Несеп жїйесі


Жүрек қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата27.03.2023
өлшемі467,31 Kb.
#76480
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Æ ðåê – àí òàìûð æ éåñ³í³ ôèçèîëîãèÿñû

 
Жүрек қызметінің реттелуі 
Жүрек қызметі үш түрлі механизм арқылы реттеледі.
1. Интрацеллюлярлық реттелу – жасуша ішінде 
өтетін үрдістер мен жасушааралық қарым-қатынастар әсер 
етеді.
2. Интракардиалық реттелу – жүрек еті арасында
интрамуральдық нейрондар бар, олар өзара байланысып жүрек 
етінің қоздырғыш, өткізгіш қызметін атқарады.
3. Жүйке жүйесінің әсері. Орталық жүйке жүйесі
жүрекке вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. 
Симпатикалық жүйке жүйесі жүректің соғуын жиілетеді, 
тонусын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің әсері, 
кезбе жүйкесінің әсеріндей, жүрек соғуын сиретеді, қозу 
қабілетін төмендетеді.
Жүректің рефлекстік реттелуі – мидың көптеген 
бөлімдерінің бірлескен қызметі.
4. Гуморальдық реттелу – гормондар, иондар, 
медиаторлар және т. б. химиялық заттар қаннан жүрек 
миоциттеріне өтіп, жүрекке тікелей әсер етеді. Мысалы, 
ацетилхолин 
мен 
норадреналин-жүйке 
жүйесінің 
медиаторлары-жүрек 
жұмысын 
реттейді. 
Ацетилхолин, 
гистамин,хлорлы калий, кезбе жүйкесі тәрізді, жүрек етінің 


12 
қозғыштығын, өткізгіштігін және жиырылу күшін төмендетеді. 
Медиатор 
норадреналин 
мен 
адреналин, 
тироксин 
гормондары, кальций иондары, симпатикалық жүйке жүйесі 
тәрізді, жүрек қызметін күшейтеді. 
 
Қан тамырлар
Қан тамырларының тұйық жүйесінде жүректің 
жиырылуы нәтижесінде қан үздіксіз айналып тұрады.
Қан айналу шеңберлері
Үлкен қан айналу шеңбері жүректің сол қарыншасынан 
– қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі 
капиллярларға жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, 
ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан 
вена қанына айналады. 
Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан 
әрі веналарға, жоғарғы және төменгі қуыс веналарға жетеді де, 
жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Осымен үлкен қан айналу 
шеңбері аяқталады.
Кіші қан айналу шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе 
сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан көмір қышқыл 
газға бай веналық қан. Ол өкпеге қарай артериялар арқылы 
ағып өкпе капиллярларына жетеді де, қандағы көмір қышқыл 
газы өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де вена қаны 
артериялық қанға айналады. Артериялық қан екі өкпеден төрт 
өкпе веналары арқылы ағып шығып, сол жүрекшеге құйылады. 
Сөйтіп, кіші қан айналу шеңбері аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет