Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет7/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157
16- 
сурақ.  “Торша  - аиіық биологш иы қ ж үйе” деген т ерминді қалай 
тусінуге болады?
Торш а қарапайы м  тірі жүйе болып табылады.  Tipi м атерияға төн 
барлық қасиеттер - зат пен энергия алмасу, осу, даму, көбею, тітіркену 
осы торш а деңгейінде байқалады. Торш а тек қан а қорш аған ортамен 
зат ж әне энергиямен алм асқан жағдайда ғана өз тіршілігін сақтайды, 
сонды қтан оны аш ы қ жүйе деп санайды.
1 7-  сурақ.  Торшалар бір-бірімен қалай байланысады?
К оп  торш алы   организм  қалы пты   тірш ілік  ету  үш ін  о н ы ң   жеке 
торшалары арасында байланыс, әрекетінде үйлесім болу керек. Жануар­
лар торшасы бір-бірімен ж анасқы  саңдау арқы лы  байланысады. Ж а- 
насу сандауларының болуымен байланысты іргелес торшалар арасын­
да 2-3  нм ш амасы нда кеңістік қалы птасады .  Ол кеңістікті диаметрі 
2 нм ш амасында майда түтікш елер  -  коннексондар бойлай отеді.  Бүл 
қүры лы м ды   коннект ин деп  аталатын  интегралды  (тұтасқан)  белок
13


түзеді.  Бір  торш аның  плазмалық  мембранасының  коннексонына 
іргелес торшаньщ коннексоны жанаса қарама-қарсы орналасады да, 
екі торшаның түтікшілері тұтасып кетеді. Коннексондар торшаара- 
л ы қ   арналар  құрады  да,  олар  арқылы  өр  түрлі  иондар  мен  майда 
молекулалы заттар бір торшадан екінші торшаға өтіп отырады. Кон­
нексондар тарылып-кеңейе алады, сондықтан олар торшалар арасын- 
дағы молекулалардың тасымалдануын ретгеуге қатысады.
18- 
сүрақ.  Әр  түрлі т ірі  организмдер  торшалары  арасында  айыр- 
маиіылық бола м а?
Құрылым принципі мен химиялық қүрамындағы ұқсастыққа қара- 
мастан, тірі табиғат өлемінде кездесетін  өр түрлі организмдер тор­
шалары бір-бірінен едөуір ерекшеленеді.  Оларда тек қүрылымдық 
қана емес, түрлі физиологиялық жөне биохимиялық ерекшеліктер 
пайда болады.
Көптеген протистер, сондай-ақ саңырауқүлақтар мен өсімдіктер 
торшалары плазмалық мембранамен қатар берік торша қабығымен 
қапталады. Өсімдіктерде бүл қабық целлюлозадан, ал саңырауқүлақ- 
тар мен протистерде - хитиннен құралады. Өсімдік торшаларында ірі 
орталық вакуоль жөне фотосинтез процесін қамтамасыз ететін пиг- 
менттер-хлорофилдер  жинақталған  көптеген  пластидтер  болады. 
Өсімдіктер торшаларында центриол болмайды жөне куат қоры крах­
мал түрінде жинақталады.
Саңырауқұлақтар торшасыңда ірі вакуоль болады, бірақ пластидтер 
мен фотосинтез процесін қамтамасыз ететін пигментгер болмайды. Олар- 
дьщ торша қабығы мен плазмалық мембранасы арасында қызметі өлі 
толық зертгелмеген ерекше көпіршіктер - ломасомалар орналасады. Са- 
ңырауқұлақтар денесінде қор көзі ретінде гликоген жинақталады.
Жануарлар мен кейбір протист (инфузориялар, амебалар) торша­
ларында торша қабығы, орталық вакуоль жөне пластидтер болмай­
ды. Торша орталығында центриолдар болады, ал қор ретінде глико­
ген жинақталады.
19-  сүрақ.  Биологиялық мембрана деген не, оның маңызы қандай?
Биологиялық мембрана - торшалардың, торша түтікшілерінің, тор­
ша  ішіндегі  қүрылымдардың  (ядро,  митохондрия)  беткейлерінде 
орналасқан молекулалық деңгейдегі белокты-липидті құрылым. Оган 
талғамды өтімділік қасиеті төн болады. Осының нәтижесінде биоло- 
гиялық мембрана торша мен оның құрылымдарьщцағы тұздың, амин 
қы ш қылдарының т.б. заттардың мөлшерін, тасымалдануын, алма- 
суын реттейді.
14
20-сүрақ.  Торша мембраналарының қурылысы мен қызметі қандай?
Мембранамен тек торшаның өзі ғана емес, оны ң ядросы мен ми- 
тохондриясы да қоршалады. Эндоплазмалық тор (ретикулум), Гольд­
жи кешенін, лизосома мен вакуольдер сыртында да мембрана бола­
ды.  Цитоплазмадағы  аталған  мембраналы  құрылымдар  зат  алмасу 
процестері мен циклдерін (айналымдарын) қамтамасыз етеді. Мыса- 
лы, тыныс алу кезінде митохондриядағы тотыға фосфорлану процесі 
тікелей мембрананьщ өзінде жүреді. Торшаға сыртган келетін затгар- 
ды (гормондар, химиялық заттар т.б.) ажыратуға (тануға) мүмкіндік 
беретін рецепторлар да мембранада орналасады. Торша құрамы мен 
қоршаған орта арасындағы айырмашылықты сақтауға торшаны қор- 
шап түрған плазмалық мембрана мүмкіндік береді.
Плазмалық мембрана, немесе плазмолемма, барлық торшаларда 
кездесетін  беткейлік құрылым.  Ол  қалыңдығы  6-10  нм  шамасын- 
дағы жұқа, тьпыз қабыршақ (пленка). Бүл мембрана фосфолигоздгер 
мен белоктардан тұрады. Олардың молекулалары ковалентсіз әсерлестік 
арқылы байланысады.  М ембрананьщ ішкі қабаты екі қатар липид- 
терден  қүралады.  Бұл  липидтердің  өріссіз  (зарядсыз)  гидрофобты 
ұштары мембрананьщ терең қабатында, ал өрісті (зарядты) гидрофильді 
үиггары мембрананьщ ішкі жөне сыртқы сулы беткейлерінде орнала­
сады. Липидті қабат тұтасып жатпайды.  Кейбір жерлерде мембрана- 
ны белок молекулалары тесіп өтіп, суда еритін затгар өтіп отыратын 
гидрофильді жасушалар (поры) түзеді. Басқа молекулалар мембрана­
ньщ сыртқы не ішкі беткейінде орын тебеді (1-сурет).
Мембрана беткейінде көмірсулар болады. Олар мембрана белокта- 
рымен ковалентті байланыс (гликопротеиндер) түзеді. Көмірсулар аз 
мөлшерде липидтермен де ковалентті байланыста болады (гликоли- 
пидтер). Жалпы алғанда плазмалық мембранадағы көмірсулар мас-
1-сурет.  Торша мембранасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет