Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет16/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   157
карбоксигемоглобин  (НЬСО) түзеді.  Бұл  газдың қауіптілігі  оның ге- 
моглобинмен өте жеңіл өрекеттесуінде.  Егер бөлмедегі ауада иіс га- 
зының 0,04 пайызы болса, онда организм ауыр уланады,  ал бұл газ- 
ды ң концентрациясы 0,1  пайызға жетсе  -  оттегімен гемоглобиннің 
өрекеттесуі қиындап, тотығу процесі бұзылады да, организм тұншы- 
ғып өледі.  Карбоксигемоглобин оксигемоглобинмең салыстырғанда 
3600 есе баяу ажырайды (диссоциацияланады).
Күшті тотықтырғыш затгар әсерімен гемоглобин құрамындағы темір 
үш  валентті  күйге  көшіп,  ол  отгегі  атомымен  өте  берік  қосылыс  - 
метгемоглобин түзеді (НЬО).  Метгемоглобин ішке қан қүйылғанда да 
пақда болады. Бұл қосылыс құрамындағы оттегіні организм пайдала- 
на алмайды, сондықтан метгемоглобин көп мөлшерде түзілсе, оттегі 
жетіспегендіктен зат алмасу процесі бұзылып, организм уланады.
42- 
сурақ.  Миоглобин деген не,  оның гемоглобиннен қандай айырма- 
шылықтары бар?
Қ анқа жөне жүрек етгерінде гемоглобиннің ерекше түрі - миогло­
бин кездеседі. Миоглобин гемоглобиннен өзінің химиялық қүрылысы- 
мен, физикалық-химиялық қасиеттерімен жөне биологиялық маңызы- 
мен ерекшеленеді. Миоглобин де гем мен глобиннен құралады, бірақ 
оны ң глобині амин қышқылдарының  153 қалдықтарынан түзілген 
жалғыз полипептидтік тізбектен тұрады. Сонымен қатар миоглобин 
қүрамында бір ғана гем болады.
М иоглобин  көмір  қы ш қы л  газымен  қосылыс  түзбейді,  бірақ 
отгегімен оңай қосылып, жеңіл ажырайды. Ортаның өрекетшіл реак- 
циясы  (pH деңгейі)  оксимиоглобиннің ажырау  (диссоциациялану) 
жылдамдығына онша көп өсер ете қоймайды.  Отгегінің үлес қысы- 
мы сынап бағанасымен 40 мм-ге жеткеннің өзінде миоглобиннің 95 
пайызы оттегімен қаны ғы п үлгереді  (гемоглобинде бұл көрсеткіш 
75 пайыз). Ал оттегінің үлес қысымы сынап бағынасымен 5  мм-ге 
дейін төмендегеннің өзінде (торшадағы жағдай) миоглобинмен бай- 
ланысқан оттегінің тек 40 пайызы ғана пайдаланылады. Демек, миог­
лобин бүлш ық еттерде жүретін процестерде ерекше орын альш, ет- 
терде оттегі қорын жинауда, жиырылған еттерді оттегімен қамтама- 
сыз етуде маңызды рөл атқарады.
43- 
сурақ.  Қандагы  гемоглобин  молшерін  қалай  анықтайды  жэне 
гемоглобиннің қандай турлері болады?
Қандағы гемоглобин мөлшері калориметрия өдісімен Сали құра- 
лы немесе басқа арнаулы аспап арқылы анықталады.  Қалыпты жағ-
30
дайда қанда  10-15  г/л  гемоглобин болады.  О ның мөлш ері ж асқа, 
ж ы ны сқа,  организмнің физиологиялы қ күйіне,  түлік түріне бай- 
ланысты өзгеріп отырады.
Қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшері эритроциттердің гемог- 
лобинмен қаньпу дөрежесіне де байланысты. Жеке эритроциттердің 
гемоглобинмен  қанығу дөрежесін  реңдік көрсеткішпен  (I  индексі) 
бейнелейді. Оны мына формуламен есептеп шығарады:
қандағы  Нв  мөлшері  (%) 
эритроциттің қалыпты саны
1
 = --------------------------------- : ----------------------------
Н в-нің қалыпты мөлшері (%) 
қандағы эритроциттің саны
Қалыпты жағдайда қанның рендік көрсеткіші  1-ге тең.  Егер ол  1- 
ден кем болса, онда эритроцит құрамындағы гемоглобиннің азайға- 
ны (гипохромия), ал көбейсе - артқаны (гиперхромия).
Қазіргі кездегі деректерге қарағанда қанда гемоглобиннің бірнеше 
түрі болады. Олар кристалдарының пішінімен, спектрлік сипатымен, 
ерігіштігімен, отгегімен өрекеттесу шапшандығымен ерекшеленеді. 
Мысалы,  үрық гемоглобині - Нв-F  (foetus - үрық деген сөз) ересектер 
қаньшьщ гемоглобинімен - Нв-А (adultus - сақа, ересек) салыстырғанда 
оттегімен 15 пайызға шапшаңырақ қосылады. Ересектер гемоглобинінің 
өзі  бірнеше түрге  бөлінеді  (А^,, А,,  А^ т.б.).  Ересек организм  қаньшда 
0,1-0,2  пайыз  Нв-Ғ,  2-2,5  пайыз  Нв  -  А„,  А,,    болады.  Сақа  мал 
қанында  гемоглобиннің  17  түрі  болатын  көрінеді.  Олар  бір-бірінен 
глобиннің  а  жөне  р  тізбектеріндегі  ақырғы  амин  қышқылдарының 
байланысгарымен ерекшеленеді. Нв-Ғ қүрамында Нв-А-мен салысгыр- 
ғанда треонин, серин, гистидин амин қьппқыддары көбірек болады.
Қалыпты жағдайда организмде гемоглобин үздіксіз түзіліп жөне 
жойылып отырады.  Төулігіне шамамен қандағы гемоглобиннің  1% 
жойылады.  Бүл процесс бауыр мен көкбауырда жүреді. Ж аңа гемо­
глобин сүйек кемігіндегі эритробласт торшаларында түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет