. Жүрек циклы қандай кезеңдерден тұрады?
9. Экстрасистола деген не?
10. Компенсаторлық үзіліс деген не?
11. Жүрек жұмысы кезінде қандай дыбыстар туады?
21
12. Электрокардиограмма деген не? Оның тістері нені
білдіреді?
13. Жүректің систолалық және минуттық көлемі деген не?
Олардың маңызы қандай?
14. Жүрек қалай жүйкеленеді?
15. Кезбе және симпатикалық жүйкелер жүрекке қалай әсер
етеді?
16. Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі қалай іске
асады?
17. Жүрек жұмысына қандай заттар және қалай әсер етеді?
18. Үлкен қан айналу шеңбері деген не? Оның маңызы
қандай?
19. Кіші қан айналу шеңбері деген не ? Оның рөлі неде?
20. Қанның тамырмен қозғалысын қандай физиологиялық
заңдылықтар анықтайды?
21. Қан қысымы деген не? Оның деңгейіне не әсер етеді?
22. Қан қысымын қалай анықтайды?
23. Артериялық пульс деген не? Оны қандай әдістермен
зерттейді?
24. Микроциркуляция жүйесіне не жатады?
25. Вена жүйесінің қан айналу ерекшелігі неде?
26. Қан
айналысының
көлемдік
және
сызықтық
жылдамдығы, қан айналымының толық мерзімі деген
не?
27. Қан тамырлары қалай жүйкеленеді?
28. Тамыр тонусына әсер ететін гуморальдық заттар
қандай?