5
1. Жүрекше систоласы – 0,1 сек.
2. Қарынша систоласы – 0,3 сек.
3. Жалпы диастола немесе жалпы кідіріс – 0,4 сек.
Диастола кезінде жақтаулы қақпақшалар ашық, ал
жарты ай тәрізді қақпақшалар жабық болады. Қан веналардан
жүрекшеге ағып келеді, ал одан
қарыншаға және диастола
соңында қарынша қанға толады. Жүрекше систоласы қуысты
және
өкпе
веналарының
сақиналы
бұлшық
етінің
жиырылуынан басталады және бұл қанның жүрекшеден
веналарға кері ағуына кедергі жасайды. Қан жүрекшелерге
100% дейін айдалады. Мұнан кейін қарынша систоласы
басталады және 2 кезеңнен тұрады:
1. Ширығу кезеңі 2. Қан айдау кезеңі
Жақтаулы ( жүрекше-қарынша)
қақпақшалар жабылып,
қарыншада қысым жүрекшедегіден жоғары көтеріліп,
қақпақшалар толық жабылады ( ширығу кезеңі). Қарыншадағы
қысым артериядағы қысымнан жоғарылағанда,
жарты ай
қақпақшалар ашылып, қан қарыншадан қолқа мен өкпе
сабауына құйылады ( қан айдау кезеңі). Осыдан кейін қарынша
диастоласы басталып, оларда қысым төмендейді. Қысым қолқа
мен өкпе сабауындағыдан төмен болғанда,
жарты ай тәрізді
қақпақшалар жабылады. Осы кезде жақтаулы қақпақшалар
жүрекшедегі қан қысымынан ашылып, цикл қайталанады.
Жүрек дыбысы
Жүрек жиырылып босаңсығанда дыбыс ( тон) естіледі.
Жүрек дыбыстарын фонендоскоп не стетоскоп арқылы
тыңдайды.
Жүректің екі негізгі тоны бар:
6
І тон – систолалық ( төмен, қатқыл, созыңқы).
ІІ тон – диастолалық ( жоғары, ашық, қысқа).
Систолалық тон қарынша
систоласы басталған кезде,
жақтаулы қақпақшалардың жабылуынан, қарынша етінің
ширығып
қатаюынан,емізікше еттердің сіңір жіпшелерінің
тартылуынан пайда болады.
Диастолалық тон диастола басталған кезде қолқа мен
өкпе сабауының жарты ай
тәрізді қақпақшаларының
жабылуынан пайда болады.
Жүрек дыбысы қақпақшалардың проекциясы тұсында
тыңдалады:
Митралды ( екі жақтаулы) қақпақша – жүрек
ұшы тұсында ( сол жақ бесінші қабырға
аралықта, ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке
қарай );
Үш жақтаулы қақпақша –
төстің денесі мен
семсер тәрізді өсіндісінің қосылған жерінде;
Қолқа қақпақшасы – екінші қабырға аралықта
төстің оң жақ жиегіне таяу жерде;
Өкпе сабауының қақпақшасы – екінші қабырға
аралықта төстің сол жақ жиегіне таяу жерде.
Белгілі бір ауру салдарынан жүрек қақпақшалары толық
жабылмай қалса, систола кезінде қанның кері ағуынан немесе
жүрекше-қарынша
тесігі тарылса, онан өтетін қанның көлемі
азаяды да , қан қысымы күшейіп,
систолалық шуыл пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: