Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет36/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157
83-сурақ.  Үлпалық тосқауыл (барьер) деген не, оның маңызы қандай?
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар жер бетінің құбыл- 
малы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Оның себебі жоға- 
ры сатыда дамыған организм өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын 
сақтай алады.
Ішкі орта тұрақтылығын молекулалық, торшалық, үлпалық, ағза- 
лы қ, нервтік жөне нервті - гуморальды механизмдер қалыптастыра- 
ды.  О рганизмнің  іш кі  ортасын  сыртқы  өсерлерден  тері,  тыныс 
мүшелері, ас қорыту жолы т.с.с. сыртқы тосқауылдар қорғап тұрады. 
Сонымен қатар, организмде торшалар мен үлпаларды қаннан бөліп 
түратын інпсі тосқауылдар да болады, мысалы, ми тосқауылы, бауыр 
тосқауылы, көз тосқауылы, ен тосқауылы, көк бауыр тосқауылы т.с.с.
Л.С .Ш терн  зерттеулері  жоғары  сатыдағы  жануарлардың  өрбір 
мүшесінің өзіне ғана төн ішкі ортасының болатынын көрсепі. Мұндай 
органы өрбір мүшенің өзіне төн механизмдері қалыптастырады. Бұл 
механизмдер, біріншіден, қанға кездейсоқ түскен зиянды заттардың 
үлпааралық сүйыққа өтуіне кедергі жасаса, екіншдден, қаннан мүшенің 
ішкі  ортасына  қажетгі  затгардың  белгілі  мөлшерде  жөне  ағзаның 
функционалдық жағдайына сөйкес арақатынаста өтуін ретгеп отыра­
ды. Осы механизмдерді Л.С.Ш терн “үлпальіқ тосқауыл” деп атаған. 
Аталған термин  қан  мен  ұлпааралық  кедергі деген  мағьша береді. 
Үлпалық тосқауылдың қызметі бұзылса өр түрлі зиянды (патоген- 
ді) факторлар ағзаларға өтіп, олар ауруға шалдығады. Демек, ұлпа- 
л ы қ  тосқауы лды ң өтімділігі мен түрақты лы ғы  кез келген құры - 
лы м н ы ң   патогендік  өсерге  төзім сіздігінің  нем есе  қарсы   тұру 
қабілетінің негізінде жатады.
68
Ү лпалық  тосқауылдың  морфологиялық  негізі  -  капиллярлар 
эндотелийі  болып  табылады.  Эндотелийге  сұрыптау  (селективтік) 
қасиет төн, сондықтан капилляр қабыргасының қасиеттері жағынан 
ұқсас заггардың өзіне өтімділігі өр түрлі болады. Үлпалық тосқауыл- 
дың өтімділііін реттеуде  кальций  иондары  маңызды рөл  атқарады. 
Капиллярлар эндотелийінің торшалары бір-бірімен торшааралық ерек- 
ше аморфты зат — “эндотелий цементі” арқылы бірігеді. Бұл цемент 
тамыр  эндотелийінің  өзінде  түзіледі  жөне  оны ң  құрамы ндағы  
к а л ь ц и й л і  т ұ з  тұ р а қ ты л ы ғы м е н   ж өн е  н аш ар   ер ігіш тігім ен  
ерекшеленеді. Кальций иондары осы “эндотелий цементінің” физи- 
калық  жагдайы  мен  беріктігіне  эсер  етіп,  тамыр  қабыргасының 
өткізгіштігін реттеп отьфады.
84-сурақ.  Лимфа  жуйесі қалай  қүрылган  жэне лимфа  айналымы 
қалай жүреді?
Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге 
тармақталады да, үлпалардан қанға судың, онда еріген кристаллоид- 
тардың, коллоидты ерітінділердің оралуьш қамтамасыз етеді. Бүл жүйе 
лимфа капиллярлары торынан, ағзалық майда тамырлар шумағынан, 
арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, 
жеке  мүшелерден лимфаны  негізгі лимфа  бағандарына  қүяты н  ірі 
лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен жөне дененің басты лим­
фа өзектерінен құрылған.
Лимфа капиллярлары қүрылысы жағынан  қан капиллярларына 
ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген ж ұқа қабырға- 
лары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капилляр­
лары  анастомоздар  арқылы жалғасатын  каналдар  торабын  құры п, 
біргіндеп лимфа тамырларына айналады. Бүл тамырлардың арасында 
веналардағы төрізді қақпақшалар орналасады. Лимфа тамырларының 
өте ж үқа қабырғасы дөнекер үлпалар  мен бірыңғай салалы ет тал- 
шықтарынан құралған.  Олардың ішкі қабығы бір қабат эндотелий 
торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқ- 
ты сезімтал жөне қозғағыш нерв талшықтарымен жүйкеленеді.
Лимфа оны капиллярлардан ұлпааралық кеңістікке қуған қысым 
мен етгердің жиырылуының өсерінен ағады. Майда лимфа тамырла- 
рында қысым су бағанасымен 8-10 мм деңгейінде болады.  Көкірек 
өзегінің венамен қосылған жеріндегі қы сы м  сынап  бағанасымен
4-0 мм шамасында, демек ірі веналардагы қысыммен бірдей. Тыныш- 
тық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа 
тоқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тыньшггық кезінде лимфа ақпай- 
ды. Лимфа агысын бұлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс 
алу қимылдары да лимфаның көкірек куысына қарай жылжьш ағуын 
қамтамасыз етеді.
69


Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы лим­
фа тамырларында  ол  минутына  260-300  мм жылдамдықпен ағады. 
Вена тамырларында бұл аралықты қан  бір секунд ішінде өтеді.
Үлпааралық куыстардан ш ы ққан сұйық лимфа тамырларына жи- 
налып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек жөне мойын 
өзекгері арқылы қуыс веналарға қүйылып, оң жүрекшеде вена қаны- 
мен араласады.
Лимфа тамырлары денеде дренаждық жүйе құрып,  мүшелерден 
торшааралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа ка- 
пиллярларыньщ өткізгііптігі жоғары болғандықтан лимфа жүйесіне 
өр түрлі бөгде заттар өтіп отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) 
қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндоте­
лий торшаларының қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде 
лимфоциттер де түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет