Несие Кредит Сredit



бет2/11
Дата15.11.2022
өлшемі29,34 Kb.
#50385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 кл глоссари

Инвестиция
Инвестиция
Investment

(латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестор
Инвестор 
Investor 

бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.

Инвестициялық климат Инвестиционный климат
Investment Climate

инвесторларды қызықтыратын немесе керісінше қызықтырмайтын елдегі қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және географиялық факторлардың жиынтығы.

Несие рейтингі
Кредитный рейтинг
Сredit rating

қарызгердің (жеке тұлға, аймақ немесе ел) несие алуға қабілеттілігі мен төлем төлеуге қабілеттілігін кешенді түрде бағалау шамасы. Несиелік рейтинг қарызгердің бұрынғы және қазіргі қаржылық тарихы, сонымен қатар оның мүліктерінің бағасы мен міндеметтелерінің (қарызы) құны негізінде есептелінеді. Бұл ұғымның негізгі мақсаты — потенциалды несие беруші / салымшыға қарызгердің уақтылы өзіне жүктелген қаржылық міндеттемелерін орындай алу ықтималдығын бағалау



Өтпелі экономика
Переходная экономика
Тransition Economy

экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Өтпелі кезең экономикасының біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән индикаттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар.Өтпелі кезең экономикасының толғағы жеткен кезеңде ескі индикаттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа индикаттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэкономикалық және микроэкономиялық заңдылықтар мен үрдістер, әлеуметтік және саяси өзгерістер қалыптасып, экономикалық саясаттың жаңа міндеттері туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет