3. Елдің салық жүйесі. Бұл сұрақ инвестициялық жобалардың көбінесе маңызды орын алады. Инвестор үшін салықтардың корпоративтік, табыстық, мүліктік түрлері және ҚҚС өте маңызды. Инвестор жеке табыс бойынша салық мөлшерлемелерін зерттейді. Себебі, еңбек ақының жоғары үлесіне үйренген инвесторлар еңбек ақыны пайда көлеміне үлкен әсер ететін фактор ретінде бағалайды. Егер салық мөлшерлемелері жоғары болса, онда жұмысшылар жоғары еңбекақы мен еңбекақы мөлшерін талап етеді. Ал, бұл компанияның пайда табу көлеміне теріс әсер етеді.
4. Мемлекеттік аппараттың бюрократизмі. Бұл мемлекеттегі бюрократизм деңгейі шетел инвесторларының иневстициялар салуына теріс әсер етеді. Ол келесідей екі аспекьілерге байланысты:
- Шектен тыс әкімшілік ету. Бұл қағаздық жұмыстардың көп көлемі арқылы, көптеген іс қағаздарды толтыру арқылы, мемлекеттік органдар мен министрліктердің шешім қабылдаудағы шектен тыс қатысуы арқылы сипатталады;
- шешім қабылдаудағы жылдамдық. Барлық қағаздық жұмыстар жеіңлдетісле де, шенеуніктің шешім қабылдау үдерісін созуға байланысты мәселелер тууы мүмкін.
5. Ішкі және тікелей шығын деңгейлері.Инвесторларды еңбек күшінің бағасы, энергияға кететін шығындар, транспорттық қызмет көрсетулер, байланыс, сонымен қатар ақша құны немесе банктік пайыз мөлшерлемелері қызықтырады.
6. Саяси тұрақтылық.Елдің саяси бағалануы бұқаралық ақпарат құралдарынан және телевизиядан құралады. Сондықтан да, саясаткерлер сөз сөйлегенде оларды тек ғана өз аймағында немесе елінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем де есту мүмкіндігін естен шығармаулары керек.
7. Дамыған инфрақұрылым. Мемлекет инфрақұрылымды дамытудың арзан жолын іздеу мақсатында кез-келген инвестицияларды қолдана береді. Мысалы, телекоммуникация саласындағы шетел инвесторларымен жасалатын келісім-шарттарда міндетті түрде «офсеттік» немесе компенсацияланатын механизмдер жағдайы көрсетіледі.
8. Мемлекеттің даму жоспары мен экономикалық бағдарлмалары.Шетел инвесторлары тек елдің ағымдағы жағдайы ғана емес, сонымен қатар, жалпы экономикалық саяст, елдің экономикалық дамуының болжамдары қызықтырады.