Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет45/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157
Айналымдық гипоксия жеке ағзалар мен ұлпалардағы қан айналы- 
мы бұзылған жағдайда байқалады.  Гипоксияның бұл түрі жүрек пен 
тамыр  ауруларының  салдарынан  капиллярлардағы  қан  айналымы 
бүзылғанда қалыптасады.
Анемиялық  гипоксия  эритроциттер  саны   азайғанда,  қандағы 
гемоглобиннің мөлшері төмендегенде байқалады.
Гистотоксикальіқ гипоксия үлпалар мен торшалардың оттегіні сіңіру 
қабілеті төмендегенде, мысалы, цианидтермен уланганда туындайды.
103- 
сурақ.  Қустардың  ауадагы  оттегіні  тиімді  пайдалануының 
сыры неде?
Қүстардың тыныс мүшелеріне көптеген қүрылымдық жөне функ- 
ционалдық ерекшелікгер төн. Олардың тыныс жүйесі мүрын қуысы- 
нан, жоғарғы жөне төменгі көмекейлерден, кеңірдектен, бронхылар- 
дан,  өкпе  мен  ауа  қапш ықтарынан  түрады.  Тыныс  жолдарының 
күрделілігімен байланысты олардың тыныс жүйесінің жалпы сиым- 
дылығы салмағы жағьшан өздерімен шамалас сүт көрекгілер жүйесінің 
салмағынан 3 еседей көп. Құс өкпесінде альвеола болмайды, газ ал- 
масу  процесі  ауа  капиллярлары  мен  қан  капиллярлары  арасында 
жүреді.  Өкпе  эктобронхылар  кілегей  қабығының өсінділері  болып
84
табылатын ауа қапшықта- 
рымен жалғасады. Қүстар- 
да  9  ауа қапшығы  болады 
(4  жұп,  бір  тақ  қапш ы қ- 
тар).  Олар  алдыңғы  жөне 
артқы  қапш ықтар  болып 
жікгеледі. Қүстарда көк ет 
(диафрагма) жене плевра- 
аралы қ  қуыс  болмайды, 
өкпе қабырғаларға жабыса
орналасады. 
18-сурет.
Құстар дем алғанда ауа 
өкпе  арқылы  артқы  қап- 
шықтарға өтеді, алдыңғы қапшықтарға бармайды. Дем шығарылған 
кезде  артқы  қапшықтардағы  ауа  өкпеге  ығысады.  Келесі  дем  алу 
кезінде өкпедегі ауа алдыщы қапшықтарға өтіп, одан кейінгі дем шыға- 
ру кезеңінде алдыңғы қапшықтардан сыртқа шығады. Демек, ауа тыныс 
аппаратынан өтіп шығу үшін екі тыныс айналымы қажет.  Осыдан ауа 
өкпе арқылы дем алу кезінде де, дем шыгару кезінде де өтіп отырады.
Қүстардың өкпесінде газ алмасу процесі сүт қоректілермен салы- 
стырғанда қарқындырақ жүреді. Оған өкпеде қан мен ауа ағынының 
бір-біріне қарама-қарсы багытта жүруі мүмкіндік туғызады (18-су­
рет). Осының нөтижесінде капиллярлардьщ жанасу беткейінің ұзына 
бойында газдардың үлес қьісымъшьщ айырмасы сақталып, оттегі қанға
ал көмір қьішқыл газ - өкпеге толассыз өтіп отырады.
5-ТАРАУ
АС  ҚОРЫ ТУ Ж ҮЙЕСІ
104-сүрақ.  Ac  қорыту  дегеніміз не,  ас  қорыту мушелеріне  қандай 
қызметтер тән?
Ac  қорыту деп  сыртқы  ортадан  организм  қабылдаған  қоректік 
заттардың  күрделі  қосылыстарын денеге жеңіл  сіңетін  қарапайым 
қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процес- 
тер жиынтығын айтады.
Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, 
тік ішекпен бітеді де, үзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып 
отырады.  Ішкі жағынан ас  қорыту жолы  кілегей  қабы қпен  қапта- 
лып,  онда ас  қорыту бездерінің өзекгері  ашылады.  Эр  без  құрамы 
белгілі бір шекте өзгеріп отыратын, өзіндік қасиеттері бар сөл бөледі. 
Бұл сөдцердің қүрамында ас қорыту процесін шапшандататын ерек- 
ше биологиялық катализаторлар - ферменттер болады.
85


Ac  қорыту жүйесі  шартты түрде  алдыңғы,  ортаңғы жөне  соңғы 
бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның қосалқы 
мүшелері,  ж ұтқынш ақ,  өңеш;  ортаңғы  бөлімге  -  қарын  мен  ащы 
ішек,  ал  соңғы  бөлікке  -  тоқ  іш ек  жатады.  Ac  қорыту  жүйесіне 
сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.
Ac  қорыту жүйесі  мүшелері  бірнеше  күрделі  қызмет  атқарады. 
Олар секрециялау (cm  бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру,  бт у (экск- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет