Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет10/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157
24-сурақ.  Үлпа  дегеніміз  не,  қызметімен  байланысты  олар  қалай 
жіктеледі?
Үлпа - белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, құрылысы жағы- 
нан ұқсас жөне табиғи тектес торшалар бірлестігі. Адам мен жануар- 
лар организмінде төрт түрлі ұлпалар болады. Олар эпителий (жабын- 
ды), дөнекер, етж өне жүйке (нерв) ұлпалары.
Эпителий  улпасы  дене  беткейін  бүркеп,  оны ң  ішкі  қуыстарын 
астарлайды.  Ол бір жөне көп қабатты болып бөлінеді.  Эпителий де- 
неге залалды заттар мен микроорганизмдерді өткізбейді, организмді 
қажетті заттарды жоғалтудан сақтайды,  секрециялық торшасы бар 
эпителий әр түрлі секрет бөледі. Көптеген жануарлардың эпителийлі 
жабындысы арқылы газ алмасу процесі жүреді.
Дэнекер улпа денеде түрлі  мүшелер мен сүйектер арасында бай- 
ламдар мен қатпарлар түзіп, оларды бір-бірімен біріктіреді, олардың 
торшалары торшааралық (негізгі)  заттар бөледі.  Бұл  үлпаның қан, 
лимфа сияқты түрлері денеде өр түрлі затгардың тасымалдануын қам- 
тамасыз етеді. Дөнекер үлпа борпылдақ талшықты ұлпа, тығыз тал- 
шықты ұлпа, шеміршекті ұлпа, сүйек үлпасы болып жіктеледі.
Ет улпасы - адам мен жануарлар денесіндегі еттердің негізгі қүра- 
масы. Оның торшаларына жиырылып - босаңсу қасиеті төн, сондық- 
тан бүл ұлпа дене қимылдарын қамтамасыз етеді.
Орналасу орнына, қүрылысына, атқаратын қызметіне байланыс­
ты ет үлпасы көлденең жолақ (қаңқа) еті, жүрек еті жөне бірыңғай 
салалы ет үлпасы болып бөлінеді.
Нерв  улпасы  -  жүйке  жүйесінің  негізі.  Ол  сыртқы  немесе  ішкі 
ортадан  келетін  ақпараттарды  қабылдап,  талдап,  сақтап,  қажетті
19


бөлімдерге жіберіп отырады. Жүйке жүйесі организмнің жеке мүшелері 
қызметінің арасындағы үйлесімдікті, осыған байланысты организмнің 
біртұтастығын қамтамасыз етеді.  Осы жүйенің ретгеуші қызметінің 
арқасында организм өрекеті сыртқы орта жағдайына сөйкес бейімделе 
өзгеріп, орта мен организм арасында өЗара байланыс, сөйкестік қалып- 
тасады. Жүйке ұлпасы жүйке торшаларынан жөне жүйкелік глиядан 
(нейроглиядан) түрады.
2 5 - 
сурақ.  Көп  т орш алы  организм нің  қандай  қуры лы м ды қ 
ерекіиеліктері болады?
Коп торшалы организмдер денесі құрылымы мен қызметі жағынан 
жақсы жгктелген торшалар жиынтығынан тұрады. Көп торшалы орга­
низмдер өз денелері кезегінде үлпасыз жөне нағыз үлпалы организм­
дер болып бөлінеді. Үлпасыз коп торшалы организмдер денесінде ұлпа- 
лар мен мүшелер болмайды. Оларды талломдар деп атайды.  Мүндай 
қүрылым саңырауқүлақтарга, балдырларга, кейбір мүктекгесгерге төн.
Нағыз үлпалы көп торшалы организмдер денесі өр түрлі ұлпалар- 
дан  құралған  мүшелерге жіктелген.  Оларға күрделі өсімдікгер мен 
жануарлар жатады.
Адам мен жануарлар денесіне билатеральды симметрия төн. Дененщ 
беріктігін қаңқа сүйектері, кеңістіктегі қимыл-өрекетгерін бұлшық 
ет пен сүйектен қүралған тірек-қимыл аппараты қамтамасыз етеді. 
Қоректену ерекшеліктерімен байланысты олардың ас қорыту жолы 
күрделі қүрылымдық сипатқа ие болады. Торшалар мен ұлпалар көпте- 
ген  мүшелер қүрып,  мүшелер жүйесіне бірігеді  (қан  айналым, ты- 
ныс  алу,  ас  қорыту,  бөлу,  жыныс,  нерв,  ішкі  секреция).  Олардың 
үйлесімді  өрекеттерінің  нөтижесінде  организм  функцияларының 
біртүтастығы қамтамасыз етіледі.
2 6 - 
сурақ.  М екендеу  ортасы  ж әне  экологиялы қ  факт орлар 
дегеніміз не?
Мекендеу  ортасы дегеніміз  тірі  организмдерді  қоршап  тұратын 
жөне оларға тікелей немесе жанама эсер ететін табиғаттың бөлшегі, 
нақтылы жансыз (абиотикалық) жөне жанды (биотикалық) жагдай- 
лар жиынтығы.  Біздің планетада тірі организмдер торт түрлі мекен­
деу ортасын игерген: су айдынын, жер бетін, топырақты - жер астын 
жоне басқа организмдер денесін (түрлі паразиттер мекені). Мекендеу 
ортасы деген терминді тіршілік жағдайы деген терминнен айьіра білген 
жөн.  Тіршілік жагдайы деп организмнің тіршілігін сақтау үшін қажетгі 
сыртқы орта факторларының жиынтығын айтады (жарық, сөуле, су, 
жылу, ауа, топырақ).
Қ орш аған  ортаның  нақты лы   түр  м ен  оны ң  бірлестіктерінің 
бейімделу реакцияларын тудыратьш себепкер-шарттарын (құрамала-
20
рьш) экологиялық факторлар дейді. Олар табиғаты мен сипатына қарай 
жансыз (абиотикалық, анорганикалық немесе өлі табиғат факгорла- 
ры)  жөне  жанды  (биотикалық,  басқа  тірі  организмдер  тіршілік 
өрекетінің ықпалы) болып бөлінеді.
Экологиялық  факторлар  организмге  өр  түрлі  эсер  етеді.  Бірде 
олар тітіркендіргіш ретінде қабылданып, организмнің физиология- 
лык, функцияларында бейімделу реакцияларын тудырса, бірде нақ- 
тылы  жагдайда тіршілік  ету  мүмкіндігін жойып,  шектеуші  фактор 
рөлін атқарады, енді бірде модификатор (түрлендіргіш) ретінде эсер 
етіп, организмде морфологиялық өзгерістер тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет