9. Инвестицияларды қаржылық қамсыздандыру мүмкіншіктері. Бұл салада мемлекеттің рөлі өте зор. Инвесторларға қаржылық қолдау көрсету әдістері өте көп. Мысалы, кейбір жағдайларда несиелерді кепілдендіруші ролін атқаруы мүмкін.Ал, кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жайлы ұсыныс жасауы мүмкін. Мемлекет акционрелік капиталды инвестициялау кестесі ортақ қаржыландыру жобасы арқылы іске асыру мүмкін.
10. Қаржылық жеңілдіктер.Бұл салада мемлекет белгілі бір жағдайларға тәуелді, әсіресе дамытқысы келген салаларды инвестициялау кезінде инвесторларға салық салу мөлшерлемелеріне жеңілдік жасау мүмкін.
11. Инвестицияларды сақтандыру.Сақтандыру саяси факторлардың тәуекеліне байланысты жүргізіледі және ол коммерциялық іс-әркетке байланысты тәуекелді сақтандырумен айналыспайды.
12. Инвестицияларға қаржылық қолдау көрсету.Соңғы он бес жыл ішінде банктер мен басқа да қаржылық ұйымдар инвесторларға қаржылық ресурстар бөлуде көптеген жобалар, механизмдер және әдістер ойлап тапты.
13. Елдегі адами ресурстардың сапасы.Сапасы жағынан бұл ресурстар ұлттіқ актив немесе пассив ретінде қарастырылуы мүмкін. Кейбір жоғары технологияларды инвестициялау бойынша инвестор өзінің шешімін бұл елдегі жұмысшылардың білім сапасына, біліктілігіне байланысты шығарады.
14. Ұлттық валюта тұрақтылығы.Бұл фактор компанияның пайдасын анықтайды. Егер компания өзінің пайдасын сол елдің валютасымен алса бұл валютаның тұрақтылығы өте маңызды орын алады. Өйткені ол өзінің құнын жоғалтса инвестордың пайдасы кемиді немесе тіпті нөлге тең болуы мүмкін.
15. Елдегі өмір сүру жағдайлары.Көп жағдайда инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инвесторларға (кейде отбасымен бірге) сол елде белгілі бір уақыт аралығында өмір сүруге тура келеді. Бұл жағдайда егер өмір сүру деңгейі төмен болса, онда инвестор бұлжобадан бас тартуы мүмкін.
16. Елдің халықаралық имиджі.Әртүрлі елдердің халықаралық деңгейіндегі имиджі әртүрлі болады (елдегі қылмыс жасаудың деңгейі, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және т.б.), Инвестор өз шешімін осыған байланысты қабылдайды.