Несеп жїйесі



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата27.03.2023
өлшемі467,31 Kb.
#76480
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қан ағысының жылдамдығы
Қан ағысының жылдамдығы 3 түрлі өлшеммен 
сипатталады:
1. Қан ағысының көлемдік жылдамдығы  – тамырдың бас 
жағы мен аяқ жағындағы қысымдарының айырмасына 
және тамырлардың шеткей кедергісіне байланысты.
2. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қан 
тамшысының бір секунд арасында өткен жолын(мм/сек) 
айтады – орташа көрсеткіш болып есептеледі.
3. Қан айналымының толық мерзімі деп бір тамшы 
қанның үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінен бір 
айналып шығатын уақытын айтады(17-25 сек). 
Қан ағысына көрсететін кедергі
Қан тамырының қан ағысына көрсететін кедергісі 
біріншіден, тамырдың серпімді қасиетіне байланысты; 
екіншіден, қан тамыры түтігінің көлеміне байланысты – қан 
тамыры тарылса, қан қысымы көтеріледі, ал тамыр кеңейсе, 
қысым төмендейді; үшіншіден, қан қысымына қанның 
тұтқырлығы да әсер етеді – қан қою, тұтқыр болса, оның 
ағысына жасайтын кедергісі жоғары, ал қан қысымы да 
жоғары болады. 
Қанның вена арқылы жылжуы 
Қан вена арқылы қозғалуы үшін капиллярлардан
венулаларға, онан соң веналарға үнемі құйылып тұруы қажет. 
Бұл жүректің соғуына байланысты(кардиалық фактор). 
Кардиалық фактормен қатар қанның вена арқылы жүрекке 
жылжуына бірнеше экстракардиалық себептер бар:
1. Кеуде қуысының теріс қысымының қанды өзіне қарай 
соруы. 
2. Қаңқа бұлшық еттері жиырылғанда қанға толған жұқа 
веналарды сығымдап, қанды жүрекке қарай айдайды.
3. Вена ішіндегі қақпақшалар қанның бір бағытта ағуына 
көмектеседі. 
 


16 
Артериялық пульс
 
Жүректің 
ырғақты 
соғуына 
байланысты 
қан 
қысымының жоғарылап-төмендеуінен артерия тамырларының 
лүпілдеуін артериялық пульс дейді. Тамыр соғуының жиілігі 
– 65-80 рет 1 минутта – жүрек лүпіліне сәйкес келеді.
Пульсті 
тексергенде 
оның 
ырғағын, 
серпінін, 
шапшаңдығын, қатаңдығын, толық қандылығын анықтайды. 
Пульсті сфигмографпен жазып алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет